Жоспары:
Кіріспе. 2
1. Қазақстан Республикасының төлем жүйелері. 3
2. Банкаралық клиринг есебі 6
Қорытынды.. 10
Пайдаланылған әдебиеттер: 11
1. Қазақстан Республикасының төлем жүйелері.
... Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының клирингтік жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері
ҚБЕО-ң клирингтік жүйесінде банкаралық клиринг есеп айрысу үшін алдын-ала ақша депондаусыз көпжақты негізде жұмыс істейді.
Төлемдер жүйеге тәулік бойы (24 сағат) жіберіле алады және осы төлемдерді жіберуші-жүйе қатысушысы белгілеген басымдық кодтарына сәйкес кезекке тұрады. Әрбір қатысушы операциялық күн ішінде нақтылы уақыт режимінде өздерінің жүйеге жіберген барлық төлемдері жайында ақпаратқа қол жеткізе алады. Банкаралық клирингке құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүреді және оның нәтижесі бойынша қатысушылардың таза позицияларын анықтау мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәулігіне бір рет сағат 15.00 пен 16.00 аралығында жүреді. Пайдаланушылар операциялық күн жабылғанға дейін клирингке жіберген төлем құжаттарын кері қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Егер операциялық күн соңында қандай-да бір пайдаланушының шотындағы ақша қаражаты клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдарын жасауға жеткіліксіз болған жағдайда, пайдаланушының төлемдері жеткіліксіз ақша көлемінде орындалмастан жойылып, қайта есептесу жасалады. Мұндай нұсқа қатысушыларға өзініњ өтімділігін басқаруға және қарсы төлемдер ағынын барынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдары клиринг қатысушыларының таза позицияларын анықтағаннан кейін ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде жүзеге асырылады.
Одан басқа, бұл жүйеде клиринг қатысушылары болашақ күнгі төлемдермен, бірақ үш күннен ары емес (Т+3), төлем құжаттарын жіберулеріне болады. Бұл қатысушыларға өздерінің өтімділігін ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйеде жасалатын бір төлемнің жоғарғы сомасына 3 млн. теңге шектеу қойылған. ...
2. Банкаралық клиринг есебі
... Ұлттық заңға сәйкес халықаралық банктік операцияны жүзеге асыруға құқы бар кез келген банк SWIFT мүшесі бола алады. Мүше банктермен қатар SWIFT торабын пайдаланушылардың тағы екі санаты бар: қауымдастырылған мүшелері және қатысушылары. Біріншілер санатында мүше банктер филиалдары және бөлімшелері қызмет етеді. Қауымдастырылған мүшелер акционер бола алмайды және қоғам ісін басқаруға қатысу құқынан айырылған. SWIFT аталмыш қатысушылары әрқилы қаржылық институттар: торапқа қатысуға 1987 жылдан рұқсаты бар делдалдық және сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар.
SWIFT –ке ену екі кезеңнен тұрады:қоғамға мүше болуға банктің дайындығы және қоғамның іскер мүшесі ретінде банктің торапқа қосылу дайындығы. Бірінші кезеңде банк SWIFT –ке келесі құжаттар кешенін толтырып жолдайды.: кіру туралы өтініш, SWIFT жарғысын орындауға және қоғамның шығындарын қалпына келтіруге банктің міндеттемесі; банктің және қоғаммен байланысқа жауапты тұлғаның мекен жайы, банктік хабарлаулар кестесінің сипаты. SWIFT директорлар кеңесі құжаттарды талқылайды және банкті қоғамға қабылдау туралы шешім қабылдайды. Кандидат банк бір жолғы жарнаны төлеуге және қоғамның бір акциясын иемденуге құқық алады.
SWIFT–тің басты кемшілігі оған кірудің қымбаттылығы. Банктің SWIFT–ке кіру шығындары 160-200мың долларды құрайды. Бұл ұсақ банктер үшін қиындық әкеледі. Кемшілік ретінде белгілі деңгейде ішкі ұйымның күрделі техникалық жүйеге бағыныштылығын атауға болады. Келесі бір кемшілік ретінде төлем несиесін қолдану бойынша мүмкіндіктердің қысқаруын, атап айтқанда аталған аударым көрсетілетін шоттар дебеті мен кредиті арасындағы кезеңнің қысқаруын айтамыз. ...
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С.Б. Мақыш “Банк ісі” Алматы, 2007ж
2. Рудакова О.С. “Банковские услуги”
3. Сетқасимов Г.С. “Банковское дело” ...