Мазмұны
КІРІСПЕ........... 2
І Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері .......6
1.1 Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны.......... 6
1.2 Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару органдары және олардың қызметтері мен экономикалық-әкімшілік механизмдері.........11
1.Сызба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің........... 28
темір жол комитетінің құрылымы............ 28
1.3 Теміржол көлігін басқарудың шетелдік тәжірибесі................ 30
ІІ. Қазақстан Республикасы темір жол көлігінң экономикалық жағдайын бағалау........... 45
2.1 Қазақстандағы темір жол көлігін қайта құрылымдау нәтижелері............. 45
2.2 Қазақстанның 1993-2003 жылдардағы темір жол көлігінің дамуын талдау............ 66
ІІІ. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары. .................93
3.1 Темір жол көлігінің даму перспективалары........... 93
3.2 Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалық-әкімшілік механизмдерін жетілдіру....... 112
Қорытынды................... 118
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. 121
ҚОСЫМША 1............... 123
ҚОСЫМША 2............... 124
І Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
1.3 Теміржол көлігін басқарудың шетелдік тәжірибесі.
... 2003 жылы жаңа жобалардың басты дегендерін жүзеге асыру мақсатында компанияның жеке қорынан 64.3 млрд. cум. инвестиция бөлінді. Бұл қаражат Ташгузар – Байсун - Құмқорған темір жол желісінің, Амудария өзеніндегі көпірдің құрылыстарын жалғастыруға, магистралдарды электрлендіруге, сондай ақ, компанияның өндірістік және әлеуметтік салаларын жетілдіруге жұмсалды. "Узбекстон темир йуллари" компаниясының темір жолдары шығыс пен батыс аралығын қосатын негізгі желінің маңызды бөлігін құрайды. Осы бөлік мемлекеттер арасындағы көліктік байланыстар үшін ерекше роль атқарып отыр. Мәселен,Қытай, Корея, Жапонияның Иранмен, Түркиямен және басқа да Еуропа елдерімен қатынасы осы жолдар арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Өзбекстанның транзиттік дәліздерімен оннан аса халықаралық темір жол бағыттары қатынайды. Әлем бойынша туындап отырған интеграциялық процестер дүниежүзілік көлік жүйесінің қызметіне оң әсерін тигізіп, әлемдік темір жол құрылымының дамуына ықпалы күннен күнге артып келеді. Бүгіндері Өзбекстанның темір жол саласы мемлекеттің маңызы бар көлік қызметіне айналып қана қоймай, халықаралық байланыстарды нығайтып, құрылымдық іскерліктерде белсенділік танытуда. Экономикалық аумалы төкпелі кезеңін бастан кешіп отырған ала тақиялы өзбек ағайындардың кемелді келешегі жолында "Узбекстон темир йуллари" мемлекеттік акционерлік темір жол компаниясының қосар үлесі мол екендігі де рас.
Шетелдік тәжірибеден тұжырымдарға тоқталатын болсақ, лицензиялау және қауыпсіздік мәселелерінің реттелуін күшейте отырып, тарифтік саясаттың мемлекетпен реттелуінің азайтылуына, теміржол компаниясының коммерциялық бағдарының күшейтілуіне, салаға бәсекелестік пен жекеменшік сектордың енгізілуіне байланысты теміржол көлігін реформалаудың жалпы тенденциялары бар. ...
ІІІ. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары.
3.2 Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалық-әкімшілік механизмдерін жетілдіру
... Қайта құрылымдау бағдарламасын енгізуден, бағалау бойынша бәсекуелес секторға бөліп шығарылған вагон паркіне он жыл бойы 200-300 млн. АҚШ доллары мөлшерінде жеке инвестициялар ағыны есебінен экономикалық тиімділікке қол жеткізіледі, сондай-ақ, шығындарды қысқарту және жолаушылар тасымалдарына демеушілік қаржыны азайту “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың қаржылық нәтижелерін жыл сайын 100 млн. АҚШ долларына жақсартады. Бұл жүк тасымалдарына тариф белгілеуді жақсартуға айтарлықтай әсер етеді және республикалық бюджетке темір жол көлігі қызметтерін пайдаланушылардың қаржылай қаражаттың түсуін арттырады.
Сонымен қатар, темір жол көлігінің барлық субъектілерінің қаржылық айқын болуына қол жеткізіледі.
Қайта құрылымдаудың ұсынылып отырған жолы темір жол көлігі ұйымдарының табыстарын молайтуға сонысымен Қазақстанның дамуымен гүлденуіне лайықты үлес қосуына мүмкіндік береді. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I. Заңнамалық және құқықтық актілер.
1. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1шілдедегі Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).
3. “Қазақстан Республикасының көлік туралы” Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 қыркүйектегі заңы. ...