ЖОСПАР
ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІ 2
1 Кәсіпорынның өндіріс процесімен байланысы, өндірістік құрылым түрлері 2
2 Өндірісті ұйымдастыру түрлері 4
3 Өндірістік құрылымды дамыту жолдары.. 6
4 Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі 7
Бақылау сұрақтары.. 12
ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІ
1 Кәсіпорынның өндіріс процесімен байланысы, өндірістік құрылым түрлері
Өндіріс - қоғамдық өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті материалды өнімдер мен көрсетілетін кызметтердің өндіруісіне адамдардың әсер ету процесі.
Өнімді дайындау әдеттегідей мақсатты бағытталған процесс және нарықтағы коммерциялық жұмысқа сәйкес ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Өндірістік процесс өзінің кұрамына дайын өнім өндіру үшін шикізаттар мен материалдардың формасын, қасиетін, параметрлерін және тағы басқа сипатын өзгерту мақсатында технологиялық операциялардан тұрады. Өндірістік процесс бұйымның мәндік сипатына және оны өндіру технологиясына байланысты болады. Соңғысы сәйкес өндірістік элементтер жиынын білдіреді (негізгі және қосымша өндіріс, оған қызмет көрсету және басқару). Олардың әртүрлі комбинациясы өнімнің қозғалысын анықтайтын кәсіпорынды құрудың өндірістік құрылымын білдіреді.
Өндірістік кұрылымның әрекет етуі өзара ұйымдастыруды жетілдіру дәрежесімен және онымен әртүрлі элементтерді координациялаумен анықталады. Басқаша айтқанда, ол кәсіпорынды ұйымдастырудың ішкі логикасын анықтайды немесе оны ұйымдық құрылым деп те атайды. Ұйымдық құрылым кәсіпорындағы өнімді өндіру мен өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыратын өндірістік қызметтер қандай субординация және координацияда болуы керек екенін көрсетеді. ...
Бақылау сұрақтары
1. Қоғамдағы өндірістің эконономикалық мәнін ашыңыз?
2. Өндірістің түрлерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
3. Өндіріс типтерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз.
4. Материал сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені білдіреді?
5. Капитал сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені сипаттайтын көрсеткіш?
6. Қор сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені сипаттайтын көрсеткіш? ...