Курсовая работа: Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
33

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

І тарау. Бастауыш мектепте  қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың теориялық негіздері.

 

1.1           Педагогика тарихында қазақтың ұлттық ойындарының зерттелу жайы.

 

1.2 Бастауыш  мектептің оқу-тәрбие үрдісінде  қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы.

 

ІІ тарау.  Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану әдістемесі.

 

2.1 Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды ұйымдастырудың жолдары.

 

2.2.  Озат мұғалімдердің  іс – тәжірибесі.

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиет  тізімі

 

 

І тарау. Бастауыш мектептің оқыту процесінде қазақтың ұлт ойындарын пайдаланудың теориялық негіздері.

 

1.2 Бастауыш мектептің  оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың  ұлттық ойындарын  пайдаланудың  маңызы.

 

 

 

... Жоғарыда айтылған басқа да ойындардың елеулі тәрбиелік маңызы бар. Олардың ішінде “ соқыр теке” ойынының бірнеше түрін ерекше атап өтуге болады. Оған төменгі сынып оқушыларынан бастап, 4 – 6 сынып оқушыларына дейін қатысады. “Допты ұстап ал” таптық ойыны спорт алаңында өтеді. “ Ақсүйек”, және “Орда” ойындары кешкісін ұйымдастырылады. Қала мектептері оқушылары кешке мектеп ауласында ойнай алады. Бұл қызықты ойынды үлкен көлемде жүргізуге ауыл мектептері көп мүмкіндік береді.

 

    Сонымен, халық ойындары оқушылардың жан – жақты білім алуына мүмкіндік беретін, олардың өмір тәжірибесін байытатын, сонымен қатар балалардың айнала қоршаған дүниені тану қабілеттерін жетілдіретін тәрбиенің маңызыды құралдарының бірі болып табылады. Бұның барлығы тәжірибемен дәлелденген. Мұғалімдер коллективтен тек халық ойындарының бай тәрбиелік мүмкіндіктерін тауып, оны пайдаланудың жүйелі, табанды жұмысы талап етіледі.

 

     Тәрбие сағаттарында сынып жетекшісі оқушыларды адамгершілік тәрбиесінің әр саласына баулиды, олардың алдында адамгершілік тәрбиенің мәнін жан – жақты ашады. Бұл жерде ол жоғары сынып оқушыларымен тығыз байланыс жасай отырып, балаларды ертеңгілікке және кештер өткізуге даярлайды, жаңа ойындар түрін енгізеді. Халық ойындарын орынды пайдаланғанда мамандыққа бағдарлау жұмысын жүргізудің де жаңа мүмкіндіктері ашылады.

 

     Мектеп кештерінде ғана оқушылар өз білімдері мен шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алады. Мұндай кештер әр алуан болады: сұрақ – жауап кештері бойынша мектепте мерекелерге дайындалу үшін жүргізілетін кештер мен ертеңгіліктер, тағы басқалар. Мұндай кештерді ұйымдастырушылар көп жағдайда көркемөнер үйірмесі концерттерінің алдында оқылатын баяндамаларды да ескереді.  Бір сарындылық ойынға қатысушылардың белсенділігін төмендетіп, мұндай істерге қызығуын  бірте – бірте салқындатады. Мұндай жағдай да мектеп ұтылмаса, ұтпайды.

 

     Ертеңгіліктер мен кештер тәжірибесінде халық ойындарын жүйелі, дәйекті және батыл енгізу олардың танымдық міндетін табысты атқаратын көрсетеді. Ол қатысушылардың көңіл – күйін көтереді және оларға көптеген қызықты ой – пікірлер туғызады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі бөлектерін лайықты үйлестіріп, мұғалім ертеңгіліктер мен кештер үшін, басқа қажетті мәліметтермен бірге, халық ойындарын да таңдап алады.

 

     Біздің тәжірибеде ұлттық ойындарды тәрбие жұмыстарында , пайдалану 1- 4 сыныптардың тәрбие сағаттарында, ертеңгіліктерде,  пәндік және жалпы мектептік кештерде  жүзеге асырылады. Осы істердің бәрінде де мұғалімдерге жоғары сынып оқушылары көмек көрсетті. Солардың көмегіне сүйеніп,  педагогикалық коллектив 1- 4 сыныптарды жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға басшылықты ойдағыдай жүзеге асырады. ...

 

 

 

ІІ тарау. Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану әдістемесі.

 

 

 

2.1  Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды ұйымдастырудың жолдары.

 

 

 

...  Оқушы ана тілінде түсінікті және таныс қимыл жаттығуды сөзбен де,  онан соң іс жүзінде де орындай білу керек. Жаттығуды өз бетімен түсініп орындауы оның ақыл ойының, сол қимыл жайлы түсінігінің және сол қимылдарға байланысты тілінің дамуына мүмкіндік туғызады. Сөзбен берілген іс әрекетті дәл ме дәл түсініп, қимылға айналдырады. Бұдан әрі бастауыш мектеп оқушылары онша күрделі емес, қимыл жаттығу ойндарды өз беттерінше орындай алады және алдағы осы қимылдарға сай келетін ойын – жаттығуларды да өз бетінше орындай алатын болады. Бұған қатысты И.М. Сеченов “ Түсінген нәрсені ғана еске түсіруге болады. Естіген сөздің мәні басты роль атқарады” деген .

 

     Дене тәрбиесі сабағында қимыл жаттығуларды үйрету сөзбен және сол сөзге байланысты ұлттық ойындарды бүгінгі талапқа байланысты қолданылуы тиіс.

 

    Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшелігін ескере отырып,  қимыл – қозғалыс  ойындар  ойнағанда кім жақсы, кім шапшаң,  кім дұрыс ойнайтынын көрсетіп, баланың ынталандыруын арттыру керек. Әр жас бала кезінде өз психикалық ерекшелігіне сай білім мен іскерліктерді мол меңгеруі қажет. Осыған байланысты қимыл – қозғалысты, дағдалырды игеру қолдау тапқырлығы күшейе түседі.

 

    Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбие сабағында қимыл – қозғалыс дағдыларының дұрыс қалыптасуы және солардың аталуын білу,  болашақта орта және жоғары мектепте, спортта, одан әрі қарай дамуының ірге тасы болып қалады. Біз бастауыш мектеп оқушыларының психологиясына көңіл бөле отырып, мынаны байқадық: бала бір жағдайдан екінші жағдайға яғни мектеп табалдырығын аттанғанда,  баланың психологиясына көп өзгерістер енетіні. Өтпелі кезеңде нерв жүйесінде, психологиясында ауыр кезеңдер өтеді.  ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 1. Ақшораев А. Тоғызқұмалақ. Алматы. 1979.
  2. 2. Алдабергенов А.  Қозғалмалы ойындар.  “Бастауыш мектеп”, 1993,№11.
  3. 3. Бержанов К. , Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы. “Мектеп”, 1972.
  4. 4. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері мен оның тәрбиелік мәні. Алматы, 1985.
  5. 5. Бүркітбаев Ә. Қазақтың ат спорты. Алматы. 1974.
  6. 6. Бекбатчаев Т. Применения традиционных казахских народных игр и упражнений в системе физического воспитания в школе, Дисс канд.пед.наук. Алма – ата, 1981. ...