Жоспар
КІРІСПЕ. 3
I БӨЛІМ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАЙ ҚОРЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Инвестициялық пай қорларының құқықтық жағдайы, оларды құру және активтерін сенімгерлік басқару шарты.. 5
1.2 Инвестициялық пай қорларының пайы, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және оларды орналастыру. 6
1.3 Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу 9
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАЙ ҚОРЛАРЫ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 12
2.1. Инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру. 12
2.2 Жабық инвестициялық пай қоры, оның пай ұстаушыларының жалпы жиналысы 15
2.3 Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуға негіздемелер. 17
ІІІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАЙ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ 22
3.1. Инвестициялық пай қоры пайларының банк депозиттеріне балама ретінде 22
ҚОРЫТЫНДЫ.. 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
I БӨЛІМ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАЙ ҚОРЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.3 Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу
... Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды тоқтата тұру кезінде сонымен бір мезгілде осы қордың пайларын орналастыру тоқтатыла тұрады. Пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алу осындай тоқтата тұруға себеп болған бұзушылықтар жойылғанға дейін белгісіз мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда, басқарушы компания осындай тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою жөніндегі шараларды көрсете отырып, уәкілетті органға бұл туралы сол күні жазбаша хабарлауға міндетті. Орналастыру және (немесе) сатып алу басталған күні басқарушы компания уәкілетті органды орналастырудың және (немесе) сатып алудың қайта басталғаны жөнінде хабардар етуге міндетті.
Егер бұл қор пайларын ұстаушылардың мүдделеріне сай келмесе, уәкілетті орган басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруына тыйым салуға, сондай-ақ осындай тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғанға дейін пайларды орналастыру мен сатып алуды қайта бастауға тыйым салуға құқылы. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға басқарушы компанияның, тіркеушінің немесе кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылғаны немесе қайтарып алынғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап лицензияның қолданылуы қайта басталған, басқа басқарушы компания, тіркеуші, қордың басқа кастодианы тағайындалған немесе қордың жұмыс істеуі тоқтатылған күнге дейін тоқтата тұруға міндетті. ...
ІІІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАЙ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ
3.1. Инвестициялық пай қоры пайларының банк депозиттеріне балама ретінде
... Пай сатып алу үшін аса көп көлемде бос ақшаның болуы да, қор нарығын жақсы білу де керек емес, сонымен қатар қор нарығын күнделікті бақылау да қажет емес.
Пай ұстаушылардың қаражаттарын инвестициялаумен басқарушы компания айналысады. Ал басқарушы компанияның жұмысын мемлекет және маманданған тіркеушілер қатаң бақылап отырады. Басқарушы компания қордың мүлкін инвестициялық ресурс ретінде басқарады, бірақ оның қордың мүлкін иелену құқығы жоқ. Инвестициялық пай қорлары заңды тұлға болып табылмағандықтан салық төлемейді, ал қорды құрайтын мүлік салық салу объектісі болып табылмайды. Пай қорларының табысы салықтан босатылады, сонымен қатар инвестициялық пай қорларының пайларына инвестициялаған тұлғалардың да табысы салық салудан босатылады. Міндетті резервтер қорына аударымдар жасалмайтындықтан, инвестициялық пай қорларының құралдары коммерциялық айналымда үнемі ұлғайып отырады. Жеке пай ұстаушыларға қор қызметінің анықтылығы және инвестиция сомаларының минималды мөлшерінің салыстырмалы аз болуы инвестициялық пай қорларының банктерге мықты бәсекелес екендігін көрсетеді.
Инвестициялық қор нарығының әлемдік көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, қазақстандық инвестициялық пай қорларының саны әлі де болса өте аз. Мысалға АҚШ-та халықтың 2/3 бөлігі ұжымдық инвестициялау қорларының пай ұстаушылары болып табылады, ал пай қорлары нарығының көлемі 7,4 трлн. долларды құрайды. Ал біздің елімізде аналитиктердің болжамы бойынша 2006 жылы қазақстандық инвестициялық пай қорлары 300 млн. доллар көлемінде немесе халықтың банктердегі қазіргі депозиттік базасының 10% -тей ақша қаражаттарын тартады деп көзделіп отыр. Себебі Қазақстанда банктік салымдар бойынша ставкілер шамамен 5-тен 12-ге дейінгі жылдық процентті құрайды. Оның өзі инвестициялау мерзімі мен валютаға тікелей байланысты. Сыйақының максималды мөлшерін алу үшін салымды теңгемен 5-6 жылға немесе одан да ұзаққа салу керек. Қысқа мерзімге салуды ойлау да керек емес – жинақтарды инфляция жеп қояды. Ал инвестициялық пай қорлары пайларының құны 1 жылдан кейін кем дегенде 13-14%-ке өсіп кетуі мүмкін. Қазіргі кездің өзінде ірі пай ұстаушылардың пайлары 30-35% көлемінде жылдық таза табыс әкеліп отыр. Яғни бұл жерде инвестициялық пай қорлары мен банк депозиттерінің айырмашылығын айқын сезуге болады. Бұл айырмашылық келесі таблицада көрсетілген. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 10 шілде, 2004 жыл.
2. «Рынок ценных бумаг Казахстан» журнал, №2 2005 жыл.
3. «Рынок ценных бумаг Казахстан» журнал, «О проблемах и перспективах индустрии инвестиционных фондов в Казахстане», №5 2005 жыл.
4. «Рынок ценных бумаг Казахстан» «Структура активов российских инвестиционных фондов и их категории», журнал, №6 2005 жыл. ...