Реферат: Доклад, Реферат: Ядролық қауіпсіздік – бүкіл адамзаттың ортақ ісі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
6

1

 

 

 

Сол кезде Қазақстанның ядролық мәртебені сақтап қалуына да дәлелдер жеткілікті болатын, дегенмен Президент Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қару әлеуетін сақтауға қарсы айқын көзқарасы болды, оның негізінде қазақстандықтардың мүддесі бәрінен жоғары қойылды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен өмірлік маңызды мүдделелерін көздей отырып, Президент күрделі келіссөздер барысында тағдырлы шешім қабылдады. Сөйтіп, оның пікіріне құлақ түретін әлемдік деңгейдегі ең беделді саяси қайраткер ретінде қалыптасты. Сондықтан да Мемлекетіміздің басшысы Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша сәуір саммитінің қарсаңында елеулі, сонымен қатар, нақты бастамаларды жүзеге асыру жайында өз пікірлерімен бөлісті.

 

Елбасы мақаласындағы көтерілген басты мәселе ядролық қауіпсіздік проблемаларын шешудегі бүкіл әлемдік қоғамдастықтың құралы сындарлы және келісілген іс-қимылдар болуы тиіс. Қазақстан бұған дейін де ядролық қауіпсіздік саласындағы бейбіт және практикалық бастамалары арқылы жаһандық қауіпсіздікке нақты және елеулі үлес қосып келеді. Қазақстан егемен мемлекеттердің бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаларын жақтай отырып, ядролық қаруды таратпауға халықаралық ұжымдық қауіпсіздікті басты орынға қояды. Президент Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында жаңа берік шарттық-құқықтық база жасау үшін бірқатар пәрменді шараларды ұсынады. Елбасының пікірінше, ядролық қаруды таратуға бақылау тиімді халықаралық-құқықтық реттеуді қажет етеді.

 

Ядролық сынақтардың тарихи тәжірибесінен өткен және қуатты ядролық әлеуеті болған еліміз Ядролық қауіпсіздіктің ықтимал халықаралық оқу орталығына оңтайлы үміткер бола алар еді. Өйткені, басқалардан гөрі Қазақстан әлем елдерінің үкіметтеріне әскери саясатта ядролық өршіл мақсаттың қаншалықты қатерлі екенін жеткізе алар еді. Қазақстандық тәжірибе ядролық қару ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралы бола алмайтынын көрсетті, керісінше, ол аймақтық тұрақсыздықты өршіте түседі, жаулық пиғыл мен сезік ортасын қалыптастырады, аймақ елдерімен тату-көршілік қатынастарды орнатуға кедергі жасайды және басқа да мемлекеттерді өздерінің ядролық бағдарламаларын жасауға итермелейді.

Қазақстан өзінің бейбітшілік сүйгіш саяси бағытын ұстана отырып, МАГАТЭ-мен, ядролық материалдарды қамтамасыз ету тобымен, Краков бастамасымен, Цангер комитетімен және Ядролық лаңкестік актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамашылармен ойдағыдай ынтымақтасып келеді. Қазақстан ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы дайындық комиссиясымен жергілікті жерлерде халықаралық мониторинг және әдіс-тәсілдер жүйесін инспекциялауды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға үлкен маңыз береді. Президенттің мақаласында айтылғандай, кейбір айтарлықтай ықпалды елдер күні бүгінге дейін Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салуға қол қоюдан және оны ратификациялаудан қашқақтап келеді. Мұндай жағдай ресми ядролық қаруды сынақтан өткізуді жалғастыруға, ал соның табалдырығында тұрған елдерге өздерінің зымырандық-ядролық бағдарламалары бойынша жұмыстарды ешбір жазасыз жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Ал енді осы жаппай қырып-жоятын қару лаңкестердің қолдарына түссе не болар еді?! Құдай сақтасын, оны көзге елестетудің өзі жан түршіктіреді. Сондықтан да бұл орайда бүкіл адал ниетті адамзаттың ақыл-ой бірлігі, күш-жігері, осы қатерге қарсы топтасқандығы, ядролық қарудың құлағын ұстап отырған державалар көшбасшыларының парасаты керек!

Бұдан бұрын АҚШ Президенті Барак Обама мен Ресей Президенті Дмитрий Медведев стратегиялық қару-жарақтар саласында жаңа келісім шартты бекіту қажеттігін айтқан болатын және жақында ғана Прагада тарихи құжатқа қол қойылып, АҚШ пен Ресей өздерінің стратегиялық қаруларының үштен бірін қысқартуға уағдаласты.. Қазақстан Президенті осы күш-жігерге үміт арта отырып, таяу болашақта тактикалық ядролық қару-жарақтарды қысқарту мен жою мәселелерін жаһандық күн тәртібіне енгізу саналы қадам болар еді деп есептейді.