Реферат: Табыс және өндіріс рентабельділігі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Предпринимательство
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
20

ЖОСПАР

 

Табыс  және өндіріс рентабельділігі 2

1  Табыс  - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде. 2

2   Кәсіпорын пайдасының мәні, жіктелуі және оған әсер ететін факторлары.. 4

3  Өндіріс рентабельділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіші 10

Бақылау сұрақтары.. 18

Қолданылған әдебиеттер тізімі 19

 

 

1  Табыс  - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде

 

Кәсіпорын табысы дегеніміз – ақша қорының, басқа да мүліктің түсу және (немесе) капиталдың артуына алып келетін міндеттемелерді жабу нәтижесінен экономикалық пайданың артуы. 

Табыс шығын сияқты келесі түрлерге бөлінеді:  

-   қарапайым қызмет түрінен түскен табыс;

-         операциялық;

-         сатудан тыс;

-         кездейсоқ;

Қарапайым қызмет түрінен түскен табысқа тауар мен өнімді сатудан түскен түсім, жұмыстың орындалуы мен көрсетілген қызметке байланысты түсімдер жатады.

Операциялық табысқа мыналар қатысады:

-   кәсіпорын активтерін уақытша қолданғаны үшін (уақытша иелік ету мен қолдану) төлемақы;

-   интеллектуалды меншіктің ойлап табу, өнеркәсіптік үлгілеріне және басқа да түрлеріне патент құқығын беру төлемақысы;

-   жарғылық капиталдың басқа кәсіпорынға қатысуымен байланысты түсімдер (пайыздар мен басқа да құнды қағаздар бойынша табысты қосқанда)

-   бірлескен қызмет нәтижесінде кәсіпорынмен алынған пайда (жай серіктестік келісім-шарт бойынша);

-   негізгі құралдар мен өзге активтерді сатудан түскен түсім;

-   кәсіпорын ақша қорын ұсынғаны мен пайдаланғаны үшін алынатын пайызы, сондай-ақ банкте сол кәсіпорынның шотында жатқан ақша қорын банк пайдаланғаны үшін пайызы жатады.

Сатудан тыс табыс – бұл:

-   келісім-шартты бұзылғаны мен тұрақсыздығы үшін айыппұлдар, өсімдер;

-   қайтарымсыз алынған және сыйға тарту келім-шарты бойынша активтер;

-   кәсіпорынға тигізілген залалдың орнын толтыру түсімдері;

-   есепті жылда анықталған алдыңғы жылдың пайдасы;

-   мерзімінің өтуі бойынша кредиторлық және депозиттік берешек сомасы;

-   курстық айырмашылықтар;

-   басқа да өткізуден тыс табыстар.

Кездейсоқ табыс деп шаруашылық қызметтің кездейсоқ жағдайының салдарынан пайда болған түсімдер: сақтандыру төлемдері, келешекте пайдалану мен қайтып қалпына келтіруге жарамайтын активтерді өндірістен шығарудан қалған материалдық құндылық құны және т.б.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағытына байланысты табыстар: негізгі, инвестициялық және қаржылық болып жіктеледі. Осының әрқайсысына тоқталайық:

 

 

 

 

 

  1. Негізгі қызметтен түскен табыс – бұл өнімді сатудан (көрсетілген қызметтен, орындалған жұмыстан) түскен түсім.
  2. Инвестициялық қызметтен түскен табыс – айналыстан тыс активтерді сатудың, құнды қағазды өткізудің қаржылық қорытындысы.
  3. Қаржылық қызметтен түскен табыс инвесторлар арасында кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын орналастыру нәтижесінен тұрады.

Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім кәсіпорынның қаржы ағымының негізгі көзі болып табылады.

Қаржы көрсеткіштерін есептеу үшін сату уақытын анықтау әдістері мен сатудан түскен түсімнің маңызы зор.

Отандық тәжірибеде сату уақытын анықтаудың екі түрлі әдісі бар: тауарды артуы бойынша – есептеу әдісі және еңбек түсімі ретінде кезең бойынша түсетін төлемдер жатады, мәселен, ақы бойынша – кассалық әдіс.

Шағын кәсіпорыннан басқа кәсіпорынның барлығы көрсетілген өнімді, тауарды, атқарылған жұмысты, көрсетілген қызметті артуы бойынша өнімді сатудан түскен түсімді ескере отырып есептеу әдісін дұрыс қолдануы қажет. Тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында, құрылыс салаларында дайын болу кезеңдері бойынша ұзақ мерзімді өндірістік циклмен атқарылған жұмыстың кезеңдік төлемақысы түсім деп саналады. Шағын кәсіпорын өнімді сатудан түскен түсімді оны төлеу жағдайына байланысты есепке ала алады. Сатудан түскен түсімге сатылған тауардың бағасы мен натуралды түрдегі сату көлемі сияқты факторлар әсер етеді.