Реферат: Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика Предриятия, Экономика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
14

ЖОСПАР

 

ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР  2

1.   Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық  ресурстардың түсінігі мен маңызы.. 2

2.   Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі 5

3.   Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары.. 9

Бақылау сұрақтары.. 14

 

 

2.     Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі

 

 

... Шикізаттың сапалық сипаттамасы қолданылатын техниканың, жабдықтың, технологияның, өндіріс көлемінің, өнімнің бәсеке қабілеттілігінің, яғни өндірістің барлық технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтайды, сәйкесінше өндірістің тиімділік деңгейіне әсерін тигізеді.

 

Материал дегеніміз – алдын ала өңдеудің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен және дайын өнімді шығару процесінде ары қарай өңделетін еңбек өнімі. Материалдарға материалдық ресурстың құрамдас элементі ретінде оларды алу мен өндіру үшін қазып алу және өңдеу салаларында шығындалған еңбек заттары жатады.

 

Отын мен электроэнергия материалдық ресурстың ерекше түрі болып саналады.

 

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты отын қосалқы шикізатқа жатады, бірақ экономикадағы маңыздылығы жағынан ол жеке топ болып бөлінеді. Отын технологиялық шикізат ретінде дайын өнімнің өндіріс процесіне жылу энергиясы түрінде қолданылады.

 

Электороэнергияны жеке элемент түрінде бөлуге еңбек құралы ретінде (электоросварка, электроұшқындық өңдеу, лазер сәулелері) оның еңбек затына технологиялық пайдалануы мен тікелей әсері себеп болды.

 

Отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) әлеуетті және нақты деп бөлеміз.

 

Әлеуетті ОЭР дегеніміз -  қандай да бір экономикалық аудан, жалпы мемлекет иелігіндегі отынның барлық түрлері мен энергия қорының көлемі.

 

Нақты ОЭР жалпы мағынада – мемлекет экономикасында қолданылатын энергияның барлық түрінің жиынтығы.

 

ОЭР жеке мағынада қарастырсақ, ол:

 

            табиғи ОЭР (табиғи отын) – көмір, торф, табиғи және пайдалы газ, жерасты газданудан жиналған газ, ағаш; отынның табиғи көзі – күн, жерасты буы.

 

            отынды өңдеу өнімдері – кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.

 

            екілік энергетикалық ресурстар, олар көбінесе технологиялық процесс – отын қалдықтары, жанғыш және ыстық газдар, өңделген газ, өндіріс өнімінің физикалық жылуы және т.б. негізінде алынады.

 

Экономикалық тұрғыдан алғанда халық шаруашылығында қолданылатын шикізаттың барлық түрі екі топқа бөлінеді:

 

I - өнеркәсіптік шикізат, өнеркәсіпте қазылып алынады, өңделеді және ауыр индустрияда қолданылады;

 

II – ауыл шаруашылық шикізат, ауыл шаруашылығының салаларында өндіріледі және жеңіл және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

 

Өнеркәсiптік шикізат өз кезегінде екі топқа бөлінеді:

 

-   минералды шикізат, яғни жер қойнауынан алынатын шикізат;

 

-   жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

 

Табиғи шикізаттың көптеген топтары минералды болып келеді. Ол өнеркәсіптің минералды-шикізаттық базасын құрайды және оның қара және түсті металлургия, жылу, электроэнергетика және басқа да салаларының дамуын анықтайды.

 

Материалдық шығын дегеніміз өндіріс процесінде қолданылған материалдық ресурстардың көлемі. Статистикада өнімнің өзіндік құнын құрайтын материалдық шығындардың құрамына мынадай элементтер жатқызылады: қалдықтарды алып тастағандағы шикізаттар мен негізгі материалдар, сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, қосалқы материалдар, отын мен энергия.

 

 

 

 

 

3.       Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары

 

 

 

Материалдық ресурстар өндірістің негізгі факторының бірі болып табылады. Олар шығарылатын өнімнің заттай құрамын қалыптастырады және өндіріс процесін қандай да бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Ал шығарылған өнім қоғамның қажеттілігі мен тұтынысын қамтамасыз етеді. Сондықтан да қоғамның әл-ауқаты материалдық ресурстарды қалай пайдалануына, материалды тұтыну тұрғысынан өндіріс процесі қаншалықты тиімді әрекет етуіне байланысты. Шаруашылықтың экстенсивтіден интенсивті типіне ауысуы, кез келген мемлекеттің экономикасының алдына материалдық ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану проблемасын қояды.

 

Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

 

-   жылу және отын-энергетикалық баланстың құрылымын жақсарту;

 

-   шикізатты өнеркәсіптік кәсіпорындарда тікелей пайдалану үшін оларды анғұрлым мұқият және сапалы даярлау, өңдеу; ...

 

 

 

Бақылау сұрақтары

 

 

1. Ұлттық экономика мен кәсіпорын қызметіндегі материалды-шикізат ресурстарының мәні неде?

2. Елдің экономикасы мен өндірістің шаруашылық қызметіндегі жылу-энергетикалық ресурстардың ролі неде?

3. Материалдық ресурстарды оңтайлы және үнемді пайдалану категорияларының мазмұнын ашыңыз.

4. Шикізат, отын, материал ұғымдарының негізгі түсінігі мен жіктелуі қандай?