Дипломная работа: Зерттелген кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Бухгалтерский учет, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
51

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ. 3

 

I ЗЕРТТЕЛГЕН КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ   5

1.1 Зерттелген кәсіпорынның техника-экономикалық сипаты. 5

1.2 Есеп саясаты және оның ашылуы. 10

1.3 Еңбекақының түрлері мен нысандары.. 13

 

II. ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. 20

2.1. Еңбекті есептеудің жалпы ережесі 20

2.2. Еңбек ақыны есептеу тәртібі 25

2.3 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар. 31

 

3.   ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖОҒАРҒЫ САТЫҒА КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ.. 37

3.1 Еңбек қорын және еңбек ақыны талдау. 37

3.2 Еңбек ақы есебінің аудиті. 45

3.3 Еңбекақыны жетілдіру жолдары.. 49

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 52

 

 

II. ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

 

2.3 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар.

 

 

... Кәсіпорынның «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы қорына аударым қаражаттардын уақтылы төлемегені үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақтылы зейнетақы қорына аударылмаған жарна үшін есептелген өсім сомасына бухгалтерияда мына түрдегі жазу жазылады:

 

Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты,

 

К-т:  «Зейнетақы мен қамтымасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоты.

 

Ал бұл соманы кәсіпорын тиісті қорға аударған уақытта:

 

Д-т:  «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты,

 

К-т:  «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

 

Зейетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбеақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10 % (он пайыз) мөлшеріде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың  10-жұлдызынан кеш қалмауы керек.

 

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінші жұлдызында шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемелекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционелік қоғам түрінде құрылап, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетқы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестицилап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізілетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салынуға құқығы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. ...

 

 

 

3.   ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖОҒАРҒЫ САТЫҒА КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Еңбек қорын және еңбек ақыны талдау.

 

 

...   Екінші кезең-талдау мақсатына математикалық сипат беру, еңбекақы дәрежесінің қызметтің таңдаулы қорытынды көрсеткіштерімен байланысын анықтау және оның қалыптастыруында қатысуын көрсету.

 

  Егер еңбекақы мен кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерінің өзара байланысын экономикалық талдау да математикалық тәсілдердің кең көлемін қолдану мүмкіншілігі бар: математикалық талдаудың классикалық тәсілдерінен бастап имитациялық модельдеу және математикалық статистиканың жаңа тәсілдеріне дейін. Дегенмен, мұндағы мақсат-соның негізінде функцияның (f) сипатын ашуға болатындай математикалық әдістерді табу. Берілген мәні бойынша ақырғы аргументтер-көрсеткіштер (x) көмегімен нәтижелейтін белгінің (Yі) мәнін анықтауға болады.

 

  (Yi) есептегенде қандай функцияны алсақ та, барлық жағдайда бақыланбайтын көрсеткіш

 

  (Еі) әсерімен анықталатын біраз қалдық орын алатын болады. Бұл қасиетті келесідей түрде жазуға болады:

 

 

 

                      Уi=f(xi1, хі2,…, хіn)+Еі

 

  Экономикалық процестер мен құбылыстардың, соның ішінде, кәсіпорын сияқты істеп тұрған жүйелердің жұмысшы кірісінің қалыптасу процесінің, ықтималдық сипаты оларды зерттеу үшін корремациялық көп факторлы моделдерді және регрессиялық моделдерді қолдану мүмкіндігін және мақсатқа лайықтығын шарт етеді.

 

  Математикалық есеп келесі түрде қалыптастырылады:

 

   У  - зерттеліп отырған көрсеткіш (орташа еңбек ақы деңгейі), і=I+n болғандағы Кі-оның деңгейінде әсер ететін факторлар болсын (өнім көлемі, еңбек, қызмет көлемі, еңбек өнімділігі, пайда т.б.). Математикалық статистикалық моделдеу практикасында зерттеушілер әдетте сызықтық үлгідегі моделдерге қалауын береді.

 

  Жұмысшылардың еңбекақы деңгейінің қалыптасу процесін экономикалық математикалық моделдеудің келесі кезеңі жұмыстың соңғы нәтижелеріне тәуелді таңдаулы математикалық-статистикалық моделдерді машиналық тарату болып табылады. Ол үшін сәйкес программалық қамтамасыз ету қажет. Қазіргі уақытта дайын программалық өнімді (экономикалық өңдеу үшін қолданбалы программа пакеттері) пайдаланудың жеке программаларды зерттеушімен жазудан қарағанда даусыз артықшылығы бар. Сөйтіп, еңбекақының нәтижелілігін зерттеу үшін таңдалған жоғарыда көрсетілген математикалық ақпаратты ЭЕМ-да таратуды өріс алған JBM PC XT(AT)-ге бағытталған қуатты ППП “АРМ - Стат” қамтамасыз етеді. ППП “АРМ-Стат”-қа программалардың үлкен тізімі кіреді, соның ішінде “Корреляциялық талдау”, “Ең кіші квадрат әдісімен регрессияны бағалау”, “Адымдаған регрессия”.

