Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
1. ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері 5
1.2 Ұйымның өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама. 10
1.3 Ұйымның есеп саясаты.. 14
2-БӨЛІМ. ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ. 19
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының eceбi. 19
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі. 26
2.3 Жұмыскерлерге есептеген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар. 33
3. ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ АУДИТІ 38
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары.. 38
3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті 44
3.3 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау 49
ҚОРЫТЫНДЫ.. 53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
1. ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.2 Ұйымның өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама
... Салық салынғанға дейінгі табыс 300839тг. өсті, яғни 2003 жылы 4969929 тг. болды, 2004 жылы 7919310 тг. болды, немесе 1,6%-ке көбейді, яғни табыс та артты.
Таза табыс 2003 жылы 3418950тг. құраса, 2004 жылы 5584817 тг. болды, ал өсу қарқыны 21668687, 1,6% болды.
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 76871180 тг. өсті, яғни 2003 жылы 77035228 тг. болса, 2004 жылы 1164024 тг. Болды, яғни 1,5-ке өсті, бұл жылда негізгі құралдар аз алынды.
Ұйымның қор қайтарымдылығы келесі формуламен есептеледі:
өнімді өткізуден түскен табыс
1) Қор қайтарылымы = ----------------------------------------------------
негізгі құралдардың орташа жылдық құны
Баспахананың қор қайтарымдылығы 2003 жылы 6,86 % болса, 2004 жылы 6,47 % құраса, бұл көрсетіштер 2004 жылы 0,38 % төмендеді. Себебі, кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын тиімді пайдаланбай отырғанын көрсетеді, яғни машина мен жабықтардың өнімділоігін арттыру қажет, олардың босқа тұруын азайту керек, негізгі өндірістік қорлардың жұмысын жетілдіруді барынша оңтайлату керек.
Қор сыйымдылығы мына формуламен есептеледі:
негізгі құралдардың орташа жылдық құны
2) Қор сыйымдылығы =----------------------------------------------------
өнімді өткізуден түскен табыс
Қор сыйымдылығы 2003 жьлы 0,14 % құрады, ал 2004 жылы 0,15 %- ке өсіп, өсу қарқыны 0,01 % құраған
Келесі көрсеткіш – актив айналымы, ол былайша анықталады:
Өнімді өткізуден түскен табыс
3) Актив айналымы =-------------------------------------------------------
Ағымдық активтер
Ұйымның актив айналымы 2003 жылы 0,14 болса 2004 жылы 0,15 болды, ал өсу қарқыны 0,01 болды, яғни айналым капиталының айналымының жылдамдағанын көрсетеді.
Ұйымның сату табыстары мына формуламен есептеледі:
Жалпы табыс
4) Сату табыстары = -----------------------------------------
Өнімді өткізуден түскен түсім
ЖШС «САДУ» баспаханасының сату табыстары 2003 жылы 0,06% құраса, ағымдағы жылда 0,07%болды, ал өсу қарқыны 0,01% құрады, яғни осы жылда ұйымның өнімінің өзіндік құны көбейіп, өнімді өткізу көлемі артқан, осыған байланысты жалпы табыс үлесіндегі сату табыстары да көбейді деуге болады. ...
2-БӨЛІМ. ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ.
2.3 Жұмыскерлерге есептеген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар
... Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар сот шешімдеріне, нотариалдық органдардың жазбаларына сондай-ақ дауыс түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдар қабылданған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де оның ішінде сыйлықтардан, зейнет ақылардан жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша берілетінжәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқау құжаттары арнайы тізімге тіркелуі тиіс.
Тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдерге – сауда ұйымдарынан несиеге тауар алуларына байланысты қызметкерлерге берілетін тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдер айдың 2 жартысы үшін еңбек төлемі төленгеннен кейін 3 күннен әрі асырмай айына 1 рет жасалады. Жеке өзін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарының шегерімдері өзін және мүліктерін ерікті түрде сақтандыру туралы шарттар бойынша банк мекемелеріндегі сақтандыру жарналарын аудару жөніндегі жазбаша тапсырмасы бойынша жасалады.
Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ жарналарын ұстап қалу айға есептелген жалақының барлық сомасынан 1% мөлшерінде жүргізіледі.
Қызметкерлердің айдың аяғына дейін жұмыстан шығарғанда немесе ол демалысқа шыққанда еңбек төлемі бойынша есеп айырысу құжаты жасалады. Оның деректері 1 ай өткеннен кейін есеп айырысу төлеу тізімдемесіне көшіріледі. Айдың бірінші жартысы үшін есептелген аванс және екінші жартысы үшін есептелген еңбек төлемін төлеу тізімдемесі бойынша беріледі. Төлеу тізімдемесінің бастапқы бетінде қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес кассадан ақша беруге рұқсат ететін басшы мен бас бухгалтердің қолы болуы керек. Төлеу тізімдемесі мен берілмеген жалақы тізімінің деректерін тексергеннен кейін шығыс ету кассалық ордеріне жазылады. Ол сонда көрсетілген соманы шығынға жатқызып есептеп шығару үшін кассаға беріледі. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж 14 маусым «Салық және бюджетке төлейтін міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы
2. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы Заңы 24.06.2002ж
3. Постановление Национальной комиссии РК по бухгалтерскому ычету от13.11.1996 №3
4. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации: Сборник документов. – алматы, раритет, 2000 ...