Мазмұны
I бөлім. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің белсенді (активтік) операциялары. 2
1.1. Коммерциялық банктер операциялары. 2
1.2. Активтік операциялардың түрлері. 9
1.3. Активтік операцияларға сипаттама және олардың ерекшелігі. 26
II-бөлім. «Казкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттама. 44
2.1. «Казкоммерцбанк» АҚ тарихы және қаржылық жағдайы. 44
2.2 «Казкоммерцбанк» АҚ стратегиясы мен атқаратын қызметтері. 54
III бөлім. Коммерциялық банктің активтік операцияларын басқару және оларды жетілдіру. 59
3.1. Казкоммерцбанк АҚ активтік операцияларының түрлері. 59
I бөлім. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің белсенді (активтік) операциялары.
1.2. Активтік операциялардың түрлері.
... Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания;
2. Клиент
3. Кәсіпорын.
Факторинг мәмлесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорынның тапсырыс алғаннан соң факторингтік компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің эконоимикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс факторинг компаниясы барлық шот фактура мен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Форфейтинг операциясы- форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспорттерге төлеуге тиісті импорттердің берген төлем құжатын сатып алуы.
Форфейтинг мәмлесінде үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3. Форфейтор, яғни мәмлені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда 7 жыл.
Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып жіне қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізігі бағыты несие беру операциясы және бағалы қағаздармен операция. Бұл операция банк балансының 80% - ін құрайды. Бұған басқа банктер касалық акцептік шетел валютасымен, қозғалмайтын мүліктермен, сондай ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капиталы мен жинақтарды тарту қабілетіне байланысты. ...
II-бөлім. «Казкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттама.
2.1. «Казкоммерцбанк» АҚ тарихы және қаржылық жағдайы.
... Financial Times медиатобына кіретін The Banker журналы әлемнің үздік банк институттарын анықтау рәсімі үшінші рет, 1999 жалдан бастап өткізді. Бизнес өкілдері мен жетекші журналдардың редакторлары кірген құзырлы қазылар алқасы алты аймақтық (Батыс Европа, Орталық және Шығыс Европа, Азия, Латын Америкасы, Таяу Шығыс және Африка) және жаһандық номинацияларда жеңімпаздарды анықтады. Сонымен бірге әлемнің 137 елінің үздік банктері анықталды.
Жылдың үздік банктерін анықтау дәстүрлі түрде банктердің алдыңғы жылдың қаржылық көрсеткіштері-капиталдың, активтер артуы мен табыстылығы, өз жұмысындағы технологиялық инновациялар, нарықтық жетістіктер мен даму стратегиясы туралы сұрақтарға жауап беретін журнал сауалдамасын талдау негізінде өткізіледі. Қатарынан алтыншы рет The Banker Казкоммерцбанктің «Қазақстандағы жыл банкі» деп танылды.
Өз таңдауына түсініктеме бере отырып, The Banker былай деп жазады: «2005 жыл Казкоммерцбанк үшін атаулы жыл болды. Анағұрлым арзанырақ қаржы ресурстарын тарту, нарықтағы үлесінің артуы және корпоративтік және бөлшек несиелеу қызметтері ауқымын кеңейту нәтижесінде, таза пайданың артуы 120%-ды құрады, соған сәйкес, меншік капиталдың тиімділік көрсеткіші өткен жылдағы 16,9%-пен салыстырғанда 25,4%-ға өсті».
Журнал банктің 2005 жылдағы басқа да жетістіктерін атап өтеді. Мысалы, корпоративтік секторда несиелеу көлемі 70%-ға өсті. Бөлшек қызметтер аясында банк карточкалық бизнеспен интернет банкингтегі инновацияларға стратегиялық желіні жалғастырды, ал сыртқы қолайлы жағдайлар ипотека 65%-ға автонесиелеудің 14%-ға аартуына ықпал етті. Нәтижесінде жеке тұлғаларды жалпы несиелеу көлемі 29%-ға өсті, енді 70%-дан астам деңгейде активтердің жиынтық шамасын қолдауға көмектесе отырып, барлық қарыздардың 33%-ын құрайды.
Клиент базасының өсуі банк активтерінің өскенін білдіреді. Төмендегі кестеде клиент базасының динамикасының өскені көрсетілген.
Клиент базасының қозғалыс динамикасы. 2006жыл. Сызба 2.1.