Курсовая работа: Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
23

Жоспар

 

 

Кіріспе. 2

1 Тарау. Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары   4

1.1 Өнеркәсіптік өнім сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың  маңызы.. 4

1.2  Кәсіпорын  қасиетінің көрсеткіштері 7

2  Өнеркәсіптік кәсіпорынды басқаруды талдау. 10

2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі  тетіктерінің ретінде. 10

2.2 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау. 14

3. Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі 18

Қорытынды.. 21

Пайдаланылған әдебиеттер: 23

 

1 Тарау. Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары

 

1.2  Кәсіпорын  қасиетінің көрсеткіштері

 

 

...Технологиялық  көрсеткіштер  өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі  еңбек  өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы  жаппай  өнім  шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді  шығару  және  сату  барысында  материалдар мен еңбек құралдарын,  уақытты  тиімді  пайдалануға  жағдай  жасайды.

 

Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің  стандартталған  және  сәйкестендірілген  бөліктерінен  тұрады.

 

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың,  вибрацияның,  газдың,  будың  және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

 

Эстетикалық  көрсеткіштер  өнімнің  сыртқы  орындалуын,  формасын,  тауарлық   түрін   қамтамасыз  етеді.

 

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға   бейімділігін,   шыдамдылығын   көрсетеді.

 

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі  жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық  белгі  мен  өндірістік  үлгіні  тіркеуді  көрсетеді.

 

Экологиялық  көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда  қоршаған ортаға тигізетін кері  әсерінің  деңгейін  көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық  сәулелердің  болу  мүмкіндігі). ...

 

 

 

2  Өнеркәсіптік кәсіпорынды басқаруды талдау

 

2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі  тетіктерінің ретінде

 

 

...Стандарт ─ бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келусушілік негізінде  әзірленетін  және  танылған  органдардың  бекітетін нормативтік  құжаты. Бұл  жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге  бағытталады.

 

Республикада  қолданылып  жүрген  стандарттық  жүйе құқықтық және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделері және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік- техникалық  базасы  ретінде   қызмет  етеді.

 

Мемлекеттік  стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілген сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды   қамтамасыз  етеді.

 

Стандарттау ─ бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң,  стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап    әдістемелерді    нормативтік    құжаттарға    тағайындап    қояды.

 

Стандарттаудың басты міндеті ─ халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талапттарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1) Огвоздин В.Ю. Управление качеством: Теория и практика      Москва: Дело и сервис, 1999г.

 

2) Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качеством. Москва: Инфра─М, 2002г.

 

3) Розова Н.К. Управление качеством. Санкт-Петербург: Питер, 2003г.

4) Сағадиев Қ.С. Сертификаттау Алматы: Республикалық баспа кабинеті,     2000ж. ...