ЖОСПАР
Өндіріс және өнімді өткізу шығындары.. 2
1 Шығын түсінігі, құрамы мен түрлері 2
2 Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен оның өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы ерекшелігі 5
3 Калькуляция түсінігі және қағидалары.. 10
4 Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың шетел тәжірибесі 15
Бақылау сұрақтары.. 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21
4 Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың шетел тәжірибесі
Дамыған елдерде соңғы 35-40 жылда калькуляциялық баптардың шектелген, қысқартылған номенклатурасы бойынша өнім өндіру шығынын есептеудің әдісі кең қолданылады. Шығынға тек ауыспалы шығындар ғана кіреді: шикізат пен материал, еңбекақы төлеу, жанама шығынның ауыспалы бөлігі. Бұл шығын өндірістік іс-әрекет көлемінің қызметі ретінде қаралады.
Тұрақты шығын дегеніміз аталмыш кезеңде сомасы өнімді өндіру мен өткізу көлемі мен құрылымына тәуелді болмайтын шығындар танылады.
Тұрақты шығын екі топқа бөлінеді: қалдықтық және бастапқы. Қалдықтыққа - өнімді өндіру мен өткізу, белгілі бір мерзімге тоқтатылуына қарамастан кәсіпорында болатын тұрақты шығын бөлігі жатады. Бастапқыға - өнімді өндіру мен өткізуді жаңартумен байланысты тұрақты шығын бөлігі жатады.
Екінші түрі – ауыспалы шығындар. Ауыспалы шығын дегеніміз – бұл жалпы көлемі аталмыш кезеңде өнімді өндіру мен өткізу көлемінен, сондай-ақ бірнеше өнім түрін шығару мен сату барысындағы шығындар құрылымына тікелей тәуелді болатын шығындар. Бұған шикізат, материал, жанармай, энергия сатып алу (өнім өндіру үшін қажетті), еңбекақы төлеу шығындары кіреді.
Сондай-ақ шекті шығындар болады. Шекті шығын дегеніміз өндіру мен сату көлемінің бірден артық өнім бірлігіне өзгеру нәтижесінде туындаған өсім шығынының немесе қысқару шығынының бір өнім бірлігіне өзгергендегі орташа шамасы болып табылады. Шетел кәсіпорындары мен фирмаларында отандық тәжірибеге ұқсас экономикалық элементі мен шығын баптары бойынша өндіріс шығынының топтастырылуы қолданылады. Экономикалық элементтер бойынша шығын тобына шикізат, материал, жанармай, энергияны сатып алу шығыны, жұмыскерге еңбеакақы төлеу шығыны, негізгі капитал амортизациясы (негізгі қор), пайызды төлеу бойынша шығын және өзге де шығындар (ғимаратты жалға алу, сақтандыру жарналары, көлік шығындары, басқа ұйым қызметтері, жарнама) кіреді.
Шығын құрамы келесі баптарға топтастырылады:
1. «Материалдар». Бұл бап шығынның маңызды бабын құрайды. Оларға шикізатты, материалды, негізгі және қосымша материалды, жартылай фабрикатты сатып алуға кеткен шығындар жатады.
2. «Еңбекақы төлеу». Бұған жұмыскер мен әкімшілік персоналдың еңбекақы қоры кіреді. Мерзімдік еңбекақы төлеу – жұмыскер өндірген өнім саны жеке күш салулардан тәуелді болмаған (мысалы, конвейірлі линияларда); шығарылған өнім сапасын анықтау мен орындалған жұмыс көлемін есептеу мүмкін емес болған жағдайда қолданылады. Кесімді еңбекақы жұмыскерді жоғары өнімділікке қол жеткізуіне ынталандырады, бұл жұмыскерге де, сондай-ақ кәсіпорынға да тиімді.
3. «Ғимаратты жалға алғаны үшін төленетін ақы». Бұл шығынның салыстырмалы маңызды бабы. Егер кәсіпорын немесе фирма ғимаратты жалға алса, онда осы бап бойынша шығын көлемі жалгерлік ақының жалпы көлеміне тең. Егер де ғимарат кәсіпорынның (фирманың) өзінікі болса, онда оның пайдалану үшін төлем бірқатар баптардан тұрады: ипотекалы, берешек бойынша төлем, қозғалмайтын мүлік салығы, сақтандыру, пайдалану шығыны, сондай-ақ жоғалтқан мүмкіндіктер тұрғысынан – аталмыш қозғалмайтын мүлікке салынған меншік капиталынан түсетін пайыздар.
4. «Амортизация». Шетел кәсіпорындарында (фирмада) амортизация деп негізгі капиталды бірнеше рет пайдалану мерзіміне, сатып алудың бір уақыттық шығындарын бөлу жолымен қалыптасатын тұрақты шығындар бөлігі түсіндіріледі. Мұнда амортизация көлемін есептеудің бірнеше әдістері қолданылады: сызықтық амортизация, қалдық құн бойынша амортизация, өндіріс көлемі бойынша амортизация.
Амортизацияны есептеудің отандық тәжірибесіне сызықтық амортизация анағұрлым жақын. Осы әдіске сәйкес А капиталының жыл сайынғы амортизациясының көлемі мына формула бойынша есептеледі:
A = НКа.қ. ЛҚ / ҚМ (1)
Мұнда НКа.қ. – негізгі капиталдың аталмыш элементінің бастапқы құны. Бұған негізгі капиталды сатып алу, жеткізу мен монтаждау шығыны жатады;
ЛҚ – жою құны (қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейінгі аталмыш элеметті жою құны);
ҚМ – негізгі капиталдың осы элементінің қызмет ету мерзімі (аталмыш элементті қолдану кезеңі жоспарланған уақыт).
1. «Өзге де шығындар». Мұнда көлікті пайдалану және жөндеу шығындары, негізгі капиталдың басқа да элементі, әртүрлі энерготасымалдағыш шығындар, өнімді сатып алушыға жеткізу шығыны, телекоммуникациялық шығындар, пошталық жиын шығындары жатқызылады. Шетел кәсіпорындарында (фирма) шығын құрылымы деп кәсіпорынның жалпы шығыны шегіндегі ауыспалы және тұрақты шығынның пайыздық арақатынасы түсіндіріледі. Осындай арақатынас бойынша белгілі қорытындылар жасалады.
Шетел кәсіпорындарында ауыспалы шығынға қатысты өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен есепке алу стандарт – кост әдісі бойынша жүзеге асырылады. Осы әдіс барысында негізгі қаржылық көрсеткіш болып маржиналдық пайда мен пайда танылады. Есептеу 3 кестеде көрсетілген.
«Стандарт – кост» әдісі өндіріс көлемі мен оның шығыны арасындағы байланыс пен пропорцияларды орналастыру көлеміне байланысты өндірістің пайдасы немесе шығыны туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, өндіріс көлемі жоғарылағанда немесе төмендегенде өнімнің өзіндік құнының өзгеруін болжамдауға мүмкіндік туады. Калькуляциялаудың осы әдісі тұрақты шығын көлемін анықтауға, оның мөлшерінің пайда сомасына ықпалын көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда маржиналдық табыс көлемінің өзгеруі неғұрлым рентабелді өнімді анықтап, шығарылатын өнім ассортиментіне уақытылы өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Нәтижесінде «стандарт–кост» жүйесі пайда мөлшері мен ауыспалы шығынның өзгеру ықпалынан оның ауытқу шамасын, өткізу бағасын, шығарылатын өнім құрылымын анықтауға және аталмыш талдау негізінде кәсіпорын шығынын басқару бойынша шаралар кешенін қабылдауға мүмкіндік береді. ...