Жоспар
Кіріспе. 3
1 Тарау. Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар. 7
2 Тарау. Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық идеялары. 14
3 Тарау. Ғұламалар ғибараты және ұлттық тәрбие. 20
Қорытынды. 27
Пайдаланылған әдебиеттер. 28
2 Тарау. Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық идеялары.
... Адам бойындағы қасиеттер мен жағымсыз әдеттер жөніндегі күні кешегі данышпан ата-бабаларымыздың өсиет-өнегесін бүгінгі мен ертеңгі ұрпақ оқып білсін, содан тағылым, тәрбие алсын дейміз. Халық ауыз эдебиетін оқып, сусындаған әрбір баланың адамгершілігі мол, ақылы толық азамат боларына шүбә жоқ.
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы А.Құнанбаевтың данышпандығын бүкіл дүниежүзі мойындаған. Ал Абай атамыздың этикалық, философиялық мазмұндағы қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы жайлы Абайдың көзқарасы ғылыми педагогиканың тұжырымдарымен сәйкес келеді.
Ел тұрмысын жақсарту жолдарын Абай қоғамның экономикалық негіздерін өзгертуде деп білді. Қазақтардың өркениетті дамуын егіншілікті, қолөнерді, сауданы өркендетумен тығыз байланыстырды. Жастарды ғылым мен білімді үйренуге шақырып, өзге халықтарды құрметтеуге, солармен карым-қатынас орнатуға үндеді.
"Жетінші қара сөзінде" адам жанын тәрбиелеу керектігін айтады: "Жас бала анадан туылғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі -ішсем, жесем, ұйықтасам деген тән құмарлығы, екіншісі - білсем екен деген жан құмарлығы. Тәннен жан артық, тәнді жанға ұрғызса керек еді".
"Он тоғызыншы кара сөзінде" ақыл-естің тәрбие арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыдан дәлелдейді: "Адам ата-анадан туылғанда есті болмайды: естіп, көріп, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді".
"Он сегізінші қара сөзінде" адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгертуге болатынын тұжырымдайды: "Адамның адамшылығы жақсы ата, жақсы ана, жаксы құрбы, жақсы ұстаздан болады." ...
3 Тарау. Ғұламалар ғибараты және ұлттық тәрбие.
... Мұсылман Ренессансының кәш басында тұрған ірі тұлғалардың бірі Қожа Ахмет Йассауи болды. А.Йассауи өз заманында мұсылман философиясының адамгершілік құңдылықтарын әлемдік деңгейге көтөре білді. Йассауи әлемін танушы ғалымдардың пікірінше, ғұлама ғақлияттары өзінің философиялық құндылығымен ғана емес, сонымен қатар өзінің далалық данышпандық өрнегімен ерекшеленеді. Оның сан қырлы ой-толғамдарының бір арнасы тағылымдық дүниелерді зерделеуге арналған. Ол күрделі сезімдер ғұламаның өзіне тән діни-софылық мақамда баяндалған «Диуани хикмет - Ақыл кітабы» атты еңбегінде көрініс тапқан.
Ғұлама ғибратын зерттеуші М.Жармұхамедұлы Йассауи тағылымдары жөнінде былай дейді: «..Ақын өзінің «Диуани хикметінде» жазған алғы сөзінде жалпы мұсылман дінінің негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдары сегіз жүйеден тұрады. Олары; Тәубашылдық, Ғибадатшылдық, Махаббат, Сабырлық, Шүкірлік, Ризашылдық, Заһидшілдік (анықтық), Ғаріптік. «Диуани хикмет» бастан-аяқ ақыл-өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Дін қағидалары мен жалпы адамгершілік, мейірім-шапағат, бауырмалдық мәселелерінің туған әдебиетіміэде кең қанат жаюына оның әсер-ықпалының мол болғаны даусыз. Қазақ поэзиясындағы жас мерзімдерін шалқыта суреттеу де осы Қожа Йассауи дәстүрінің әсерінен екенін аңғару қиын емес» .Йассауи өз өсиетін шын мәнінде шәкірттерге аманат қылу дәстүрін ұстанады. ...
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Әдеп. Инабаттылық дәрістері. -Алматы,1998.
2.Мөлдір бұлак. Құрастырған Р.М.Рахимова.- Бішкек, 2000.
3.Радлов В. Алтын сандық. -Алматы, 1993. ...