Курсовая работа: Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

Жоспар

 

 

Кіріспе. 3

1 Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш.. 4

1.1   Мемлекеттік кредит пен борыштың мәні 4

1.2  Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері 7

1.3 Халықаралық мемлекеттік кредит. 9

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік борыш және оның басқаруын талдау  13

2.1 Мемлекеттік борыш және оны басқару. 13

2.2 Мемлекеттік борышты басқарудың  заңнамалық нысандары.. 14

2.3  2004-2006 жылдардағы Мемлекеттік кредитті талдау. 17

3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышты басқаруында  кездесетін мәселелер мен шешу жолдары.. 19

3.1   Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер. 19

3.2  Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу  жолдары   23

Қорытынды.. 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 27

 

 

 

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік борыш және оның басқаруын талдау

 

2.3  2004-2006 жылдардағы Мемлекеттік кредитті талдау 

 

 

... 1992 жылы бүрынғы КСРО-дан мүра болып қалған Қазақстанның сыртқы борышы 3.2 миллиард долларды қүрады. 1993 жылдың соңында Россия Федерациясымен бүрынғы КСРО-ның сыртқы борышындағы Қазақстанның үлестік борышы мөселесін реттеген "нөлдік вариантты" келісімге қол қойылғаннан кейін және берешектің бір болігі қайта ресімдегеннен кейін Қазақстанның сыртқы борышы 1.9 миллиард. долларды қүрады. Бұл борыш экспорттық мүмкіншілігі бар Қазақстан Республикасы үшін көп емес еді. 1995 жылдың соңында Халықаралық валюта қорынан сатымды ресурстарды қоса жалпы сыртқы борыш 3.09 миллиард долларды қүрады (шамамен ЖІО-нің 19%). 1999 жыл-дың басыңда жалпы сыртқы борыш ең жоғарғы мөлшерге - 8229.4 миллион долларға жетті. 2001 жылдың басында Үкіметтің сыртқы борышы 3272 миллион долларға, Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш — 694.6 миллион долларға, жиыны — 3966.6 миллион долларға бағаланды. Бұл ішкі борышты қамтыған Үкіметтің барлық борышының 86.8 пайызын қүрады. 2003 жылдың басында Үкіметтің сыртқы борышы мен Үкімет кепілдендірген сыртқы борыштың жиыны 3481.0 миллион долларға жетті. Алайда, жекеменшік сектордың борышымен бірге - 14561 миллион доллар (соның ішінде фирмааралық берешекті - 10547 миллион доллар) жалпы сыртқы борыш 18024 миллонн долларға жетті. 2001 жылы Үкімет борышының ЖЮ-ге қатысты мөлшері 17.5 пайызды қүрады, ал 2002 жылы ол 16 пайызға дейін томендеді. Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді, олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу лимиті, бұдан бүрын айтылғандай, Республикалық бюджет туралы заңмен белігеленді, онда үкіметтік борыштың лимиті де, оған қызмет көрсетуге бағытталатын қаражаттардың ауқымы да бекітіледі.

 

Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған лимиті сол жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пайызынан аспауға тиіс. Жергілікті атқарушы орган борышы-ның лимиті тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірісінің 25 пайызынан аспуға тиіс. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге, оған қызмет көрсетуге арналған шығыс көлемі тиісті жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пай-ызынан аспауға тиіс. Заңмен мемлекеттік кепіддіктерді берудің лимиті — тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің қүрамында бекітілетін тіркелген сомасы белгіленеді, бұл соманың шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі — үкіметтің несиегер алдында Қазақстан Республикасының қарызгер-резиденттерінің одан тиісті соманы белгіленген мерзімде төле-меген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі. 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда Үкіметтік борыш лимиті 755 миллиард теңге мөлшерінде, ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 7.7 миллиард теңге мөлшерінде белгіленген. ...

 

 

 

3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышты басқаруында  кездесетін мәселелер мен шешу жолдары

 

 

 

3.1   Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер

 

 

... Борышты өтеу — қарызгердің қарыздың алынған сомасын несигерлермен шарттармен белгіленген тәртіппен қайтаруы, белгіленген тәртіппен борышты қүрайтын басқа міндеттемелерді орындауы.

 

Мемлекеттік борышты басқару сонымен бірге мынадай әдістерді кіріктіреді: қайта қаржыландыру, жаңгырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кемімелі ара салмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін ұзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту.

 

Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен етеуді білдіреді. Сонымен бірге, бүрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей қүндық ара салмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.

 

Жаңғырту деп бүрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыз облигацияларын сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.

 

Мерзімді узарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады.

 

Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.

 

Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау Ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.

 

Қарыздарды өтеудің мерзімін узарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, соңнай-ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншылықтары кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 1. “ҚР Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы” Заңы  1999жж. Және де өзгертулер.  Алматы – Юрист.
  2. 2. С.С. Сартаев, С.М. Найманбаев «Бюджеттік құқық», оқулық. Алматы, Жеті Жарғы 2006 жж, 180 – б.
  3. 3. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. және басқалар  «Қаржы», оқулық. Алматы, РИК, 2004 жж – 369 б.
  4. 4. Рудый К.В. Финансово – кредитные системы зарубежных стран, оқулық – Москва, Новое знание, 2003 жж – 301 – б. ...