Реферат: Кәсіпорынның негізгі капиталы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика Предриятия, Экономика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
20

ЖОСПАР

 

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ.. 1

1 Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен маңызы.. 1

2 Негізгі  қордың құрамы, құрылымы және бағасы.. 2

3 Негізгі қордың тозуы және амортизациясы.. 6

4 Өндірістік негізгі қордың көрсеткіштерінің қолданылуы.. 12

5  Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері 16

6  Негізгі қорды қолдану тиімділігі 18

Бақылау сұрақтары.. 20

 

 

3 Негізгі қордың тозуы және амортизациясы

 

 

 

... Негізгі қордың физикалық тозуына негізгі қордың сапасы, технологиялық жетілдіруі (конструкциялар, материал сапасы мен түрі, ғимаратты салу сапасы мен станокты орнату, құру), технологиялық процестің ерекшеліктері (беріп тұру мен кесу жылдамдығы мен күші), әрекет ету уақыты (бір жылдағы жұмыс күнінің саны, бір тәуліктегі ауысым саны мен ауысымның жұмыс сағаты), негізгі қорды сыртқы ортаның әсерінен қорғау дәрежесі, күту, жөндеуден өткізу сапасы, жұмысшылардың біліктілігі және олардың негізгі өндірістік қорға деген көзқарасы әсер етеді.

 

Негізгі қордың бірдей элементтерінде физикалық тозу әртүрлі болады. Негізгі қорды толық және біртіндеп тозу деп те айырады. Толық тозуда әрекет етуші қор шектеледі және жаңа қорға, яғни күрделі құрылысқа ауыстырылады. Біртіндеп тозу жөндеу жұмыстары арқылы қалпына келтіріледі.

 

Негізгі қордың физикалық тозуы нақты қызмет еткен уақытын  нормативтік қызмет мерзіміне қатынасын 100-ге көбейтіп шектеуі мүмкін. Анағұрлым дұрыс әдіс – бұл объектің жағдайын табиғи түрде зерттеу болып табылады.

 

Моральдық тозу – олардың ұдайы өндірісіне қажетті қоғамдық қажетті шығындарды қысқарту салдарынан машиналар мен жабдық құнының төмендеуі (моральдық тозудың бірінші түрі) немесе жаңа жетілдірілген, анағұрлым прогрессивті және экономикалық тиімді машиналар мен жабдықтардың енгізілу салдарынан олардың құнының төмендеуі (моральдық тозудың екінші түрі). Негізгі қор моральдық тозудың мұндай формаларының әсерінен экономикалық тиімділігі мен техникалық сипаты жағынан ескіріп қалады.

 

Моральдық тозудың екінші түрін біртіндеп, толық және жасырын формасында қарастыруға болады.

 

Біртіндеп болатын моральдық тозу формасында машиналар өз құны мен тұтыну құнын біртіндеп жоғалтады. Жеке операциялардағы олардың мөлшерінің біртіндеп арту нәтижесінің салдарынан оларды әлі де болса анағұрлым тиімді болатын басқа операцияларда, өндірістің басқа жағдайларында пайдаланған жөн болады.

 

Толық моральдық тозу кезінде машина толық құнсызданады, яғни оны ары қарай пайдалану шығынды болады. Ескірген машиналарды қосалқы бөлшектерге бөледі немесе металлоломға тапсырады.

 

Моральдық тозудың жасырын формасы – жаңа, анағұрлым өнімді және тиімді техниканың пайда болу салдарынан машинаның құнсыздануы.

 

Қазіргі жағдайда моральдық тозудың есебіне көп көңіл бөледі. Жабдықтардың жаңа, өнімділігі жоғары, пайдалану және қызмет көрсету жағдайы жақсартылған, анағұрлым жетілдірілген түрлерінің пайда болуы ескі негізгі қорды, олардың физикалық тозуына дейін ауыстыруды экономикалық тиімді етеді. Жаңа жетілдірілген машиналар мен құралдардан өндірілген өнімге қарағанда моральдық ескірген техникаларды уақытында ауыстырмау салдарынан, олардан өндірілген өнім қымбат және төмен сапалы болады.

 

Қорды жаңартуға кеткен шығындар мен залалдар көзі болып кәсіпорынның меншік қаражаты саналады. Олар негізгі қордың қызмет ету мерзімінің ағымында амортизациялық аударым түрінде жинақталады.

 

Амортизация - негізгі қордың тозуын, олардың  құнының бір бөлігін өндірілген өнімнің шығынына қосу арқылы ақшалай қайтаруы. Сонымен, амортизация негізгі қордың моральдық және физикалық тозуының ақшалай көрінісі.

 

Амортизациялық процесс негізгі қордың қызмет ету мерзімі ішінде өндірілетін өнімге құнын бөлшектеп тасымалдауы және тұтынылған негізгі қорды қайтару үшін осы құнды келешекте пайдалануы. Өнім құрамындағы негізгі қордың тасымалданған құны өндіріс аясын тастап, айналыс аясына көшеді. Өнімді сатқаннан кейін негізгі қордың тасымалданған құнына сәйкес ақша сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға енеді, яғни бастапқы құнының көлемі жиналғанға дейін (тозған негізгі қорларды алып тастағандағы) жинақталады. Амортизациялық қор – тозған негізгі қордың орнына жаңасын сатып алу үшін қолданылады.

