Реферат: Ақсу-Жабағылы қорығы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
География
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
18

Мазмұны:

 

Кіріспе. 2

1.   Ақсу-Жабағылы  қорығы.. 5

2.   Алакөл  қорығы.. 6

3.   Алматы  қорығы.. 7

4.   Барсакелмес  қорығы.. 9

5.   Батыс  Алтай  қорығы.. 10

6.   Қаратау  қорығы.. 11

7.   Қорғалжың  қорығы.. 12

8.   Марқакөл  қорығы.. 13

9.   Наурызым  қорығы.. 14

10.    Үстірт  қорығы.. 15

Қорытынды.. 17

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі: 18

 

 

3.     Алматы  қорығы

 

 

... Қорық  территориясының  ауа  райы  қоңыржай  және  тағы  да  тік  белдеулік  заңына  бағынышты. Маңызды  ауа  райы  факторы  жауатын  жауын-шашын  мөлшері  болып  табылады. Жауын-шашынның  ең  көп  түсетін  жері – 1500-ден  2300 м  биіктіктегі  таудың  орта  бөлігі.

 

Қорық  өсімдіктер  әлемі  бай  және  алуан  түрлі. Оның  флорасында  жоғарғы  өсімдіктердің  1000-ға  тарта  түрі  бар. 50 түр  сирек  кездеседі, оның  26  түрі  Қазақстан  Қызыл  кітабына  енгізілген. Барлық  жерде  дәрілік  өсімдіктер  кездеседі : дала  қырықбуыны, құлмақ, итмұрын, орал  миясы, ішдәрі  қаражеміс, шілтер  жапырақ  шайқурай, өгейшөп, түркістан  сасықшөбі, кәдімгі  жұпаргүл, орта  тасшүйгін, биік  андыз, кәдімгі  мыңжапырақ, басым  көпшілігі  ғылыми  медицинамен  анықталған.

 

Қорық  жануарлар  әлеміне  бай. Омыртқасыз  жануарлардың  түр  саны  белгісіз, бірақ  алуан  түрлі  әрі  көп  екені  сөзсіз : қазіргі  уақытқа  дейін  8  кластың  2000  түрі  анықталған. Омыртқалылар  фаунасына  225  түр  жатады, олардың  ішінде : 3  балық  түрі, 2  қосмекенді, 6 бауырымен  жорғалаушылар, 172 құс, 42 сүтқоректі  жануарлар.

 

Қорықтың  он  құсы  Қазақстан  Қызыл  кітабына  енгізілген. Олардың  алтауы  (бүркіт, сақалтай, құмай, бидайық, орамтұмсық, көкқұс) осында  ұялайды, үшеуі  (қара  дегелек, бақалтақ  қыран, үкі)  жазда  анда-санда  кездеседі, ал  лашын  қыста  ұшып  кетеді.

 

Қорықта  70  жылдан  астам  зоологтар, географтар, геологтар, топырақтанушылар, ботаниктер  және  басқа  да  ғылыми-зерттеу  орындарының  мамандары  зерттеулер  жүргізіп  келеді. ...

 

 

 

7.     Қорғалжың  қорығы

 

 

... Қорғалжың  қорығы  1957  жылы  Теңіз  көлі  аңшылық  қорықшасы  деп  жарияланды, бір  жылдан  кейін  Теңіздің  оңтүстігі  далалы  жерлерді  қосып, Қорғалжың  қорығы  ұйымдастырылды. Одан  кейінгі  онжылдықта  қорғалатын  территорияның  орны  мен  қорғау  тәртібі  бірнеше  рет  өзгерді. 1968  жылы  сол  кездегі  бар  болған  орман  аңшылық  шаруашылы  негізінде  Қорғалжың  қорығы  қайта  құрылды.

 

Қорғалжың  қорығының  қазіргі  шекарасы  шамамен  2600  шаршы  шақырым, ол  Теңіз  ойпатының  ең  төменгі  жерінде  орналасқан, мұнда  Қазақ  шоқылары  мен  Көкшетау  қыраты  арасындағы  негізгі  өзендер  құяды. Қорық  құрамына  екі  үлкен  көл  кіреді, оларға  өзінің  жайлап  аққан  суларын  Нұра  өзені  құяды.

 

Аймақ  ауа  райы  қатаң  континентальды, қысы  суық, ұзақ  және  жазы  ыстық, құрғақ. Қар  қазан  соңында  түседі, сол  кезде  көлдер  қатады, сәуірдің  ортасында  ғана  ериді. Теңіз  ойпаты  құрғақ  далалы  және  шөлейтті  аймақтар  қиылысында  орналасқан. Мұнда  жылына  200-350  мм  ылғал  түседі.

