Жоспар:
Кіріспе. 2
1. Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама. 4
2. Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешудің қазіргі жағдайы. 7
Қорытынды.. 16
Қолданылған әдебиеттер. 19
1. Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама.
... Каспий теңізі морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі- солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі ( балансы) және т.б бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың шаршы км. Оған келіп құятынөзендердің жылдық су ағымының жиынтығы- жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88 %-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі ( оның ішінде омыртқасыздар- 1069, омыртқалылар- 415, паразит жануарлар- 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар ( шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і ) құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн. тонна болса, оның 40%-і Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді.
Солтүстік Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі кездеседі. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына ” енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б бар. ...
2. Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешудің қазіргі жағдайы.
... Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі- ыдырамайтын ауыр металдар ( мысалы, мырыш, барий ). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л ( рұқсат етілген шектен 2 есе артық ).
Атырау облысы жерінің ластануын ерекше атап өту керек. Ол, негізінен, мұнай мен газ өндіру тасымалдау, өңдеумен және қазіргі кезде 57600,0 мың тоннаға жеткен, оның ішінде 2,2 мың тоннасы- улы, ал 83,1 мың тоннасы- радиоактивті өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты түсіндіріледі.
Шығарылатын қалдықтардың жылдық көлемі- 320057,1 тонна. Мұнай өндіруші аймақтарда мазутталған жерлер ауданы шамамен 185,2 мың шаршы метр.
Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да улкен қауіп төндіруде. Сондықтан Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет ( Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Қазақстан ) Дүниежүзілік банкпен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын ( КЭП ) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
КЭП-тің негізгі бағыттары:
- теңіз деңнейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту;
- теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау;
- аймақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету. ...
Қолданылған әдебиеттер
1. Газета “Капитал” 2006 ж. 9 ақпан.
2. “Экология” А.Ж.Ақбасова, Г.А.Саинова. Алматы 2003.
3. “Почвоведение”-№ 10. Егоров В.В, Минашина Н.Г.