Жоспар
Кіріспе. 3
1. Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары.. 5
1.1 Уақытша жарамсыздық қағазы.. 6
1.2 Өндірістік жарақат. 7
1.3 Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері 8
1.4 Жәрдемақының мөлшері 10
2. Қазақстан Республикасында төленетін жәрдемақы түрлері. 16
2.1. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақылар. 16
2.2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар. 23
2.3. Әр түрлі жағдайларға байланысты төленетін жәрдемақылар. 25
3. Қазақстан Республикасында жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі. 30
3.1. Жәрдемақы тағайындайтын органдар. 30
3.2. Жәрдемақы төлеу жүйесінің қазіргі жағдайы. 32
Қорытынды.. 34
Қолданылған әдебиеттер: 35
1. Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
1.4 Жәрдемақының мөлшері
... Егер қызметкер мұндай көмек түрлеріне мұқтаж деп танылса, кәсіпорын зәбір шеккен қызметкерге емделуге, протездеуге, медициналық және әлеуметтік көмектің өзге де түрлеріне кеткен шығындарын өтейді. Қажет болған жағдайда кәсіпорын медициналық қорытындыға сәйкес зәбір шеккен қызметкердің кәсіптік сауығуын, қайта дайындықтан өтуін және жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді немесе осы мақсаттардағы шығындарды өтейді.
Еңбекті қорғау нормаларының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі немесе қадағалау және бақылау қызметтеріне кедергі келтіруші лауазымды тұлғалар заңдарда белгіленген тәртіпте әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, қызметкерлер де еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. ...
2. Қазақстан Республикасында төленетін жәрдемақы түрлері.
2.1. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақылар.
... Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалатын жәрдемақы мөлшері отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелері үшін 10 а. е. к. аса мөлшерде белгіленген. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшесі саны 1 адам болса – 4а. е. к., 2 адам болса – 3,5 а. е. к., 3 адам болса – 3 а. е. к., 4 адам болса – 2,5 а. е. к., 6 және одан да көп болса – 10 а. е. к. көлемінде әрқайсысына тең үлес мөлшерінде бөлініп беріледі. Егер ата-анасының екеуінен де айырылған болса, әр балаға 5 а. е. к. көлемінде, жалпы жиыны 15 еселенгеннен көп емес мөлшерде тағайындалады. Ал, әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, қылмыстық атқару жүйесі органдары қызмет-міндеттерін атқару кезінде алған жарақат, контузия, мертігу, ауруға шалдығу себептерінен қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне жәрдемақы мөлшері 1 айлық мөлшерде көбейтіліп, жалпы мөлшері 15 а. е. к. көлемінен көп емес жәрдемақы тағайындау мерзімінен бастап ай сайын және отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын, жас шамасын, еңбек қабілеттілігін, әлеуметтік қамсыздандыру жағдайын, т. б. рәсімдеуі, растауы бойынша ай сайын төленеді.
Жасына байланысты жәрдемақы. Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған жағдайда «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда белгіленген жасқа жеткен кезде не зейнетақы төлемдерін зейнетақының ең төменгі мөлшерінен аз мөлшерде алған жағдайда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады. Ол жас шамасы зейнеткерлікке шығудың шекті жасына (ерлер – 63, әйелдер – 58) келгенде тағайындалады. Жәрдемақыны өтініші негізінде мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы тағайындау орталықтары тағайындайды. ...
3. Қазақстан Республикасында жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі.
3.2. Жәрдемақы төлеу жүйесінің қазіргі жағдайы.
... Айтылғандай, Қазақстанның әрбір азаматының әлеуметтік қорғалуын дұрыс жүзеге асыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев 201 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық мүмкіндіктер – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында: «әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға ғана көрсетіліп, қазіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек. 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60%-ы деңгейіне өсіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артуы керек» - деген міндеттер қоя отырып, 2009 жылы зейнетақылар, шәкіртақылар, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларының 25%-ға өсірілгенін, әлеуметтік жәрдемақылардың 9%-ға артқанын атаған. Сонымен қатар, Елбасының 2010 жылғы Жолдауында айтылған зейнетақылардың 1 қаңтардан бастап, ал шәкіртақылардың, бюджеттегі қызметкерлердің еңбекақыларының 1 шілдеден бастап 25%-ға арттыруды қарастырған жүзеге асты. Және де 2010 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленді. ...
Қолданылған әдебиеттер:
1. «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң, 20.06.1997ж.;
2. «ҚР мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заң, 16.06.1997 ж.; ...