Реферат: Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика Предриятия, Экономика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

ЖОСПАР

 

Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы........ 2

1.   Экономика ғылымдарының жүйесі.......... 2

2.  Шаруашылық қызмет және адамның тіршілік әрекетінің экономикалық ортасы... 6

3 «Кәсіпорын экономикасы» пәнінің мәні............ 7

Бақылау сұрақтары..............12

 

 

 

2.  Шаруашылық қызмет және адамның тіршілік әрекетінің экономикалық ортасы

 

 

... Адамның шаруашылық қызметі әр түрлі құбылыс пен процестің өте күрделі және шиеленіскен кешенін білдіреді, онда экономикс төрт сатыны бөліп көрсетеді: өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну.

 

Өндіру - бұл адамның тіршілігі мен дамуы үшін қажетті, демек, айқын пайдалылыққа ие материалдық және рухани игіліктер жасау процесі.

 

Бөлу - бұл үлес, сан, пропорцияны анықтау процесі, мұнда әрбір шаруашылық жүргізуші адам өндірілген өнімге қатысады.

 

Айырбас - бұл материалдық игіліктер мен қызметтердің бір субъектіден екінші субъектіге жылжу процесі және қоғамдық зат айырбасы арқылы өндірушілер мен тұтынушылардың қоғамдың байланыс нысаны.

 

Тұтыну - бұл өндіріс нәтижесін нақты қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану процесі, ресурсқа салынған пайдалылықты алу процесі.

 

Біз тамақты пайдаланған кезде осы ресурсқа салынған пайдалылықты пайдаға асырамыз. Сондықтан тұтыну процесі - өнімнен пайдалылықты алу акті. Өнімді тұтынған кезде оны бүлдіреді, яғни, тұтынған кезде өнім өзінің пайдалылығынан айрылады деуге де болады, өйткені ол тұтыну себебі болып табылады. ...

 

 

 

3 «Кәсіпорын экономикасы» пәнінің мәні

 

 

... Мемлекет экономикасының және кәсіпорын экономикасының негізі болып экономиканың белгілі бір аспектісіне немесе нақты проблемасына қатысты практикалық (тәжірибелік) объектілер, фактілер саналады.

 

Гипотезаны фактімен салыстыру арқылы теориялық шарттар қабылданады немесе кейін қайтарылады. Бірақ та аталмыш экономиканың таным объектілері әртүрлі.

 

Мемлекет экономикасының таным объектісі болып жалпы экономикалық процестер, яғни «үй шаруашылығы», «кәсіпорын», «мемлекет» және «сыртқы нарық» сияқты жекелеген секторлар арасындағы қатынастар. Аталмыш ғылым осы процестерді мынадай сызба түрінде қарастырады:

 

Себеп – салдар - өзара байланысы және осылардың негізін болжамдайтын гипотезаларды қалыптастырады, содан кейін нақты факторларды зерттеу негізінде бекітіледі.

 

Көптеген аталмыш экономикалық қатынастар мемлекеттің экономикасы үшін де кәсіпорын экономикасы үшін де бірдей әрекет етеді. Бірақ кәсіпорын экономикасының зерттеу объектісі болып жеке шаруашылық субъектісінде болып жатқан және солардың салдарынан пайда болатын барлық процестер саналады. Бүгінгі күнде кәсіпорын экономикасы шаруашылық субъектісін тек дәстүрлі мағынада ғана емес, сондай аққоғамдық, коммерциялық емес (пайдасыз) кәсіпорындарды да қарастырады.

 

Кәсіпорын экономикасы (микроэкономика) теориялық жоспарда ғылыми бағдарламалар негізінде берілген процестер бойынша ғылыми гипозизаларды қалыптастыруға және оларды эмпириялық мәліметтер негізінде көрсетіп, себептерін зерттеу негізінде қандай нәтижелерді күтуге болатынын анықтауға тырысады. Бұл оқу пәні қолданбалы сипатта тәжірибедегі проблемаларды (нақты кәсіпорын экономикасы) шешу үшін құрал ретінде қолданылатын, белгілі бір даму мақсаты мен қолдағы бар қор негізінде шешім қабылдаудың моделдері өңделеді.

 

Мемлекет экономикасы жеке шаруашылық субъектілерінің жиынтық сомасы ретінде де қарастырылады. Бірақ та, жеке шаруашылық субъектілеріне тән қасиеттердің барлығын жалпы мемлекет экономикасына қолдану шарт емес.

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары

 

 

1. «Экономика» терминінің мағынасын ашаңыз.

2. Экономика ғылымы нені зерттейді? Сипаттама беріңіз.

3. Қажеттілік дегеніміз не? Оның сұраныстан қандай айырмашылығы бар? ...