Курсовая работа: Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Бухгалтерский учет, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
50

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ. 3

 

1-ТАРАУ. ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.. 5

1.1 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі 5

1.2 Ұйымның экономикалық саясаты.. 9

 

2-ТАРАУ. ҰЙЫМДАРДАҒЫ АҚШАЛАРДЫҢ ЕСЕБІ 14

2.1 Ұйымдардағы касса операцияларының есебін ұйымдастыру. 14

2.2 Есеп айрысу шотындағы ақшалардың есебі 20

2.3 Валюталық және банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар есебі 25

2.4 Аударылған жолдағы ақшалай қаржылар есебі 31

 

3-ТАРАУ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ІШКІ АУДИТІ 34

3.1 Ұйымның ақшаларын аудиторлық тексерудің маңызы мен мақсаты.. 34

3.2 Ақша қозғалысын ішкі бақылау. 35

3.3 Ақшалардың ішкі аудиті 36

3.4 Ақшалардың қозғалысың талдау. 43

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 49

 

 

1-ТАРАУ. ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

 

 

 

1.2 Ұйымның экономикалық саясаты

 

 

... Бухгалтерлік есепте сатып алынған тауарлар есебі 222 “Алынған тауарлар” деген шотта есептелінеді.  Баспа өнімдері бізге көбінесе Ресейдегі “Издательский Дом бурда” кәсіпорнынан авиатранспорттық және үлкен көліктермен жеткізіледі.  Бізге келмес бұрын кедендік бақылаудан өтеді, сосың складка апарылады, кіріске алынады, содан кейін барып өткізіледі. Баспа өнімдерінің, яғни журналдардың өзіндік құны рессейлік рубльмен көрсетілген. Сондықтан біз оны кіріске алған кезде Ұлттық Банк бекіткен сол күндегі теңге айналдырамыз. Сатып алынған тауардың құнына қосылмаған шығындар 821 “Жалпы және әкімшілік” шығындар есебінен кетеді. Өткізу бойынша кеткен шығындар 811 “Дайын  өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығыстар” шотына апарылады. Бұған көбінесе жарнама шығындары жатқызылады. Шығындарды есептен шығару акт негізінде жүргізіледі. “Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғамының президентінің келісуімен.

 

Шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есепке алудың №4 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” және №9 “Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу” – деп аталатын стандартқа сәйкес жүргізеледі.

 

“Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғам “Алматы сауда – қаржы” банкінде Алматы қаласында валюталық шоты бар. 43 (Валюталық шоттағы ақшалар, яғни ресейлік рубль және АҚШ-тың доллары номиналдық құны бойынша); 431 (ел ішіндегі валюталық  шоттағы ақша, оның ішінде ресейлік рубль және АҚШ-тың доллары); 431-1 (АҚШ доллар түріндегі ақшасы); 431-2 (рессейлік рубль). Сатып алу және сату бойынша курстық айырма 431 шотта көрсетіледі, яғни корреспонденция берген кезде 725 “Бағамдар айырмашылығынан алынатын табыс” және 844 “ Бағам айырмасы бойынша шығыстар” шоттары бойынша беріледі. Курстық айырма қаржылық есеп берген кезде табыс немесе шығын ретінде көрсетіледі.

 

Заңды тұлғалардан ұсталынатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп БЕС №11 “Табыс салығы” бөліміне сәйкес жүргізіледі. Салық талаптары мен бухгалтерлік талаптар арасында үнемі айырмашылықтар болып отырады. Көбінесе бухгалтерлік табыс пен салық табысы арасында айырма болып отырады. Әсірісе шығындарға байланысты. Оларға:

 

-  іс-сапарға кеткен шығындар;

 

-  курстық айырма;

 

-  айып пұл санкциялары.

 

Заңды тұлғалардан ұсталынатын корпоративтік табыс салығы шығындарға жатқызылады да сол  отчеттық кезенде есептеледі, яғни Дт 851 “Корпорациялық табыс салығы бойынша шығындар”    Кт 631 “Төленетін корпорациялық табыс салығы”. Бухгалтерлік табыс - табыс пен шығынның айырмасы түрінде есептелінеді, яғни бухгалтерлік стандартқа сәйкес. ...

 

 

 

3-ТАРАУ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ІШКІ АУДИТІ

 

3.3 Ақшалардың ішкі аудиті 

 

 

... Ұйымдар товарды импорт бойынша сатып алған кезде келіп түскен товарлардың сатып алу құны кәсіпорынға кіріске алу күніне шартта қаралған, олардың құнына қарай есептеледі. Кеден төлемдерін сатып алу және тасымалдау бойынша тасымалдау және басқа да шығындарын, ал товар алмастыру операцияларын жасаған кезде сату есебі және қаржылық нәтижесін анықтау импорттауды жүк кеденінің декларациясында көрсетілген жұлдызына шартта көрсетілген құны бойынша жүргізіледі.

 

Бұндай жағдайда салық салу мақсаты үшін келісім жасалған мезетінде қолданылған өнімнің нарықтық бағасы бойынша есептелген құнынан төмен болмауы керек. Шаруашылық ұйымыдары тұрған жерінен басқа жерде орналасқан басқа да шаруашылық есептегі бөлімшелерге аудиторлық тексеру жүргізу барысында аудитор:

 

-  өз алдына жеке балансқа бөлінбеген құрылымдардың, бөлімшелердің шығындарын негізгі өндіріс және айналым шығындарының құрамына ендірудің негізділігін,

 

-  банктен сатып алынған депозиттік сертификаттың бар екендігін,

 

-  жасалған бухгалтерлік корреспонденциялардың дұрыстығын: сондай-ақ 421-424 шоттарында көрсетілген операциялары бойынша номері 3-журнал ордер және бас кітаптағы жазулар мен банк көшірмелеріндегі жазулардың сәйкестігін тексеруі қажет.

 

Егер арнайы шоттарда шетелдік валютасы көрсетілсе, онда операциялар валюталық операциялар жүргізілетіндей тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

 

Аудитор жолдағы ұлттық және шеттелдік валютадағы  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарды зерттеуі қажет. Яғни әлі келіп түспеген, өз мақсаты бойынша есептелмеген, кәсіпорынның есеп айырысу және басқа да шоттарына есептеу үшін банктің кассаларына, жинақ кассаларына немесе пошта бөлімшелерінің кассаларына салынған ақшалай сомаларын айтамыз. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

1. Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы”  1995-жылғы 26-желтоқсандағы №2732- заңы (2002-жылғы 24-маусымдағы толықтруларымен қоса).

 

2. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы”  1998-жылғы 20-қарашадағы №20- заң күші бар жарлығы (2001- жылғы 15- қарашадағы өзгертулер және толықтырулармен).

 

3. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 2001-жылғы 12-маусымдағы №209-ІІ Қазақстан Республикасының салық кодексі. ...