Жоспар
Кіріспе. 2
1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.. 4
2 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы.. 7
3 Шығарылатын өнімнің ассортименті мен сапасы. 10
4 Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштері 13
5 Кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру. 17
Қорытынды.. 19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 21
3 Шығарылатын өнімнің ассортименті мен сапасы.
... Өндірістік бақылаудың барлық мәліметтері бақылау және есеп берудің арнайы журналына енгізіледі.
Сонымен қатар лабораторияда және әрбір цехта лаборатория меңгерушісі жүргізетін өлшеулердің ішкі және сыртқы бақылауының журналы бар. Бақылау график бойынша жүргізіледі.
Сүт өнімдері физико – химиялық және органолептикалық көрсеткіштер бойынша барлық талаптарға сәйкес болу керек. Физико – химиялық көрсеткіштер:
- Майлылық;
- Ақуыз –липидті құрамы;
- Консистенция;
Органолептикалық көрсеткіштер:
- Түсі;
- Дәмі;
- Иісі.
Сүтті қышқыл өнімдер 9-баллдық жүйе бойынша дегустациялық комиссиямен кварталда 1 рет, ал зауыт комиссиясымен, яғни бас технологтың басшылығымен аптасына 1 рет бағаланады.
8-9 балл - өнім барлық талаптарға сәйкес келеді.
«Адал АӨК» АҚ өнімдері үнемі 8,8 баллдан кем алмайды. Шығарылатын өнімнің сапасы тұтынушылар тарапынан ешқандай келіспеушіліктердің жоқтығын және орталық дегустациялық комиссия мамандарының жоғары бағасын білдіреді.
Зауыт әкімшілігі мыныдай бақылау органдарымен келісім-шарт жасасты: стандартизация және метрологияның Алматы Мемлекеттік Орталығы, Санэпидбақылаудың Аудандық және Қалалық Басқаруы, канализация және су құбырларын Басқару. ...
5 Кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру
... «Адал АӨК» АҚ – ның негізгі мақсаты – табыс табу. Бұл мақсатқа жету үшін фирманың өткізу саясаты клиенттермен өзара әрекеттесу көзқарасынан келесідей қатынастардың үш негізгі типін ескере отырып құрастырылуы мүмкін:
- клиент қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру (кейде тіпті өзінің тікелей қызығушылықтарына зиян келтірілсе де – жақсы қарым – қатынастарды сақтап қалу үшін, имиджді қолдау үшін);
- тең құқықты өзара тиімді шарттардағы серіктестік қатынастар – паритет;
- белгілі бір сипаттары бойынша клиенттерді селективті таңдау мен категориялау; клиенттердің қандай да бір тобымен өзара қатынастардың фирма үшін қолайлы деңгейіне байланысты дифференцирленген қатынастарды орнату.
Маркетингтік зерттеулерді өткізу бөлімі жүзеге асырады. Қызметтің негізгі бағыты болып сүт өнімдері нарығының маркетингтік зерттеулерін ұйымдастыру табылады.
Фирма өнімін өткізудің қаржылық сметасы құжатты сипататйды, онда сату көлемдері, саудалық шығындар мен өткізуден түскен пайда тіркеледі. Индивидуалды сметалар негізінде әрбір тауар немесе тауарлар тобы үшін өнім өткізудің жиынтық сметасы құрастырылады.
«Адал АӨК» АҚ бәсекелестері болып ұқсас өнім шығаратын кәсіпорындар табылады: «ФудМастер» АҚ, «Агропродукт» АҚ, «Вимбильдан» және тағы басқалар. «Адал АӨК» АҚ олардан сапа, технология және баға бойынша кем емес.
Аталған кәсіпорындар «Адал АӨК» АҚ болашақ бәсекелестері болып табылады, сондықтан компанияға үнемі өнімнің сапасы мен ассортиментін жетілдіріп қана қоймай, көп жағдайда маркетингтік бөлімге де байланысты. ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Савицкая «Анализ хозяйственной деятельности»
2 Д.Я. Қуатова «кәсіпорын экономикасы» Алматы Экономика 2006
3 Дүйсенбаев «Аудит және анализ»
4 Мейірбеков «Кәсіпорын экономикасы» ...