 

Қорғалжың  көлі  көлемі  300  шаршы  шақырым, дегенмен  70-80%-ын  қамыс  пен  қоға  алып  жатыр. Барлық  осы  жиынтық  жеке  көлдер  болып  саналатын  біраз  бөліктерге  бөлінеді. Олардың  ішіндегі  ең  ірісі – Сұлтанкелді, Есей, Көкай, Жаманкөл.

 

Қорық  флорасында  жоғары  өсімдіктердің  350  түрі  кездеседі, ал  шөптесін  өсімдіктер  өте  аз. Мұнда  бұталардың  15  түрі  ғана  бар. Көлдер  мен  сорды  жағалай, негізінен  тұзды  топыраққа  бейімдерген  түрлі  сораң  шөптер, кермектер, ақсоралар  өседі. Қорық  территориясында  қорғауды  қажет  ететін, сирек  кездесетін  және  эндемиктік  өсімдіктердің  45  түрі  белгілі.

 

Қорық  жануарлар  әлеміне  өте  бай. Көлдерде  зоопланктон (су  тереңдігінде  тіршілік  ететін  омыртқасыздар)  және  зообентос (су  түбін  мекендейтіндер)  дамиды.

 

Қорық  су  қоймасында  балық  көп. Мұнда  балықтың  10  түрі  кездеседі, шортан, алтын  және  бозша  мөңке, аққайран, қарабалық, алабұға  негізінен  кәсіптік  балық  болып  табылады. ...

 

 

 

10.     Үстірт  қорығы

 

 

... Аймақтың  ауа  райы  өте  қатаң  жағдайда. Атақты  ғалым  Эдуард Эверсманн  бұл  өлкені  “Қатаң  жер”  деп  сипаттады, ол  дерлік  2 ғасыр  бұрын  жұмбақ  Үстіртке  алғаш  ғылыми  сипаттама  берді. Ішуге  жарамды  тұщы  су  дерлік  жоқтың  қасы, адамдардың  бұл  аймақта  ұзақ  болуы  мүмкін  емес. Мұнда  жазы  өте  құрғақ  және  ыстық. Қыс  айларында  температура  жиі  -41°С-қа  төмендейді. Осы  кезеңде  қатты  жел  мен  қарлы  боран  жиі  болады. Жауын-шашын  аз  болады, жылдық  орташа  мөлшері  120  мм-ге  зорға  жетеді.

 

Мұнда  сораң  өсімдіктер  басым. Үстірттің  орталық  бөлігі  өсімдіктер  тобының  негізін, баялым, бұйырғын  және  боз  жусан  құрайды. Ылғалдығы  жоғары  сазды  жерлерде  ылғал  сүйгіш  шалғын  астық  тұқымдарынан  ажырық, қазоты, қамыс  өседі.

 

Адырының  биіктігі  20-40  метр, Қарынжарық  шұңқырының  ірі  адырлы  құмдарында  жүзгін  мен  қоянсүйек  араласқан  ақ  сексеуіл  тоғайлары  кездеседі.

 

Қорық  ауданы  флорасындағы  43  тұқымдас  163  туыстың  өзекті  өсімдіктердің  250  түрі  бар. Үстірт  фаунасының  негізгі  ядросы  алабұта  тұқымдасы  өкілдері, бұл  Тұран  үшін  тән.

 

Қатаң  ауа  райы  жағдайына  қарамай, қорық  жануарлар  әлемі  бай  және  алуан  түрлі. Көптеген  авторлардың  мәліметтері  бойынша, мұнда  сүтқоректілердің  50-ден  астам  түрі  тіршілік  етеді, оның  ішінде  сирек  кездесетін  қызылкітаптық  түрлер – итаю, шағыл  мысығы, сабыншы, қарақал  кездеседі. Қорықта  құмтышқандар, соқыртышқан, қосаяқтар, саршұнақтар, ақбөкен, құм  қояны  және  басқалар  әдеттегі  түрлер  болып  саналады.

 

Егер  қорыққа  жылдың  әр  мезгілінде  барсаңыз, онда  200-дей  құс  түрін  кездестіресіз, бірақ  не  бары  52  құс  түрі  ғана  ұялайды. Қорықтағы  ең  саны  көп – бозторғайлар. Әсіресе  сұр  және  кіші  түрі  саны  жағынан  қалған  барлық  құстан  асып  түседі.

 

Қорықта  бауырымен  жорғалаушылардың  27  түрі, оның  ішінде  кесірткенің  17  түрі  мекендейді.  ...

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:

 

1) «Қазақстан Республикасы президентінің актілер жинағы.» Н .Назарбаев. 1992ж.

2)  «Табиғатты пайдалану экономикасы.» С.Мұқаұлы, С.Үнішев      1999 жыл.

3) ”Қазақстанның  қорықтары  мен  ұттық  бақтары” Алматы, 2005  жыл.