Жоспар
Кіріспе. 2
І Тарау. Ұлттық ойындар туралы не білеміз?. 6
ІІ Тарау. Балалар ойындарының түрлері 14
ІІІ Тарау. Ұлттық ойындарының қазіргі уақыттағы қолданылуы туралы.. 17
Қорытынды.. 21
Пайдаланылған әдебиеттер. 23
ІІ Тарау. Балалар ойындарының түрлері
... Асық ойыны(2) – балалардың ежелгі ұлттық спорттық ойыны. Оны ойнау үшін балалар тақыр алаңға көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны байлай тігілген кезектесіп сақамен ату арқылы мергендік сынасады. Кенейде кім көп атып салса, сол ұтады. Дегенмен, асық ойынының түрлері көп. Мәселен, солардың ішінде кеңінен таралғаны «Үш табан», «Бір табан», «Әйзік», «Атпақыл», «Шығу», сондай-ақ қыз-бозбалалар кешкісін үйде отырып ойнайтын – «Қора», «Хан талапай», «Құмар», «Алшы», «Таған», «Шеңбер», «Шік-бүк», «Доршке», «Қақпақыл», «Иірмекіл», «Жемекіл» т.б. Ең бастысы – «Сақаң» жақсы болса болды, сонда ұтумүмкіншілігің де арта түседі. Ол үшін қорғасынды молырақ құю керек. Асықтар әр түрлі болып боялады. Түсіне, көлеміне қарай әрқалай бағаланып отырады. Ал ең жеңіл кішкентай асықтарды боямаса да болады. Бұл асық ойындарының көздің көру қабілетін жіне қолдың ептілігін арттыруға пайдасы зор.
Күзде балалардың құмары ләңгі ойынына көбірек ауады. Былай қарағанда мұның атауы қытайша сияқты. Ал лян – «екі» - немесе «жұп» деген мағына берсе, гэ – «түйір» дегенді білдіреді. Мұны ұл балалар ойын барысында «Оп па жұп, оп па ек...»- деп санап ойнайды. Меніңше, ләңгі дүңгеннің ежелгі ойыны болса керек. Олар мұсылман болғанымен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тілі қытайша болып келеді ғой. Негізінде ұл балалар үшін таптырмайтын ойын әрі олардың өсіп-жетілуіне пайдасы бар. Өзіміз де бала кезімізде ләңгі жасау үшін тиынды тесіп, оның ойығына жылқының жалын немесе ешкінің жүнінен бір уыс қыл алып бекітетінбіз. Ойынның қарапайым және күрделі түрлері болады: жай қағыс, жанай қағу, әр түрлі нұсқада иіліп қағу т.б. Мәселен, мен 20 рет «иіліп» қағысты тапсырыс берсем, онда басқа ойыншыларға да сонша қағысты орындау керек болады. Әйтпесе, айып салынады немесе «малай» болады. ...
ІІІ Тарау. Ұлттық ойындарының қазіргі уақыттағы қолданылуы туралы
... Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік (5) экономикалық салаларындағы жағдайы түбірімен өзгереді. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі - ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат қалыптастыру үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Демек, оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халық педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түседі. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті Жұмабаев Мағжанның мына сөздері еске оралады: “Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті”. Бала бойына, ең алдымен, тәлімді тәрбие сіңірмей, білім берем деу әурешілік.[5 – 57б]
Қазақтың ертеректе өткен ұлы ойшылдары тәрбие жолын көрсете келе, оның жалаң бір жақты болмау керектігін, дене күші мен ақыл күшінің бірінсіз бірінің түкке тұрмайтынын көрсетіп тәрбие бағытында жүйелі жол сілтеген. Бұл уақыт өткен сайын ұрпақ тәрбиесі туралы ойлар өз жалғасын тауып дамып келе жатқанын көрсетеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген халқымыздың ұлы қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров т.б. бала тәрбиесінде халықтың салт – санасы, әдет –ғұрпы, дәстүрлері, ана тілінің атқаратын маңызын көрсетіп оны қалай іске асыруына байланысты еңбек еткені белгілі. ...