Мазмұны
Кіріспе. 2
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі 3
1.1 Банктердің пайда болуы және дамуы.. 3
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы.. 8
1.3 Банктің маңызы. 9
2 Банкілік нарық. 15
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама. 15
2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы.. 15
2.3 Міндетті резервтеу саясаты. 23
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі 28
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама. 28
3.2 Банктің активтері мен пассивтерін басқару. 34
Қорытынды.. 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.3 Банктің маңызы.
... Халыкаралық практикада Орталық банктер үлкейтілген түрде үш атқарым орындайды: Реттеуші, бақылаушы және ақпаратты-зертгеуші. Осындай жағдайда Орталық банктің атқарымдары бірімен бірі тоқайласып жатыр, бір атқарымнан екінші атқарым шығады. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің атқарымдары осы үш атқаратын нақтылауы болып табылады және халықаралық практикаға қайшы келмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң, басқа банктерге байланысты Заңдармен әрекеттес. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Занда, екінші дәрежелі банктер және басқа да несие институттеріне арналған ережелермен қатар олардың Қазақстан Республикасының, Ұлттық банкісінің алдындағы құқықтары мен міндеттері анықталады (бұл заң жөнінде келесі тарауда толығырақ айтылады). Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік факторлардың, әсерімен анықталады. Олардық ішінде мыналарды бөліп айтуға болады;
- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге мемлекеттің қатынасы;
- Банктің басқарушылар құрамын тағайындау процесі;
- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту дәрежесі;
- Ақша-несие саясатына араласуға мемлекеттің құкығы;
- Орталық банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама каржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып талдасақ, оның тәуелсіздігінің дәрежесі нольге тең болып шығады. Өйткені, біріншіден, оның негізгі капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден, жоғарыда айтылғандай, банктің, басқарушылар құрамын толығымен елдің Президенті тағайындайды және босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқарма мүшелігіне бір Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9 басқарма мүшелерінің 1/3 банктің аппаратынан тыс адамдар; Үшіншіден, жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттері, атқарымдары, өкілеттігі мең құқықтары толығымен жете жазылған. ...
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама
... Банкінің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып белінеді:
- несиелеу операциялары - (есептеу-несиелеу);
- есеп айырысу операциялары;
- кассалық операциялар;
- инвестициялык, қорлық операциялар;
- кепілді операциялар.
Несиелеу операциялары — қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық негізінде қаржы беру операциялалары. Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп (есеп-несие) операциясының қатарына кіреді; Есеп айырысу операциялары — қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар;
Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады. Кассалық операциялар — Қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-кол ақшаның қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар — Банктің күрделі қаржысының құнды қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе "Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы" Заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың негізгі капиталына жарна салуға болмайды.
Кепілді операциялар - Кепілдеме (кепілгерлік) беру, белгіленген жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын етеу операциялары. Сонымен қатар, банкініқ активтік операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай — қауіпті және қауіпі-бейтарап операциялары; орналастыру түріне (бағытына) карай: бірінші және екінші; пайдалық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді. ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. ав. Баян Көшенова Алматы «экономика» 2000ж.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» ҚР Президентінің Заң күші бвр Жарлығы 1995ж.
3. Банковскиедело /Под. ред. О. М. Лаврушина Финанси и статистика, 1998г. ...