МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙРЫСУЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 4
1.1 Есеп айырысу операцияларының мәні және олардың жіктелуі 4
1.2. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру қағидалары.. 6
1.3. Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары мен формалары.. 10
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ.. 23
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі 23
2.2. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызметін талдау. 27
3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ 38
3.1. Төлем карточкаларымен есеп айырысуларды дамыту. 38
3.2 Банктердің электрондық қызметтерін дамыту. 41
ҚОРЫТЫНДЫ.. 46
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 47
ҚОСЫМШАЛАР
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
2.2. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызметін талдау
... 4-кестедегі мәліметтерден соңғы жылдардағы шетел капиталы қатысқан банктердің және өзге қатысушылардың төлем айналымындағы үлесінің өсіп отырғандығын, ал бес ірі банктер үлесінің 2003 жылдары кемігендігін көруге болады. Шетел капиталы қатысқан банктердің үлесінің жоғары болуы бұл еліміздегі экономикалық және саяси тұрақтылыққа байланысты экономикаға шетел капиталының қатысуының ұлғаюы және сыртқы байланыстардың күшеюімен сипатталады.
Ұсақ төлем жүйесі бұл төлем жүйесіне қатысушылардың арасындағы белгілі мөлшерден аспайтын ақшалай аударымдар мен төлемдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Ұсақ төлемдер жүйесі Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс жасайды. Оны пайдаланушыларға мыналар жатады:
- ҚР Ұлттық банкі.
- ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.
- Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.
- Екінші деңгейдегі банктер.
- Облыстық клирингтік палаталар.
- «Қазпошта» РМК
Ұсақ төлемдер жүйесінің басты ерекшеліктері мынадай:
- пайдаланушылар қатарында Қазақстаннның барлық банктерімен қатар, жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік емес қаржы мекемелері (Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, Қазынашылық, банктердің филиалдары) бар;
- тек қана электрондық төлем құжаттарын қабылдайды.
- бір төлемнің сомасы 3 000 000 теңгеден аспауына шек қойылады;
- пайдаланушыларға алдағы күндермен (Т+3) валюталау күнін қоя отырып, төлемдерді жіберуге мүмкіндік беріледі, яғни сол күнге дейін олар сақталады да күні жеткенде өңдеуге қабылданады;
- пайдаланушылардың төлем жүйесіне кіруде бірнеше терминалдарды пайдалану мүмкіндіктерінің болуы, бірақ та оларды біреуі ғана негізгі болып саналады;
- БААЖ-не қарағанда көрсетілетін қызметтердің бағасының төмен болуы.
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары төлем құжаттарын бұл жүйеге бас банктері арқылы немесе өздері тікелей бере алады. Ұсақ төлемдер жүйесі есеп айрысу жасалғаннан кейін құжаттардың өткендігі туралы ақпараттарды бас банкі арқылы филиалдарға жеткізіп отырады. Бұл жүйемен байланыс немесе оған қатысу міндетті түрде БААЖ-гі шотының болуына байланысты қалыптасады. Пайдаланушылар тобы бойынша ҰТЖ-гі төлем айналымының үрдісі 5-кестеде берілген. ...
3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Төлем карточкаларымен есеп айырысуларды дамыту
... Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.
«Он-лайн» режимі (ағыл. on-line – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. Оn-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.
«Офф-лайн» режимі (ағыл. off-line – қолжетімсіздік) - банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді
Эквайрер банк – банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.
Қазақстанда 2000 жылдың аяғында ҚР Ұлттық банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам формасында «Процессингтік орталық» құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.
Процессингтік орталық – төлем жүйесінің технолгиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.
Процессингтік орталық мынадай қызметтерді атқарады: ...
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы 29.06.1998
2. “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңы
3. 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулық. ...