Дипломная работа: Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау (әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер)


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
63

Мазмұны

 

КІРІСПЕ. 3

І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері 7

1.1 Еңбекті қорғаудың түсінігі және оның маңызы.. 7

1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері 18

ІІ.  Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау. 26

2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы.. 26

2.2    Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау. 38

2.3    Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын құқықтық реттеу. 45

ҚОРЫТЫНДЫ.. 54

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер. 58

Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар. 58

 

 

І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері

 

1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері

 

 

... Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бір бағыты (Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңының 5-бабына сәйкес)- еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталуы. Аталған бағытты дамыту мақсатымен Қазақстан Республикасы 1996 жылы еңбекті қорғау саласындағы Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбектің қауіпсіздігі мен гигиенасы және өндірістік орта туралы» №115  және «Жұмыс орындарындағы ауаның ластануынан, шудан және вибрациядан туындайтын кәсіби тәуекелден қызметкерлерді қорғау туралы»  №148 Конвенцияларын  ратификациялады  [7]. Аталған Конвенциялар экономикалық қызметтің саласына, яғни меншік нысанына қармастан барлық ұйымдарға және барлық қызметкерлерге таралатынын айта кету керек. № 115 Конвецияның 14-бабы бойынша ұлттық жағдайлар мен тәжірибеге сәйкес оқыту бағдарламалары мен кәсіби дайындықтың барлық деңгейінде, соның ішінде жоғары техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларына еңбектің қауіпсіздігі мен гигиенасы және өндірістік орта бойынша сұрақтарды енгізуге жәрдемдесу үшін шаралар қабылдануда.

 

№148 Конвенция ерекше көңіл бөлуді қажет ететін ережелерді қамтыған: «Ұлттық заңнама жұмыс орындарындағы ауаның ластануынан, шу мен вибрациядан туындайтын кәсіби тәуекелдің алдын алуға және шектеуге бағытталған сондай-ақ аталған тәуекелден қорғайтын шараларды қабылдауды және жұмыс орындарында ауаның ластануынан, шу мен вибрациядан туындайтын кәсіби тәуекелдің алдын алуға және шектеуге бағытталған, сондай-ақ олардан қорғайтын қауіпсіздік техникасының ережелерін қызметкерлермен міндетті сақталуын белгілейді».

 

Сонымен, аталған халықаралық құжаттар ратификациялаған мемлекеттерге еңбекті қорғау саласында тиісті нормативтік актілерді қабылдауды жүктейді. Конвенциялар заңнама немесе ережелер бұзылған тиісті санкция қабылдау жөнінде ережені қамтиды. Яғни, ұлттық деңгейде инспекциялаудың мемлекеттік емес те құрылымдарынан тұратын тиісті инспекция жұйесін құру қажет. ...

 

 

 

ІІ.  Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау

 

2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы

 

 

... Расында да, қорғау заңнамасын қолдайтын немесе оған қарсы шығатын дәлелдер келтіруге болады, бірақ әр мемлекет аталған сұрақта өз приоритетін анықтауға құқылы. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында әйелдер еңбегін ерекше қорғау қағидаларының негізі салынған.

 

Әйелдер еңбегін қорғауды «әйелдер еңбегін ерекше қорғау» деп атау негізді болып көрінеді, себебі мұндай атау әйелдер үшін құқықтың әлеуметтік нормаларын жасауды қарастыратын халықаралық актілерде кеңінен тараған. Мысалы, ХЕҰ-ның еңбек пен жұмыс бастылық саласындағы дискриминация туралы (1958ж.) № 111 Конвенциясы жынысы, нәсіліне негізделген кез-келген айырма жасау деп дискриминацияға анықтама бере келіп, «жынысы, жасы және т.б. байланысты ерекше қорғау мен көмекті қажет етуші ретінде танылған тұлғалардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған ерекше шаралар» дискриминация ретінде танылмайтыны көрсетілген [19].

 

Әйелдерге қатысты әрекет ететін еңбекті ерекше қорғау еңбекті қорғаудың жалпы нормаларымен қатар қолданылады.

