Жоспар
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.. 2
1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері 2
2 Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. 8
Бақылау сұрақтары.. 14
2 Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу
... Ғылыми әдебиетте бұл туралы әзірге біркелкі пікірлер жоқ. Біз нарық (рынок) деп барлық халықтың мүддесіне қызмет етуге қабілетті және мемлекеттен тәуелсіз өз қажеттілігін қанағаттандыратын және өздері ұйымдастыра алатын жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық бөлімшелері деп түсінеміз. Басқаша сөзбен айтқанда, нарық дегеніміз мемлекеттің қатысынсыз өз дамуын өзі басқаруға қабілетті қоғамның бір бөлігі.
Эқономикалық дамудағы нарықтың рөлі жөніндегі мәселе өте күрделі. Жаһандандыру жағдайындағы оның мәнін дұрыс түсіну үшін соңғысы экономикаға қатынасты дербес категория бола ма немесе оның құрамына ене ме, басқаша айтқанда, экономика мен нарық қандай арақатынаста болады. Күрделі экономикалық үдерістер жүйесінде нарық атқарымы: өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу-сату тікелей жүзеге асырылады. Мұнда «экономика» ұғымы «нарық» ұғымына қарағанда кеңірек, ол экономиканың бөлігі және оның дамуының табиғи негізі болып есептеледі. Ол экономиканың ең серпінді құрамдас бөлігі болып табылады, экономикалық үдерістің барысы көбінесе оның әсер етуіне байланысты. Демек, нарық пен экономика - бір бүтіннің екі өзара байланысты құбылысы.
Экономиканың өзі нарықтың әсерімен дамиды, алайда, өз кезегінде, нарықтық қатынастың қалыптасуы бірқатар субъективтік және объективтік себептерге байланысты. Нарық дербес дамуға тиіс емес әрі дами да алмайды, оны басқару қажет, бірақ қалай басқару керек? Нарық адамның өміріне барлық жағынан да ықпал жасай алады. Онымен өнімдерді өндірудің артуы немесе төмендеуі, өндіріс құрылымы құрамындағы өзгерістер байланысты. Ол экономиканың экономикалық базисі мен материалдық негізі, табыс пен алуан түрлі өнімдердің көзі болып табылады. Нарық – бұл өмір сүрудің өзіндік ортасы. Ол қоғамда өмір сүруге жағдай тудыруда, инфляция мен тоқыраушылықты ескертуде, тамақ өнімдеріндегі тұтыну балансын реттеуде үлкен рол атқарады. Сөйтіп, экономиканың қызмет етуі мен оның дамуының негізі болып табылады, бірақ мұнда ол нормалар, құндылықтар мен тыйым салулар жүйесі ретінде экономикаға қарсы тұра алады.
Бұл нарықтық экономикалық дамудағы атқаратын рөлін трансформациялық экономика жағдайындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жолдарын дұрыс анықтау ушін қажеттілікті көрсетеді.
Атап айтқанда, неге нарық өндірістің ұйымдық формасы болып қалды, ол арқылы экономиканың міндеттерін шешкен дұрыс емес пе? Өйткені ол атап айтқанда өндірушінің мүдделерін бейімдеуге мүмкіндік береді және қажетті шарада тұтынуды қажеттілігіне бағындырады.
Жоғарыда баяндалған әдіснамалық алғышарттарға сүйене отырып, мемлекет пен нарықтың арасындағы қатынастарды қарастыруға әрекет жасайық. Соңғысы оқшаулау, өндіріушілер мен тұтынушылардың толық оқшауланған ұжымы болып есептелмейді, өйткені өз қызметінде мемлекетке сүйенеді және өз өндірісін ұйымдастыра отырып, тек өз мүддесін ғана көздеп әрекет ете алмайды, ең алдымен өз қызметін өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруға бағындыра отырып, мемлекеттің барлық құрылымдарымен келісе жұмыс істеуге тиіс.
Нарықтың ұдайы өндіріс үдерісінде «мемлекет» пен «нарық» қаражаттың түрлі меншік иелері мен өндіру нәтижелері ретінде қызмет ете отырып, олардың әрқайсысы өз ақшаларына есепті, шығысты дербес жүргізетіндіктен, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, негізінен, несие беру арқылы жүргізіледі. Экономикалық тұрғыдан мемлекет пен өндіріс байланысты емес. Ол өзінің басқарушылық қызметінде оған қоғам берген әкімшілік-кұқықтық уәкілетті пайдаланады, яғни нарық дербес және тиімді орындап шыға алмайтын мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды. ...