Курсовая работа: Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Сельское хозяйство/ Агропроизводство
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
29

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

 

1 ТАРАУ. КҮРІШ ДАҚЫЛЫНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 5

1.1 Күріштің өсіп дамуының морфофизиологиялық сипаттамасы.. 6

1.2  Күріштің агроэкологиялық  факторларға талабы.. 8

 

2 ТАРАУ. АРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ –АГРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КҮРІШ ӨСІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ   14

 

3 ТАРАУ. КҮРІШ ӨСІРУ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ – МЕЛИОРАТИВТІК СИПАТТАМАЛАРЫ.. 19

 

4 ТАРАУ. ӨЗГЕРГЕН АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДА КҮРІШ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ.. 23

4.1 Күріш дақылының өсу дәуіріндегі күрделі (шешуші) кезеңдер. 23

4.2 Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу әдістерін оптимизациялау. 24

4.3 Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу әдістерін оптимизациялау. 25

4.4 Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тұзданған жерлерде күріш егісінің суару режимін жетілдіру. 28

 

 

1 ТАРАУ. КҮРІШ ДАҚЫЛЫНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1.2  Күріштің агроэкологиялық  факторларға талабы

 

 

... Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің бәріде кездеседі және олардың табиғи құнарлығы төмен, құрылымы нашар, қара шірігі (гумус) аз, карбонатты, құрамында калий көп, ал азот аз, фосфор орташа немесе одан төмен мөлшерде бар. Сондықтан азот және фосфор тыңайтқыштарын N120-180 және Р 90-120 кг/га әсерлі зат (ә.з.) есебімен бірге беру күріш өнімін 2,3-2,5 есе, ал аталған тыңайтқыштар жеке-жеке берілгенде - 1,2-1,5 есе, тек калий тыңайтқышы енгізілгенде -15-20% арттырады.

 

Жоғары өнім құрау үшін күріш топырақтан көп мөлшерде коректік заттар (макро және микроэлементтер) алып бойына сіңіреді.

 

Азот - белоктар, нуклейн қышқылы, ферменттер, оның ішінде НАД жәнс НАДФ, витаминдер (дәрумен) және басқада органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан, азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, дақылдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды.

 

Күріш егісін азот тыңайтқышымен оптимальды мөлшерде қамтамасыз еткенде дакылдың сабақтары мен жапырақтары жаксы өседі, өсімдіктің түптенуі артып, масақты сабақтар саны көбейеді. Сондықтан, азот тыңайтқышы, суару және температуралық режимдермен қатар масақты сабақтар қалындығын және жоғары өнім күралуын реттейтін күшті факторлардың бірі. Осыған сәйкес өнім компоненттеріне әсер ету үшін азот тыңайтқышын себу алдыңда.және үстеп коректендіру ретінде беру керек.

 

Фосфор өсімдікте заттар алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклейн қышқылдары (ДНК және РНК), нуклеотидтер, фосфолипидтер, витаминдер және басқада органикалық заттар құрамына кіреді. Фосфордың топырақта аз болуы күріш дақылының жас кезінде сабақ пен жапырактардың, әсіресе тамыр жүйесінің өсуін тежейді. Бұл тыңайткыштың оптимальды мөлшерде болуы дакылдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді.

 

Калий протоплазма кұрамының ылғалдылығын арттырып, қоюлану процесін тежейді. Калийдің көп белігі (70%) клеткада бос ион түрінде кездеседі, ал қалған белігі (30%) адсорбталған жағдайда болады. Калий өсімдіктегі көмірсулар қозғалысына және көмірсу - белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді. ...

 

 

 

3 – ТАРАУ. КҮРІШ ӨСІРУ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ – МЕЛИОРАТИВТІК СИПАТТАМАЛАРЫ

 

 

... Арал   өңірінде   күріш   ұзақ  жылдар   бойы   (1965-2005 ж.ж.) өсірілуі әсерінен аймақтағы жер асты суларының деңгейі күріш егілген  суармалы жерлерде және де күріш егілмеген көрші табиғи агрофитоценоздар астындағы сулар деңгейінің жалпы көтерілуіне себепкер болды. 1980-1985 жылдар күріш жыл сайын 90-100,3 мың гектар жерлерге егіліп өсірілді (2-кесте). Бұл өз кезегінде жер асты суы деңгейінің көтерілуін туындатты. Мысалы, 1990-2000 жылдары жер асты суы деңгейі 2-3 м болатын суармалы жерлер сөлемі артып, 199,5-221,3 мың гектарга жетті. Сонымен бірге, жер асты суларының минерализациялануы күшейіп, 1-3 г/л және одан да жоғары (5г/л) болды (4 –кесте).

