ЖОСПАР
Кіріспе. 2
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама. 5
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы. 5
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі 6
1.3 Консолидацияланған қаржылық есеп беру. 10
ІІ Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі 14
2.1. 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері. 14
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты. 24
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары. 29
Қорытынды.. 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38
Қосымшалар. 40
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама.
1.3 Консолидацияланған қаржылық есеп беру
... Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.
№ 13 БЕС сәйкес «Консолидацияланған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі» негізгі заңды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заң тұлғалардың консолидацияланған қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егерде еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктестіктердің мәліметі консолидалынған қаржылық есеп беруге қосылмайды.
Негізгі заңды тұлғалар және оның еншілес заңды тұлғалары, яғни консолидацияға кіретіндері қаржылық есеп беруді бірлесіп, белгілі бір күні жасайды, ол үшін бір тұтас есептік саясатын пайдаланып, аналитикалық операцияларын және қаржылық-шаруашылық қызметінің оқиғаларын дайындайды.
Егер де олардың есеп беруі әр кезде жасалатын болса, ал оның айырмасы үш айды құрса, онда олардың мәліметін консолидациялауға болмайды. Егер де топ мүшелерінің пайдаланатын есеп саясаты әрқилы болса, онда қаржылық есеп беруді консолидациялауға қабылдаған есеп саясаты негізге алынады, соған сәйкес түзетулер жасалынады. Еншілес заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің нәтижесі консолидацияланған есеп беруге олардың сатып алынған күнінен бастап енгізіледі. ...
ІІ Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі
Бұл тарауда ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есептілігі, дисконтталған ақша ағымдарының есебі толық, әрі жан-жақты қамтылған.
2.1. 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
... 3 саты. Үшінші сатыда инвестициялық және қаржылық қызметтегі таза ақша қаражаттары анықталады. Ең бастысы олар, ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелерге қатысты бухгалтерлік баланстың салыстырмалы баптарының негізінде және тағы да басқадай мәліметтерге сүйену негізінде анықталады.
А) егер шоттың сальдосы «Жер» 50000 $-ға өссе және (келісім-шарттың мәліметтерінде көрсетілгендей) жерді сатып алу құны ақшамен алынған болса, инвестициялық қызметтер ішінде ақша қаражаттарының төленуі белгіленеді.
Б) егер шоттың сальдосы «Жай акциялар» 100000 $-ға өссе және (келісім-шарттың мәліметтерінде көрсетілгендей) акцияларды шығару ақша қаражаттарын төлеумен жүргізілсе, онда ол қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттары болып табылады.
Қарызды өтеу, өзіндік акцияларды сатып алу немесе келісімдерді бұзу – қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарымен белгіленеді.
Тікелей әдіс. Бұл әдіс бірнеше сатыдан өтеді.
1)саты. Бірінші сатыда таза ақша қаражаттарының өсуі мен төмендеуі
анықталады, яғни ақша қаражаттарының жыл басы мен жыл аяғының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
2)саты. Екінші сатыда табыстар мен шығындардың есебін есептеу тәсілі бойынша айқындалатын операциондық қызметтен түскен таза ақша қаражаттарды қайта есептеудің әрбір көрсеткішін кассалық әдіс бойынша есептеуді көрсетеді:
егер «табыстар мен шығындар» туралы есептілікте түсімнің көлемі-120000$ болса, ал жыл бойындағы дебиторлық қарыздық өсімі-20000$-ды құраса, онда алынған ақша қаражаттарының түсімі-100000$-ды құрайды (120000$-20000$). ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» Алматы, Экономика, 2001ж.
2 Міржақыпова С.Т. «Банктердегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2004ж.
3 М.А. Вахрушина, Л.А. Мельникова, Н.С. Пласкова «Международные стандарты учета и финансовой отчетности» Москва, 2005г.