 

  Төртінші этап-алған нәтижелердің экономикалық интерпритациясы. Сонымен бірге, сапалы нәтижелер жұмысшы кірісінің қалыптасу қасиеті және заңдылығы ретінде (еңбектің соңғы экономикалық нәтижелеріне байланысты), әдістер алгоритмы талдау механизмі ретінде, сандық нәтижелер әр фактор бөлек және өзара байланысты еңбек ақының деңгейіне әсер етуінің сандық сипаты ретінде интерпретацияланады. Шыққан нәтижелердің экономикалық интерпретациясы мынаған мүмкіндік береді:

 

-  еңбек ақы жүйесінің әрекеттілігін бағалауға арналған анық ақпаратты алу;

 

-  кәсіпорын қызметінің нәтижелерін жақсартудағы бөлімшедеге нашар звеносын анықтау;

 

-  еңбек ақы деңгейіне қандай факторлар, қалай және қаншалықты әсер ететінін анықтау.

 

  Бұдан басқа, экономикалық-статистикалық модельдердің көмегімен еңбек ақы деңгейінің қызмет нәтижелерінің өзгеруінен экономикалық келісілген тәуелділігі айқындалған жағдайларда алынған мәліметтер, өз кезегінде, негізгі база ретінде жұмыс қорытындыларын жақсарту есебінен жұмысшы кірісі өсуінің қосымша резервтерін табу үшін қолданыла алады. Бұған экономикалық-статистикалық модельдеу әдістерін талдауды дәстүрлі әдістерімен үйлестіру арқылы қол жеткізіледі. Мысалы, қызмет көрсеткіштерін жақсарту есебінен еңбекақыны, соның ішінде рентабельділіктің өсімін, көтеру мүмкіндігін анықтау үшін, ал резервтерін айқындау үшін талдаудың дәстүрлі әдістерін қолдану жеткілікті. Мұндай әдісті модельге енгізумен басқа да қорытындылайтын көрсеткіштерге қолданатын болсақ, онда еңбекақы мен кәсіпорын қызметінің нәтижелерінің өзара байланысын талдауға өндірістік факторлардың қисапсыз санын қатыстыруға болатынды.

 

  Сіре, мұндай амалдарды қолданған кезде осығанға дейін еңбек ақыны талдаудың дәстүрлі әдістерінен көрінбеген, жұмысшылардың кірісін көтеру қорларын анықтаудың жаңа мүмкіндіктері көбейеді.       

 

 Еңбекақы және өндірушілік. Қазіргі  нарықтық экономикалық жағдайда – қызметкерлердің еңбекақысның өсу шегі кәсіпорын бойынша орташа (бір жұмысшыға) және оның толық сомасы, елдегі инфляция процесін бейнелеуі болып табылады және егер де оның өсу шапшаңдығы инфляция шапшаңдығына сәйкес келсе, онда жалпы жағдайда еңбекақы қорының қаражаттарын пайдалану нәтижелілігі туралы ешқандай қорытынды жасауға болмайды. Алайда, елдегі бағаның жалпы өсімінен басқа кәсіпорын  қызметкерлерінің еңбекақысы жалпы алғанда сол кәсіпорынның нақты шығарылған өнім және әр қызметкердің жеке үлесін қамтып көрсетуі керек.Әр жұмысшының түгелідей кәсіпорын қызметінің нәтижесінде қосқан еңбек үлесі туралы айтқанда, мұндай үлесті жұмысшының жеке айырмашылықтарын есепке ала отырып бағалау тәсілі – еңбекке қатысудың коэффиценті жүйесі болып табылады. Мұндай жүйенің субъективтілігі    ең аз болатын жағдай деп ол кейбір коэффиценттер мен анықталған міндеттемелер не разрядттардың қатынасынан құралған кезде санауға болады.  ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

1. С. Раймов, Б. Укашев «Бухгалтерлік есеп теориясы» Алматы-1994 Республикалық баспа кабинеті -113 бет.

2. «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы-2003 ж. №3, №4.

3. «Бухгалтер. KZ.  Алматы -2004 ж. №11

4. С.Б. Баймұханова, Ә.Ж. Балапанова «Бухгалтерлік есеп»  Алматы-2001 ж. 278 бет. «Қазақ университеті» ...