МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1 САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ.. 4
1.1 Теориялық негіздері 4
1.2 Функционалдық негізі 6
2 ҚР салық жүйесінің жағдайы. 11
2.1 Салықтардың жіктелуі 11
2.2 Ықпал ету механизмі 14
ҚОРЫТЫНДЫ.. 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 22
1 САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.2 Функционалдық негізі
... Салық, сондай-ақ экономиканың жағдайын тексеретін бақылау функциясын да атқарады. Бюджетке салықтардың түспеуі (уақытында келіп түспеген ақшалай төлемдер мен олардың жиналмаған сомасының есеп айырысу көлеміне қарсылығы) техникаға, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға, тауар айналымының қалыптасуына, ақшалай-несие жүйесіне, әсіресе әлеуметтік саясатты жүргізуіне күрделі кедергісін тигізеді. Өндірістің шағын көлемі мен рентабелсіздігі, өніммен жабдықтау қиыншылығы, кәсіпорындар арасында ақшалай есеп айырысудың бүзылуы, жүмыспен қамту мен инвестицияның қүлдырауы, төмен дәрежелі жалақы мен әлеуметтік жәрдемақылар - міне осындай экономикалық факторлар, бюджетке келіп түсетін салық көлемін төмендетеді. Мүның нәтижесі белгілі - мемлекеттің салықты жинауының түрақтылығы мен артуы, ең алдьшен іскерлік белсенділікті дамытумен, өндіріс тиімділігін арттыруымен және халықтың әл-ауқатын көтерумен тікелей байланысты. Қазынаның салықтык көздерін, салық төлеушілердің мүлкіне, табысына (пайдасына), шаруашылық айналымына салық талаптарын қатаңдату жолы арқылы емес, керісінше, бүларды дамыту үшін жағдайлар туғызу негізінде нығайтылуы қажет.
Салық салудың бақылау функциясының арқасында салық механизмінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қозғалысын бақылау қамтамасыз етіледі, салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа өзгерістер енгізу қажеттілігі анықталады. Бюджетті-салықтық, яғни фискалдық қатынастардың бақылау функциясы тек бөлу функциясының әрекет ету жағдайында ғана көрінеді. Осылайша, бүл екі функция шектелген бірлікте фискалдық қатынастар мен бюджеттік саясаттың тиімділігін анықтайды.
Салықтың құндық категориясы ретінде қаржы категориясының жиынтығынан ерекшеленетін, өзіндік айрықша белгілері мен қозғалысынын өзіндік түрлері бар. ...
2 ҚР салық жүйесінің жағдайы.
2.1 Салықтардың жіктелуі
... Қандай да бір салық түрінің, экономикалық қүбылыстың нақты бір түріне жатқызуы кезінде, оның үстемдік әсері ескеріледі.
В. Фроловтың еңбегінде әдеттегідей емес, салықтардың ерекше жіктелуі беріледі. Ол жіктеудің басты белгісі ретінде «әрбір салықты өндірушінің жүзеге асыруын экономикалық бағалауын» үсынды, ал ол өз кезегінде салықтарды: тіркелген немесе өндіріс деңгейіне тәуелді (мүліктік салық, қызметтің жеке түрлеріне арналған салықтар) және қайта бөлуші (табыс салығы, акциздер) деп талдады.
Баға құрылымын реттейтін салықтарға ҚҚС және акциздер жатады. Бүлар тауардың жіберілу бағасына үстеме ретінде қойылатындықтан, өнімді түтынуды реттейді. Акциздер, ерекше сүранысқа ие тауарларға анағүрлым қатаң ставкамен қойылып отырғандықтан, салық салу механизмін табысқа толығымен ауыстыра алады.
Өндіріс шығынын реттеу салықтарына кеден баждарын, жер қойнауын пайдаланушыларға, жолдарға салық салуды және мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына аударымдарын жатқызуға болады.
Инвестицияны реттеу салықтарына - кәсіпорындардың пайда салығы, мүлік салығы, акциялар мен бағалы қағаздардың табыс салығы, .дивидент салығы және басқалары жатады. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы. Алматы: Қазақ Университеті, 2003 ж.;
2. Караваева И.В. Налоговое регулирование рыночной экономики. Учебное пособие для вузов. Москва: Юнити-Дана, 2000 г.;
3. Налоги. Учебное пособие/ Под редакцией Д.Г. Черника. Москва: Финансы и Статистика, 2000 г.;
4. Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение. Москва: Инфра-М, 2000; ...