Курсовая работа: Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Менеджмент
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
25

Жоспар

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

 

1. МЕНЕДЖМЕНТ  ТЕОРИЯСЫ.. 5

1.1 Менеджменттің мәні. 5

1.2. Менеджменттің қызметінің түрлері 7

1.3. Менеджмент қызметі иен тәсілдері 12

1.4. Менеджмент құрылымы мен принциптері 13

 

2. МЕНЕДЖМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ. 17

2.1. Менеджмент іс - әрекетінің бағыты.. 17

2.2. Менеджер жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері 18

2.3. Қазақстандағы менджменттің методологиялық негіздері 20

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 24

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 25

 

 

1. МЕНЕДЖМЕНТ  ТЕОРИЯСЫ

 

1.4. Менеджмент құрылымы мен принциптері

 

 

...  Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіпқоя отырып, тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді.

 

Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге жәнеде хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді.

 

Жұмыс уақытын дәл есептеу құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет етті.

 

Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімнің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.

 

20-жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б. Гилберт, Лилиан Гильберт, Хорейс Хетэуй, Сенфорт, Харригон, Эмергон, Г. Форд болды.

 

Эммерсон ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципі» жұртқа кеңінен мәлім болды. (1912). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:

 

-  дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;

 

-  болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;

 

-  білікті кеңес беру - өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады; ...

 

 

 

2. МЕНЕДЖМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ

 

2.2. Менеджер жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері

 

 

... Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

 

Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.

 

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды (коллективті) өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдармен құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті-сыйлық беру, наградтау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

 

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

 

Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

 

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтанда ол «бесаспап данышпан» болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты (информациясы) болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

 

Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі-келіссөз жүргізе білуі-әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1. Макаров С.Ф. Менеджер за работой.-М., моладая гвардия, 1989.  (26 – 29 бет)

2. Руководитель коллектива. Наше общество сегодня и завтра. –Л., 1924-23 ст.(20 – 25 бет )

3. Бобрыщев Д.Н. Основные категориитеории управления. М.: 1988-189 ст.(30 – 35 бет )

4. Гвишиани Д.М. Организация и управление. М. Наука, 1972-535 ст. .(120 – 128 бет ) ...