Жоспар
1 Мәшине бөлшектері мен тораптарын жобалау мәселелері........................ 3
1.1 Мәшине бөлшектерінің конструкциясына қойылатын негізгі талаптар. 3
1.2 Мәшине бөлшектерін есептеу жолдары................................................... 4
1.3 Беріктікке есептеу...................................................................................... 4
1.4 Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу................................................ 5
1.5 Айнымалы күш түскенде беріктікке есептеу............................................ 8
1.6 Қатаңдық және орнықтылық................................................................... 10
1.7 Тозуға төзімділік..................................................................................... 11
1.8 Жылуға төзімділік................................................................................... 13
1.9 Дірілге төзімділік .................................................................................... 13
1.10 Мәшинелердің сенімділігі .................................................................... 13
1.11 Мәшине бөлшектерін жасау технологиясының оңайлығы................. 15
1.12 Мәшине бөлшектері мен тораптарының жобалау жұмыстарын жүргізу негізі, орындау жолдары және оларды ұйымдастыру................................ 16
Әдебиеттер..................................................................................................... 18
1.4 Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу
... Болаттан жасалған бөлшектердің пішіні оларға күш түскенде өзгермеуі қажет, сонда ғана мәшинелер жақсы жұмыс істеуі ықтимал.
Егер морт сынатын затты, айталық , шойынды созатын болсақ, ол аздап созылғаннан кейін-ақ бірден сынып кетеді. Материалдардың (болаттың, шойынның) сынбай, үзілмей қабылдай алатын ең жоғары күшке сәйкес келетін күш кернеуін беріктік шегі деп атайды.
Морт сынатын материалдардан жасалған бөлшектерге ең алдымен шойыннан жасалған бөлшектер жатады. Олар шамадан тыс күш түскенде морт сынып кетеді. Сондықтан шойыннан жасалған бөлшектер үшін сыну қаупі беріктік шегінің шамасына байланысты болады. Ал болаттан жасалған бөлшектер сынудан бұрын көп созылады, сондықтан олардың беріктігі созылу немесе ағу шегіне байланысты болады. Сонымен, тұрақты күш түскенде морт сынатын материалдардан жасалған мәшине бөлшектерінің қимасы беріктік шегіне байланысты есептелетін болса, ал пластикалық материалдан жасалған бөлшектер ағу шегіне байланысты есептеледі. Былайша айтқанда, шойыннан жасалған мәшине бөлшектерінде мүмкіндік кернеу беріктік шегіне, ал болаттан жасалған бөлшектерде мүмкіндік кернеуі созылу немесе ағу шегіне байланысты табылады.
1.10 Мәшинелердің сенімділігі
... Күрделі бұйымның бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы оның бөлек элементтерінің бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылықтарының көбейтіндісіне тең
.................................(1.15)
(1.25) – формуладан бұйымның элементтері неғұрлым көп болса, оның сенімділігі соғұрлым аз екенін көреміз.
Бұзылу қарқыны . Бұйымды тексерудің немесе пайдаланудың әр түрлі периодында уақыт бірлігіндегі бұзылу саны әртүрлі. Уақыт бірлігіне келетін бүзылу санын бұзылу қарқыны деп атайды.
Алдыңғы мысалда тексеру кезінде 0 – ден 5000 сағ интервалында қатардан 100 бұйым шығып қалды. Бұл орташа 1 сағ ішінде бұйымның 0,02%-ті бұзылатынын білдіреді (1 бұйым 50 сағатта бұзылады).
Бұзылу қарқыны уақыт немесе жұмыс көрсеткішіне байланысты (1.5-сурет). Мәшине бөлшектерінің бұзылу қарқыны алғашқы кезде жоғары болады, себебі дайындау кезінде жіберген қателіктер мен ақаулар бірден байқалып, олар тез істен шығады (қалыптасу периоды). Одан кейін бұзылу қарқыны бірқалыпты болады (қалыпты пайдалану периоды). Бөлшектер тозып, төзімділігі нашарлаған уақытта бұзылу қайтадан көбейеді (тозудың пайда болу периоды). Одан әрі бұйымды пайдалануды тоқтату керек. ....
Әдебиеттер
1. Серікбаев Д., Тәжібаев С. – Машина детальдары, Алматы, Мектеп, 1983, 5 – 37 беттер.
2. Тәжібаев С. Д. Қолданбалы механика, Алматы, білім, 1994, 136 – 180 беттер.
3. П.Г Гузенков. Детали машин, М.: Высш. Школа, 1982, 8-34 беттер. ...