Курсовая работа: Азаматтық-құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Құқық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
28

Мазмұны

 

 

Кіріспе. 2

І  Азаматтық-құқықтық мiндеттемелердiң жалпы сипаттамасы. 4

1.1 Міндеттеме ұғымы және оның түрлері 4

1.2 Міндеттемені орындау. 10

ІІ. Міндеттеме бойынша құқықтық жауапкершілік. 16

2.1 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы.. 16

2.2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың түрлері. 18

Қорытынды.. 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

 

 

І  Азаматтық-құқықтық мiндеттемелердiң жалпы сипаттамасы.

 

1.2 Міндеттемені орындау

 

 

... Тұрақсыздық айыбы өсім немесе айыппұл түрінде де болады. Заңнамада «тұрақсыздық айыбы» «айыппұл», «өсім» ұғымдарымен тектес ұғым ретінде берілген.

 

Заңнамада немесе шартта мынадай жағдайлар қарастырылуы мүмкін: залалды емес, тек тұрақсыздық айыбын ғана өндіруге болады; залалды тұрақсыздық айыбынан бөлек толық мөлшерде өндіртіп алуға болады; несие берушінің қалауы бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өңдіріледі. Ерекше, айыптық және балама тұрақсыздық айыбының айырмашылықтары, міне, осында: ерекше тұрақсыздық айыбында тұрақсыздық айыбын өндіртуге болады, бірақ залалды өндіртіп алуға жол берілмейді; айыптықта - залал тұрақсыздық айыбынан тыс өндіріледі; баламалыда - несие берушінің қалауы бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өндіріледі.

 

Кейбір реттерде тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі - борышкердің несие берушіге міндеттемені орындаудың орнына беретін белгілі бір ақша сомасы ретінде болады. Тұрақсыздық айыбын төлеу міндеттеменің тоқтауына әкеп соғады деп тараптар өзара келісіп, оны шартқа енгізген жағдайда тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі болып саналады. Әдетте, ерекше және баламалы тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі болады, себебі олар тұрақсыздық айыптарын өндіртіп алғанда залалды өндіртуге жол берілмейді.

 

Тұрақсыздық айыбын борышкер қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған жағдайда оның белгілі бір ақша сомасын төлеу міндеттемесі ретінде ресімдеу әңгіменің шарттық немесе заңды тұрақсыздық айыбы жайында екендігіне байланысты.  ...

 

 

 

ІІ. Міндеттеме бойынша құқықтық жауапкершілік

 

2.1 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы

 

 

... Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-жауаптылық мынадай формада болады: шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу; кепіл-пұлды жоғалту не кепілпұлдың қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге салынған мүлікке, сондай-ақ ұстап қалу ережесіне сәйкес ұстап қалынған мүлікке меншік құқығын жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б.

 

Шығынды өтеу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез келген субъективтік азаматтық құқықты (міндеттемелік, заттық, ерекше және т.б.) қорғауда қолданыла алмайды. Шығындар ұғымы және азаматтық құқықты қорғаудың шығындарды өтеу сияқты тәсілдерін азаматтық құқықты бұзудың барлық жағдайларында қолдану мүмкіншілігі АК-ның 9-бабының 4-тармағында көзделген. АК-ның 350-бабына сәйкес, өз міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған борышкер несие берушіге міндеттемені бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге міндетті, яғни құқық берілген адамды шығынға отырғызған кез келген азаматтық құқық бұзушылықта шығындарды өтеуге жол берілген. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, міндеттемені бұзғандық үшін шығындарды өтеуге қатысты шығындарды толық өтеудің АК-ның 9-бабының 4-тармағында бекімін тапқан бас принциптері қолданылады. Шығындарды толық өтеу принципі құқықтың бұзылуына байланысты несие берушіде туындаған нақты залалдың да, және жіберіп алынған пайданың да өтелуін көздейді.

 

Нақты залал дегеніміз өз құқығының бұзылуына байланысты несие беруші жұмсаған шығындардың жиынтығы (яғни бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін есептелген шығындар), оған жоғалған не бүлінген мүліктерді қалпына келтіру шығындары да кіреді. Бұл ретте, нақты залалды өтегенде несие берушінің жұмсаған шығындары да, ол жүмсауы тиіс шығындар да есептелінеді. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж. 

2. Қазақстан Республикасьгяың Азаматгық Кодексі (Жалпы бөлім), 27 желтоқсан 1994 ж.; Ерекше бөлім. 1 шілде 1999 ж.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы. 1994 ж. 27 желтоқсан. ...