Жер қыртысын, оның құрамын, құрылысын және даму тарихын, онда қазба байлықтардың пайда болу, орналасу заңдылықтарын қай ғылым зерттейді ?
A) геоморфология
B)& геология
C) геодезия
D) геокриология
E) геотектоника
*****
Кембрий кезеңі қай эраға жатады?
A) архей
B) протерозой
C)& палеозой
D) мезозой
E) кайнозой
*****
Жердегі барлық процестерді неше түрге бөледі?
A) 1
B)& 2
C) 3
D) 4
E) 5
*****
Өзен аңғарында үйілген ағын шөгінділерінің жинағын:
A)& аллювий
B) деллювий
C) жайылма
D) терраса
E) аңғар
*****
Терең, тік беті, көлденең қимасы латынның V әрпіне ұқсас шатқалдар:
A) сарқырама
B) жайылма
C)& каньондар
D) шаттар
E) аңғарлар
*****
Жер қабығы жағдайына байланысты жерасты сулары былай бөлінеді:
A)& арынсыз, арынды
B) артезианды
C) грунт
D) пластаралық
E) қалқыма
*****
Өз ара қиылысқан екі жақтан тұратын форма
A)& диэдр
B) пинакоид
C) ромбоэдр
D) моноэдр
E) тригон
*****
Магма жер бетіне жетпей тереңде қапталып қалса қандай магматизм қалыптасады ?
A) эффузивтік
B)& интрузивтік
C) вулкандық
D) динамикалық
E) пирокластық
*****
Интрузивтік жыныстар тереңдігіне байланысты бөлінеді:
A)& 2 түрге
B) 3 түрге
C) 4 түрге
D) 5 түрге
E) 6 түрге
*****
Жердің үстіңгі қабаты және ол жер радиусының 0,6 %-ін алатын қабаты қалай аталады?
A) Жер мантиясы
B) Жер ядросы
C) Мохо беті
D) астеносфера
E)& жер қыртысы
*****
6000 химиялық анализді пайдаланып, осы қабаттың орташа құрамын есептеп шығарған американ ғалымы:
A) А.Мохоровичич
B) Г.Галилей
C) Дж.Хаттон
D) И.Ньютон
E)& Ф.Кларк
*****
Сульфаттар класына қай минералдар жатады?
A)& гипс, ангидрит
B) кальцит, азурит
C) лимонит, геманит
D) флюорит, сильвин
E) галенит, пирит
*****
Тау жынысының кристалдану құрамында минералды түйіршіктердің абсолюттік және салыстырмалы мөлшерін олардың пішінін, ішкі құрылысының өзгешелігін. Ол:
A) текстура
B)& құрылым
C) түзілім
D) бөлшегі
E) құрылысы
*****
Жер бетіндегі әртүрі экзогенік процестер әрекетінен үгіліп, ысырылып, еріп, соңынан шөккен жыныстар тобы. Ол:
A) магмалық
B) метаморфтық
C) эффузивтік
D)& шөгінді
E) интрузивтік
*****
Жер қыртысы ішкі құрылысына байланысты неше типке бөлінеді?
A) 5
B) 4
C) 3
D)& 2
E) 6
*****
Спрединг болжамын алғашында ұсынған кім?
A) Ф.Вайн;
B) Д.Мэтьюз;
C)& Г.Хесс, Р.Дитц;
D) Дж.Вильсон;
E) А.Вегенер, М.Усов
*****
Вулкан жыныстары төмен температурадағы жасыл түсті метаморфизмге ұшырауынан бұл ойыстарды қалай атайды?
A) иілімді белдеулер
B)& жасылтасты белдеулер
C) қызылтасты белдеулер
D) қышқыл құрамды белдеулер
E) сейсмикалық белдеулер