Курсовая работа: Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты


Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
30

Жоспар

 

1 Тарау. Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты. 2

2 Тарау. Еңбек – нарық категориясы ретінде. 6

2.1 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі 13

2.2 Жұмыссыздықтан құтылу шаралары. 18

2.3 Профсоюздың міндеті. 20

Қорытынды.. 28

Пайдаланылған әдебиеттер: 30

 

1 Тарау. Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты.

... Еңбек рыногы – экономика жағдайын көрсетудуң айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демократиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.

ҚР осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек рыногы бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Рынок еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамыасыз етіп, іскерлік пен бастамашылықты ынталандырады.

ҚР-дағы қалыптасып отырған еңбек рыногы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық-құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр. Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған, осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер құрайды.

Қазіргі кезде біздің Қазақстанда басқа көптеген елдермен салыстырғанда адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі Швецарияда – 30, Германияда – 28, Австралияда – 22, Францияда - 15$ құрайды. Біздің есептеуімізше, ҚР-да жұмысшы мен мемлекеттік сектордағы қызметкерлердің 1 сағат еңбегі 0,10$ тұрады. Рыноктық қатынастарға көшкенде жұмыс күшінің сапасына деген сұраныс өседі. Сондықтан оның ақысын көбейту қажеттілігі еріксіз туындайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту жағдайына шолу жасасақ, еңбек ресурстары – 1992 жылы 9,4 млн. адам, 55% құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 млн. адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81% экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемелекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуының өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастардың терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам, әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.  ...

2 Тарау. Еңбек – нарық категориясы ретінде.

2.3 Профсоюздың міндеті.

 

1 

Профсоюздың міндеті. Осы бөлімде мен ҚР-да адамдарды қор ететін жұмыссыздық мәселесін шешуге, оны біршама қысқартуға қандай іс-әрекеттер, шаралар бағдарламалар жақын арада жүзеге асырылатындығына тоқталғым келеді. Қазірде бұл өткір тұрған бірден бір мәселелердің бірі. Жалпы қоғамдағы барлық қиындықтар осы мәселенің негізінде, оның әсерінен туындап отыр десем артық айтылған сөз болмас. Бұл адамдардың баршасын толғандырып отыратын мәселе болып бүгін немесе кеше пайда болған жоқ, қаншама уақыт бойы біз онымен күресудеміз, бірақ бүгін бұл мәселе өз шешімін табатын уақыт та келді.

Республика үкіметі"2000-2002жылдары кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын" бекіткен болатын. Осы бағдарламаның маңызы өте зор болады, онда көптеген міндеттер талқыланып, қамтылған болатын. Бағдарламадағы мақсаттар мен міндеттерін қарастырайық. Бағдарламаның мақсаты – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматарға, сондай-ақ еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту  жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде әлеуметтік салада дәйекті реформалар жүргізу жолымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей көтеру, әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылу қаралды. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндеті көзделген. Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамың ішкі өмірінен шеткері қосылмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамдар есебінен көмек көрсету керек.  ...

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Саясат №6 2004ж Қазақстандағы еңбек нарығы.

2. Ақиқат №7 2003ж Еңбек рыногы және жұмыспен қамту. Нұрақым Райхан.

3. Экономикалық теория. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. Алматы 2000ж.

4. Жалпы экономикалық теория. Шеденов Ө.Қ.,Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Алматы-Ақтөбе 2003ж.

5. Гальперин. Макроэкономика. ...