 

Амортизацияны есептеу үшін шаруашылық тәжірибеде амортизациялық аударым және амортизациялық нормалар қолданылады.

 

Амортизациялық аударым – тасымалданған құнның ақшалай көрінісі және олар амортизацияның бекітілген нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына аударылады.

 

Амортизациялық нормалар – негізгі қордың нақты түрі бойынша уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде баланстық құнға пайызбен бекітілген амортизация мөлшері.

 

Амортизациялық нормалар есебін келесі формуламен есептейміз:

 

 

 

***************************    (5.2)

 

 

 

мұндағы,  Нам. – амортизацияның жылдық нормасы, %;

 

НҚбас.қ. – негізгі қордың бастапқы құны, тг;

 

НҚлик. – негізгі қордың ликвидтік құны, тг;

 

Та – негізгі қордың қызмет ету нормасы (амортизациялық кезең), жыл.

 

 

 

Амортизация нормасының деңгейі негізгі қордың тозған бөлігін қалпына келтіру үшін қажетті ресурс көлемін анықтайды. Амортизация нормасы негізгі қордың айнылым жылдамдығын бақылауға және олардың ұдайы өндіріс процесін қарқындастыруға көмектеседі. Амортизация нормасы мен негізгі қордың топтары бойынша оларды саралау кәсіпорынның техникалық және өндірістік саясаты арқылы жүзеге асырылады.

 

Амортизаиялық аударымның жылдық сомасы (Аа) келесі формуламен есептеледі:

 

Аа = На   *  НҚор.ж.                                          (5.3)

 

 

 

мұндағы, НҚор.ж. – негізгі қордың орташа жылдық құны, тг.

 

Амортизациялық аударымның сомасын төрт әдіспен анықтаймыз: тепе-теңдік, жеделдетілген, өндірістік және кумулятивтік амортизация. Амортизациялық аударымның біртекті әдісіне мысал келтірейік.

 

 

 

Амортизацияның тепе-теңдік әдісі негізгі қордың біртекті физикалық және моральдық тозуына бағытталған. Бұл әдісті көбінесе физикалық тозу кезінде пайдаланған дұрыс. Бірақ моральдық тозуға бұл әдіс дұрыс келмейді, өйткені ғылым, техника және өндірістің технологиясы біртекті дамып жатқан жоқ. Амортизациялық нормада қарастырылғандай негізгі қордың моральдық формасы көбінесе жеделдетілген түрде іске асады. Негізгі қордың моральдық және жеделдетілген тозуы пайда болғанда, кәсіпкердің оны ауыстыруға амортизациялық аударымы болуы керек. Бұл мәселені негізгі қордың амортизациялық жеделдетілген әдісімен шешуге болады, бастапқы үш жылда жоғарылатылған нормалар қолданылады, ол бастапқы құнының 2/3 бөлігін өнімнің өзіндік құнына өткізуге мүмкіндік береді. Осыдан қалған баға амортизацияның тұрақты нормасының әрқайсысының қалған қызмет ету жылына белгіленген амортизациялық кезеңіне аударылады.

 

Негізгі қордың жеделдетілген амортизациясы негізгі қордың нормативтік  қызмет ету уақытымен салыстырғанда әлдеқайда тезірек және олардың баланстық құны өндірістің шығынына толық өтуімен сипатталатын тұтас әдіс. Негізгі өндірістік қордың активті бөлігінде қаржылық шарттарды құру, өндіріске жедел түрде ғылыми-техникалық жетістікті өндіру үшін және кәсіпорынның әлдеқайда тезірек жаңартылуы мен өндірістің техникалық дамуына қызығушылықты арттыру мақсатында қолданылады. Амортизацияның жеделдетілген әдісі нормативтік қызмет ету уақыты машиналарға, құрал-жабдықтар мен транспорттық құралдарға үш жылға дейін таралмайды.

 

Негізгі қордың активті бөлігінің жеделдетілген амортизациясын шағын кәсіпорындар да қолдана алады. Сонымен қатар олар бірінші жылы қызмет ету мерзімі үш жылдан көп негізгі қордың бастапқы құнының 50% қосымша амортизациялық аударым ретінде өшіріп тастауы мүмкін. Бірақ та шағын кәсіпорын қызметін тоқтатуына бір жыл қалғанда, қосымша аударылған амортизация сомасысын кәсіпорынның баланстық құнының артуы есебінен қалпына келтірілуі қажет.

 

Амортизацияның біртекті емес әдісінің таралуы – құрал-жабдықтың көп бөлігі өндірістің эксплуатациясының бірініші жылдағы шығынына кіреді. Мысалы, бірінші жылы – 50%, екінші жылы – 30%, үшінші жылы – 20%. Бұл кәсіпорынға инфляция кезінде кеткен шығындарды сатып алуға және оларды келешекте құрал-жабдық паркінің жаңартылуына бағыттауға мүмкіндік береді. ...

 

 

 

Бақылау сұрақтары

 

 

 

1. Негізгі қорлардың мәнін ашыңыз

2. Негізгі қордың жіктелу белгілерін атаңыз

3. Негізгі өндірістік қордың экономикалық мазмұнын ашыңыз

4. Негізгі қорды бағалау түрлерін атаңыз

5. Табиғи тозудың моралдық тозудан айырмашылығы неде?

6.Амортизацияның мәні мен мазмұны неде? ...