Курсовая работа: Патент негізіндегі және оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Налогообложение
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
33

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 3

 

1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ САЛЫҚ РЕЖИМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. 4

1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні. 4

1.2 Салық салуды ұйымдастыру. 9

 

2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТТЕГІ АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ. 12

2.1 Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимі. 12

2.2 Патент негізіндегі және оңайтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі. 15

 

3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТТЕГІ САЛЫҚ РЕЖИМІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ. 20

3.1 Шет елдерде және Қазақстанда салық режимін қолдану тәжірибесі. 20

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 32

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 33

 

 

1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ САЛЫҚ РЕЖИМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

 

 1.2 Салық салуды ұйымдастыру. 

 

 

 

... Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіне есептеп шығару да жатады.

 

Салықтық бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауы.

 

Кедендік бақылау комитеті өз құзыры шегіңде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы – шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер құрайды.

 

Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады. ...

 

 

 

3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТТЕГІ САЛЫҚ РЕЖИМІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

 

3.1 Шет елдерде және Қазақстанда салық режимін қолдану тәжірибесі.

 

 

 

... Қазақстанда КТС ставкасын төмендету қазақстандық өндірушілер үшін бәсеке қабілеттілігін арттыру бағытындағы оң қадамдардың бірі болуы ықтимал. Сонымен қатар бұл кәсіпорындар үшін қосымша қарыз алмай, өздерін негізгі және айналым капиталмен қамтамасыз етуге барынша тиімді тәсіл болады.

 

Жеке табыс салығы: қарастырылып отырған елдерде жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу деңгейі барынша жоғары болып қалуда. Бұл салықтың ставкасы прогрессивті болып табылады, сонымен бірге оның ең аз деңгейі 15-20%, ал ең жоғары деңгейі 30% төмен емес. Әлеуметтік, медициналық сақтандыру жөніндегі қосымша аударымдарды ескере отырып салықтық жүктеме одан сайын өсе түседі.

 

Қазақстанда осы салықтың ставкасы барынша ымырашыл болып табылады. Оның ең аз деңгейі 5%, ал ең жоғары деңгейі 20% құрайды. Ұқсас салық салу базасы бар әлеуметтік салықты есептегенде ол тек қана 27 % жетеді.

 

Осылайша, жеке тұлғалардың кірістеріне қазіргі уақыттағы салық салу төмендетілген болмаса да, ең болмағанда қиындық келтірмейтін болып көрінеді. Жалақының нақты көлемін жасырмау үшін жеткілікті дәрежеде оңтайлы жағдайлар бар.

 

Қосымша құн салығы: ҚҚС кәсіпкерлердің есептеуі үшін де, сол сияқты оны салық органдарының басқаруы үшін де күрделі салық болып табылады. Қарастырылып отырған Шығыс Еуропа елдерінде бұл салық тауарлар мен қызмет көрсетулердің түрлі топтары үшін ставкалардың көптігімен барынша қиындатылған. Сонымен бірге өндірісте жеңілдік ставкасы бар салалардың өнімін пайдаланатын осы салықтың жалпы ставка бойынша төлеушілері біле-тұра тең емес жағдайларға ұшырайды, себебі шегеруге аз ставкадан сома жатқызылады.

 

Мұндай практикадан Қазақстан 2001 жылы бас тартты, ол кезде қолданыстағы бірнеше ставканың орнына 16% болған бірыңғай ставка енгізілген, бұл, біздің ойымызша, барынша дұрыс болып табылады.

 

Осыдан басқа, қарастырылған Шығыс Еуропа елдерінде ҚҚС Қазақстанға қарағанда жоғары, бұл салық салу саласындағы жалпы дүниежүзілік үрдісті көрсетеді, оның кезінде салық салу кезінде басты екпін кірістерге салықтардан тұтынуға салықтарға ауысады.

 

Тұтастай алғанда, Қазақстандық салық жүйесі іс жүзінде барлық елдер қолданатын кірістерге салық салудың стандартты механизмін болжайды – жеткілікті дәрежедегі шегерудің ымырашыл жүйесі, шығындарды ауыстыру, шағын бизнеске салық салудың барынша жұмсартылған режимі, ұлттық экономиканың басты салаларына жеңілдіктер беру және т.б.Сонымен қатар кірістерге салық салуға қарай салық салуда ауытқу сақталады, ал бұл дүниежүзілік үрдістерге қайшы келеді. Көп жағдайда бұл Қазақстанның барлық дерлік тәуелсіздік жылдарында (соңғы 2-3 жылды қоспағанда) тұтыну сұранысы төмен деңгейде қалып қойғанымен және әлі күнге дейін экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылмайтынымен түсіндіріледі. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

1.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Салық Кодексі-Алматы: ЮРИСТ, 2005. - 288 6.

 

2.Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.

 

3.Аганбегян А. Г. Социально-экономическое развитие России-2-ое издание. испр. идоп. -М. :Дело, 2004. -272с. ...