Курсовая работа: Құқық бұзушылықтарға түрлері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Құқық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
31

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе. 2

1.ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ. 5

1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі 5

1.2 Құқық бұзушылықтың мәні 7

2. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ СИПАТТАЙТЫН БЕЛГІ-НЫШАНДАР. 9

2.1 Құқық бұзушылықтың занды құрамы.. 12

2.2 Құқық бұзушылықтың түрлері 16

2.3 Құқық бұзушылықтың себептері 19

3. ЗАНДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 22

ҚОРЫТЫНДЫ.. 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

 

 

1.ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ.

 

1.2 Құқық бұзушылықтың мәні

 

 

... Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау — өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. -

 

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз. ...

 

 

 

2. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ СИПАТТАЙТЫН БЕЛГІ-НЫШАНДАР

 

2.3 Құқық бұзушылықтың себептері

 

... Азаматтар құқық нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:

 

1)   Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген занды әрекеттері оның түрлері сан алуан.

 

2)  Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әңине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеме ұтпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайлыган пайдаланып, теріс ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.

 

Міне осындай енжарлықты белсенділікке айналдыру қажет. Оның негізгі шарты — еңбекке баулу. Құқық нормаларын адал, ақ ниетпен іс жүзіне асырған азаматтарға көтермелеу шараларын белгілесе, ол нормалар белсенділікке негіз болары сөзсіз. ...

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Административное  право. Оқулык, жауапты редакторы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.

2. Ағыбаев А.  Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы  бөлім. Алматы, 2001 ж.

3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.

4. Айымханова  Н. Қазакстан Республикасының  еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. ...