МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе.........3-4
I-тарау. Мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың негізі.......5-10
1.2. Мәдени мінез-құлқының негізгі көрінісі - адамгершілік қатынас...11-15
1.3. Мәдени мінез-құлық ережелері..........16-18
ІІ-тарау. Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары.........19-30
2.1. Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық
педагогиканың алатын орны…..31-37
2.2. Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні.38-42
2.3."Қоғамдық орындардағы тәртіптің ережелері" тақырыбындағы сабақ........43-45
Қорытынды..........46-47
Пайдаланған әдебиеттер..............48-51
І-тарау. МӘДЕНИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
1.2 Мәдени мінез-құлықтың ережелері
Сен бұл жарық дүниеде жалгыз емессің, адамдар арасындасың. Сондықтан сенің қылықтарың біреулерді қуаттанып біреулерді ренжітіп жатуы мүмкін.
Онсыз өмір сүру түсетін, жалпыға ортақ ережелерді әр адам орындауға тиіс.
Жұмыс, ойын, ойын сауық көп ретте ұйымдасқан тұрде болады. Мұндайда жалпы тәрбие табыс әр адамға байланысты, сондықтан да жолдастары жерге қаратпау үшін ортақ ережелерді міндетті тұрде орындау керек. Өз уақытыңды және басқа үлкендер мен жолдастарыңның уақытын бағалай біл.
Кез келген істі бастай отырып уақытыңды дұрыс есептей біл, сабаққа дайындалуға, үйірмелер жұмысына, ата-аналарыңа көмектесуге, саяхатқа, жолдастарыңмен ойнауға, кітап оқуға, теледидар хабарларын көруге қанша уақыт кететінін біліп ал.
Күн тәртібін орындауға тырыс. Дер уақытында ұйықтап, орныңнан тұр.
Оқу-оқуға бір мезгілде отыратын бол, саяхатқа шығатын, ойын сауық пен спортпен айналысатын уақытты біл. ...
ІІ-тарау БАЛА МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2.2 Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні
... Мұғалім ата-ана баланы мектеппен қорқытатын теріс әдеттерден сақтандырады. Мәселен, оған былай деседі: «Немене тыныш тұрмайсың? Сыныпта да осылай тыныш тұрмасаң, сені сыныптан қуып шығады». Тіпті кейбір ата-аналар мұнан да асып түсіп жатады, сөйтіп баланың мұғалімнен қорқу, үрей сезімдерін тудырады. Соның салдарынан келіп бала сыныпта тектен-текке жылап, үйге қайтқысы келеді. Іс жүзінде ол ата-анасы үрейлендірген жазадан қорқып жылайды. Ата-ана баланың бойында мұғалімге деген сыйласымдылық сезімін егуге тиіс. Сабақ үстінде өзін қалай ұстау керек екені жайлы, түсіндіргендерін ынта қойып тыңдап алу, мұғалімнің талап еткендерінің бәрін де орындау туралы айтуы керек.
Бірінші сынып оқушыларының жанұяларында баланың мектеп өмірінде араласып кетуіне қалай көмектесу керек екендігі жайлы егжей-тегжейлі айтып беру қажет. Оқуды жақсы оқуы үшін баланы шыдамдылыққа және ілтипатты болуға тәрбиелеу керек екенін әңгімелейді. Мүнсыз оқушының сыныпта жұмыс істеуі, сабақ үстінде 30-40 минут бойына мұғалімді тыңдап, соның талаптарымен тапсырмаларын орындауы мүмкін емес.
Мұғалім ата-ананың балаға бақылау жапсауына кеңес береді:- тамақ ішкенде, сурет салып, ағаш ойып, балшықтан бейнелер жасағанда стол жанында тыныш отыра ала ма, қолға алған ісін аяғына дейін жеткізе ала ма, үйді қалай бастаған екен, оны түгел аяқтай ма жоқ әлде кубиктерді тастай беріп, машинаға бас салып, одан көзіне кітап түсе қалса, соны ақтара бастай ма т.с.с. Егер бала орнықты болмаса мұғалім оның ата-анасына нақты кеңестер ұсынады. ...
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. - Алматы, Қазақ университеті, 1989.
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. - А., 1991.
3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1985. ...