Жоспар.
Кіріспе. 2
1 Тарау. Жүйке жүйесінің дамуы және маңызы. 3
1.1 Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы. 3
1.2 Эффекторлық нейрон дегеніміз не. 6
2 Тарау. Жүйке жүйесінің эмбриогенезі. 8
2.1 Орталық жүйке жүйесі. 9
2.2 Шеткі жүйке жүйесі. 19
2.3 Жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары. 22
2.4 Орталықтан тепкіш эференттік жолдар. 25
Қорытынды. 26
Падаланған әдебиеттер. 27
1 Тарау. Жүйке жүйесінің дамуы және маңызы.
1.2 Эффекторлық нейрон дегеніміз не.
... Сонымен қорта айтқанда, бүкіл жүйке жүйесін (функциональды жағдаймен қарағанда) үш туынды элементтермен қарастырамыз. Рецепторлар (қабылдағыштар) эфференттік (орталыққа тепкіш) сезімтал нейрондармен байланысты, олар пайда болған қозуды орталыққа өткізгіш (апарушы) нейрондар.
1. Кондукторлар (өткізгіштер) қосымша немесе ассоциативті нейрондар. Олар жүйке қозуын орталыққа тепкішнейроннан орталықтан тепкіш нейронға өткізеді.
2. Эфференттік (орталықтан тепкіш) нецрон орталқтан шеткі жұмыс ағзаларына еретін эффекторға жеткізу, жауап беру реакциясын қамтамасыз етеді.Эффекторлар дегеніміз жүйке серпіні жұмыс ағзасына (бұлшық етке, безге т.б.) беретін эфференттік нейрондар жүйке ұштары. Ал нейрондардың өзін эффекторлық нейрондар деп атайды. Сонғы кезде ашық рефлекторлық доғамен қатар ағзаларды орталықпен кері байланыстыратын тұйық шеңберлі рефлекс тізбектері туралы пікірлер пайда болып жатыр. ...
2 Тарау. Жүйке жүйесінің эмбриогенезі.
2.3 Жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары.
... Артқы жұлын – мишық жолы бірінші нейрон омыртқа аралық түйіндерінде жатқан униполярлы жасушалар. Олардың аксондары артқы түбіршік құрамына еніп, жұлынның сұр затының артқы мүйізшесінде аяқталады. Осы жерден екінші нейрон басталып, оның аксоны бүйір бағанының артқы жағымен жоғары көтеріліп, сопақша ми арқылы мишықтың қыртысына жетеді. Одан тісті ядроға бағытталады. Жұлын – төмпек жолы тері сезімін жұлын арқылы көру төмпегіне жеткізеді. Бұл жолдар жұлын бағандары арқылы өтеді. Алдымен жұлын жүйкелерінің сезімтал талшықтары жұлын түйініндегі бірінші нейрондарға, одан артқы түбіршік арқылы жұлынның артқы мүйізшесіндегі жасушалар мен сопақша ми ядроларында аяқталады. Осы жерлерден кезекші нейрон басталып, қарама – қарсы жағына өтіп, бүйір бағанының құрамы арқылы жоғары көтеріліп, сопақша миға, одан әрі көпір арқылы көру төмпегінің ядроларында аяқталады. Осы жерден үшінші нейрон басталады. Оның аксондары төмпек – қыртыс жолдың құрамына өтіп, ми сыңарының артқы орталық қатпары мен жоғарғы төбе қыртысына жетеді. Бұл қыртыстар аймағы тері сезу анализаторлардың орталығы.
Жұлын орталыққа тепкіш жолдармен келген серпіндер жүйке талшықтарының айқасуына байланысты, дененің о бөлігінен келген сезімді ми сыңарларының сол қыртысына, ал сол жағынан мидың оң қыртысына өткізеді. ...
Падаланған әдебиеттер.
1. Ж.К.Ермаханы «Тәнтану» Алматы 2004 ж.
2. М.Дайырбекова «Адам анатомиясы» алматы 2002 ж.
3. Рақышев «Адам анатомиясы» 1 том Алматы ...