Мазмұндама
1 тарау. Үкіметтің микроэкономикалық саясатын талдау. 3
2 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясат концепциясын негіздеу және оның мәні 6
3 тарау. Жаңа аграрлық, инвестициялық саясаттардың негіздері және олардың мәні 7
4 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың механизмдері 9
Қолданылған әдебиеттер: 11
2 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясат концепциясын негіздеу және оның мәні
... Бұл кезеңдегі құрылымдық қайта түзілімдер жекелеген сфералар мен өндірістердің арасындағы тепе-тендікті өзгерту үшін нарық жағдайының кешенін жасаумен байланысты.
Жаңа техникалық негізде өндірісті қайта құру экономикадағы құрылымдық лгерушіліктермен инвестициялық және амортизациялық саясаттарымен тікелей байланысты болады. Ол республиканың ғылыми-техникалық қуатына сүйеніп, экономикалық дамудың мемлекеттік басым бағыттарына біріктірілуі тиіс, Қалған барлық міндеттер өнеркәсіптік саясаттың қалған қүрамдастары сияқты арнаулы бағдарламалар шеңберінде шешілуге тиісті.
Жаңа өндірістік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібін қайта құру сияқты, бәсекеге қабілетті ұсақ және орташа кәсіпорындарды көп мөлшерде құру болып табылады. Арнаулы бағдарламалардың тізімі өнеркәсіптік саясаттың қосымшасы болуға тиіс. ...
4 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың механизмдері
... Сонымен бірге бұл компаниялар мемлекеттің капиталына құрылған акционерлік қоғамдардың басқару ұйымдардың қалыптасуына, қор биржаларында акцияларды сату-сатып-алу арқылы мемлекеттік активтерін оптималдауға жаңа фирмалардың ұйымдастырылуына белсенді түрде қатысулары қажет.
Үкімет пен басым дамыған ірі кәсіпорындардың (жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен ірі экспортерлер) және жергілікті әкімшіліктердің басқа басым дамыған кәсіпорындар арасында орталықтандырылған несие алу шарттары жөнінде келісім жасауы. Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік шаруашылық сфераларын ажыратып, өндірісті ынталандырушы қаржы, несие, салық нормаларын Заң арқылы анықтап бекіту қажет. Әрбір жеке объект бойынша өтпелі кезеңде жекешелендіруге жатпайтын мемлекет мүлкін анықтап заңдастыру қажет. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасына, оны іске асыру және бақылау Заң жүйесінің негіздеріне күрделі өзгерістер еңгізу қажет. Әртүрлі өндіріс орындары туралы жеке олардың қызметтерін нақты анықтап ажырататын жаңа заңдар қабылдау қажет.
Ішкі тауар нарығын ырықтандыру, Республика ішіндегі еркін тауар айналысын заңды түрде бекіту. ...