 

Әйелдер еңбегін ерекше қорғау құқығының субъектісі ретінде тек жұмыс істеуші әйелдер ғана танылады. Бұл жерде бала құқық субъектісі емес, ол тек қорғау субъектісі болады. Бұл әйелдер еңбегін қорғауды қамтамасыз ете отырып, бір мезгілде баланың да қорғауын қамтамасыз етумен түсіндіріледі.

 

Заңнамамен әйелдер еңбегінің жағдайларын жүйелі түрде зерттейтін және әйелдер үшін зиянды жағдайларын жоюға бағытталған ұсыныстар жасайтын медицина ғылымының мәліметтері міндетті түрде ескеріліп отырады.

 

Өндірістегі жұмыста әйел өндірістік зияндардың (шу, тербеліс, жоғары және төмен температуралық жағдайлар, химиялық және радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар және т.б.) әсеріне және еңбеңктің өндірістік үрдісінің факторларының әсеріне (физикалық күш түсу және т.б.) ұшырайды. Бұл факторлар әйел ағзасына, ал содан оның ұрпағына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, сынап, қорғасын, бензол және өзге химиялық заттардың әйелге зиянды әсері оның бала көтеру мен дені сау бала тууына әсерін тигізеді.

 

Еңбек құқығындағы әйелдер еңбегін қорғайтын құқықтық нормалардың мазмұнына қатысты көптеген көзқарастар бар. Мысалы, Л.А.Николаева мен Э.Г. Қожахметова еңбекті қорғаудың негізгі қағидаларының ішінде мыналарды көрсетеді: кепілдік берілген еңбекке құқық; демалуға құқық; тең еңбекке тең ақы; ана ме,н баланы қорғау [20, С.13]. А.А. Абрамова Әйелдер еңбегін қорғауға келесі элементтерді енгізуді ұсынады: жұмысқа қабылдау мен одан босату кезіндегі кепілдіктердібелгілетін нормалар; ана болуына байланысты жеңілдіктер: бала емізуге үзіліс, баланы күтуге байланысты қосымша демалыс [21, С.12-14]. Ал енді А.С. Голощапов жоғарыда айтылғандарды жоққа шығарып отыр. Оның ойынша, сөз болып отырған кепілдіктер мен жеңілдіктер (бала емізуге үзілістен басқасы) еңбекті қорғауға тіпті жатпайды, себебі олар баланы емізу мен өсіруге байланысты жағдай жасау және ананың денсаулығын қорғау мақсатымен белгіленген [22,С.61].

 

Сондықтан әйелдердің еңбегін қорғауды кең және тар мағынада қарастыру бұл пікірталастың ортақ шешімі болар. Яғни, әйелдер еңбегін қорғаудың тар мағынасына өндірістегі қауіпсіз және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін құқықтық нормалар жатса, кең мағынада өндірістегі еңбекпен қатар бала мен үй шаруашылығын біріктіріп жүргізуді қамтамасыз ететін құқықтық нормалар жатады. ... 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар

 

 

1. Абайдельдинов Т.М. О генезисе трудового отношения:      проблемы, поиски, решения // Вестник КазГУ. Серия юридическая 2000. №1 (14). С.1-11.

 

2. Абайдельдинов Т.М. Стороны коллективных соглашений // Конституция Республики Казахстан и вопросы совершенствования законодательства о труде: Сборник материалов международной научно-теоретической конференции. – Алматы: Общественный фонд политико-правовых исследований «Интерлигал» в Казахстане, 2001.

 

3. Абрамова О.В., Коршунова Т.Ю. Правовые проблемы организации надзора и контроля за соблюдением законадательства о труде. Институт законадательства и сравнительного правоведения при Правительстве РФ. Труды  №60. 1995.

 

4. Абрамова О., Нуртдинова А. Защита трудовых прав работников // Хозяйство и право. 2002. №11; №12.

5. Азтаев Б. Государственная инспекция труда. – Правовой вестник. – 2002.- №32, сентябрь. ...