Курсовая работа: Өкілдік және сенімхат, оның түрлері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
27

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы.. 5

1.1. Өкілдіктің қолданылу аясы. 8

1.2. Өкілдіктің түрлері 11

2. Сенімхат. 16

2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы.. 19

2.2. Сенімхатты тоқтату. 22

Қорытынды.. 24

Пайдаланылған әдебиеттер. 26

 

 

1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

 

 1.2. Өкілдіктің түрлері

 

 

 

... Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).

 

Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.

 

Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атанынан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.

 

Өз атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы). Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.). ...

 

 

 

2. Сенімхат

 

2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы

 

 

... Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын жергілті басқару орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының басқа да түрімен жіберілген, құжатты жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады.

 

Үшінші тұлға ресмим байланыс органының қатысуынсыз, факсмальді немесе басқа байланыс құралымен жіберілген сенімхаттарды әрекетті жүзеге асыру үшін жарамсыз деп тануына құқығы бар.

 

Мемлекеттік органдардың, комерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың ақша және басқа да бағалы заттарды алуға немесе беруге арналған сенімхаттарына сол ұйымның бас есепшісі қол қоюы қажет.

 

Нотариалды куәландырылған сенімхатты берудің Азаматтық Кодексте екі жағдайы қарастырылған:

 

1) мүлікті басқаруға арналған сенімхат; 2) мәміле жасауға арналған сенімхат (мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасауға арналған).

 

Нотариалды және оған теңестірілген сенімхаттардан басқа өкілетті орган растайтын сенімхаттарда болады. Олар сенім берушінің атынан жалақы алу, т.б. сол сияқты әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі.

 

Қарапайым сенімхат заңды тұлғаның мөрі қойылып, сенім берушінің қол қоя отыруымен заңды түрде беріледі.

 

Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі кәуландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.  ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 1.  Жайлин Ғ. А. «Азаматтық құқық». ІІ том. Алматы 2006.

 

2. “Қазақстан Республикасы азаматтық құқықғы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл(65-74),

 

3. “Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл( 70-85б),

 

4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. А. 2002 ж. ...