 

Сыр өңірінде Түгіскен, Жаңақорған - Шиелі, Қызылорда, Қазалы алқаптарын игергенге дейін (ягни 1965-1966 жылдарға дейін) жер асты суларының режимі табиғи факторларға байланысты болатын және де гидрогеологиялық тип бойынша қалыптасатын. Жер асты суларын толықтырушы көз - Сырдария өзені еді, ал атмосфералық жауын-шашынның әсері жоқ. Ол кезеңдерде, яғни 1965-1974 жылға дейін суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы қалыпты әрі тұрақты болатын. Жер асты сулары 4-6м одан да тереңге орналасқан және олардың жылдық (немесе маусымдық) ауытқуы 0,4 -0,6 м аралығында еді.

 

Сырдария өзенінің суы табиғи құнарлы сапасынан айрылған. Су құрамындағы органикалық және ылайлы бөлшектердің орнына зиянды қоспалар жылдан жылға көбейіп келеді. Өзен арнасына минерализацияланған тұздар, пестицидтер және улы заттар қосылған қашыртқы-дренаж сулары, өндіріс орындары мен елді мекендерден шыққан лас сулардың қосылуы (құйылуы) нәтижесінде дария суының сапасы нашарлауда. Мысалы, Сырдария өзенінің жоғарғы (бас) жағындағы суының минерализациялануы 0,3-0,5 г/л мөлшерінен төмен, ал Қызылорда қаласы түсындағы өзен суының минерализациялануы 1,6-2,0 г/л.

 

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы сү ресурстарының жылдан жылға азайған қолайсыз жағдайда дамуда.

 

Арал өңіріндегі суармалы жерлердің агроэкологиялық және мелиоративтік жағдайының нашарлауы коллекторлы - дренажды ағын суларда тұзды қоспалардың көбеюіне және жер асты суларынының көтеріліп минерализациялануына байланысты. Бұл процесс күшейе түсуде, ал соңғы 10 жыл ішінде 60 %-ға артты. Мүның себебі: суару және жер асты суларының минерализациялануы, сонымен бірге бүкіл аймақтағы қашыртқы - дренажды жүйелердің нашар, бұрынғы проектілік қуатынан көп төмен жұмыс істеуіне байланысты.

 

 

5 – кесте. 

Алынған су мөлшері, орташа суару нормасы және күріш  өнімділігі [76,77]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдар

 

 

Суарылған егіс көлемі, мың га

 

 

Алынған су мөлшері млн.м3

 

 

Орташа суару нормасы, м3/га

 

 

Күріш өнімділігі, ц/га 

 

 

1970

 

 

139,9

 

 

7292,6

 

 

31,4

 

 

34,7

 

 

1975

 

 

145,4

 

 

3057,6

 

 

21,0

 

 

42,5

 

 

1980

 

 

224,8

 

 

6880,0

 

 

30,6

 

 

49,4

 

 

1985

 

 

151,7

 

 

4987,4

 

 

19,8

 

 

47,2

 

 

1990

 

 

258,3

 

 

4869,2

 

 

18,1

 

 

52,0

 

 

1995

 

 

231,4

 

 

4308,1

 

 

19,6

 

 

49,0

 

 

2000

 

 

150,0

 

 

3168,0

 

 

21,1

 

 

40,0

 

 

2002

 

 

145,9

 

 

2729,0

 

 

18,7

 

 

37,5

 

 

2003

 

 

146,3

 

 

2760,9

 

 

19,1

 

 

    33,5

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ТАРАУ. ӨЗГЕРГЕН АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДА КҮРІШ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ

 

4.3 Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу әдістерін оптимизациялау

 

... 26 мамырдан кейін Маржан сорты тұқымын себу үшін ұзақ мерзімді ауа райы болжамын білу керек. Қазақстандық Арал өңірі жағдайында тамыз айының екінші жартысында және қыркүйек айында ең төмен (минималды) температурада +140С –тан жоғары болғаны жөн. Сонда Маржан сортынан біршама жоғары өнім алуға болады.  

Ғылыми - зерттеу және азат тәжірибе нәтижелеріне қарағанда, күріш егісіне берілген азот, фосфор мөлшерін және калий тыңайтқыштарың арақатынасы - N:Р:К-1:0,7:0,5 (4-кесте), ал топырағы өте тұзданған танаптарда - N:Р-1:1-0,8 болғанда жоғары әрі сапалы өнім алынады. Бірақ, бұл арақатынаспен тыңайтқыштар енгізген кезде топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерін есепке алған дұрыс. Яғни, нақты топырақ және басқа өзгерген агроэкологиялық жағдайында тыңайтқыштар енгізудің мұндай арақатынасы қайта анықталуы тиіс.

Жоғары өнімді (яғни, үйлесімді тығыз) күріш егісіне оптимальды дозада азот және фосфор тыңайтқышы берілгенде өнім күрт артады, дән сапасы жақсарады, оның құрамында биологиялық бағалы қосындылар (белок, витамин т.б.) көбейеді, сонымен бірге топырақ құнарлығы да артады.

Азот тыңайтқышы көп мөлшерде N240 кг/га ә.з. және одан да жоғары) берілгенде, егістіктегі күріш өсімдігінің ауруға шалдығуы және зиянкестермен зақымдануы күшейе түседі. ...