ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 2
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.. 3
1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер. 3
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы.. 4
1.3 Стратиграфия. 7
1.4 Тектоника. 11
1.5 Мұнайгаздылық. 13
1.6 Сулылық. 17
1.6.1 Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері 18
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы
... Соңғы шарттың орындалуы қосымша 49.3 млн.т. мұнай алуға мүмкіндік берер еді. Бірақ жоба орындалмады да, ыстық суға көшу толығымен 1983 ж. ғана аяқталды.
Өнімді горизонттардан мұнайды алу ерекшеліктері мұнайдың қорын игеру сипатының күрделі екенін көрсетті. Күрделі
жағдайдарда тек блоктық су айдау, жеткіліксіз болғандықтан кейін сатылық термалдық су айдау фигуралық су айдау сияқты технологиялар қолданылды. Бұл технологиялар кен орнын игерудің тиімділігін арттыруға жәрдемдесті.
Қазіргі кезде ыстық су айдау қондырғыларда дайындалады. Ыстық суды дайындауға көп шығын шығатын болғандықтан ыстық су айдаудың циклдік әдісі игерілген. Оның мағынасы өнімді қабатқа берілген көлемде бірде ыстық, бірде салқын су айдалады. Ыстық су айдау процесінде қабаттың жабыны мен табаны қыздырылады. Бұл жағдайда салқын су қабаттың қызған жабыны мен табанынан келетін жылу арқылы жылиды, ал артынан салқын су айдағанда ыстық су қабатқа қарай ысырылады. ...
1.4 Тектоника
... Солтүстігінде Өзен құрылымы оңтүстік шығыс антиклиналь аймағымен шектеседі олардың арасында жіңішке Қызылсай ойысы жатыр, солтүстік қанатта жыныстардың құлау бұрышы. Жыныстардың құлау бұрышы 5-6° болатын оңтүстік бөліктің қатпары да осындай жіңішке ойыспен Теңге көтерілуінен бөлінеді. Ауданның батыс бөлігінде Өзен қатпарының периклиналі үлкен емес белес арқылы Қарамандыбас құрылымымен жалғасады. Ауданның шығыс бөлігінде, Түнқарақшы ойпатының шығыс шегінде Өзен көтерілуі күрт төмендейді.
Өзен кен орны ірі брахиантиклиналь қатпарына жатады, оның өлшемдері 9x39 км. Қатпар пішіні симметриялы емес. Оның күмбезі шығысқа ығысқан, соның нәтижесінде шығыс периклиналъ қатты созылған солтүстік-батыс периклиналге қарағанда қысқа. Оңтүстік қанат шамалы тіктеу. Мұнда XIV горизоыттың жабыны бойынша құлау бұрышы 6-81-. Қатпардың солтүстік бөлігі біршама жайпақтау. Солтүстік қанаттың батыс жартысында XII горизонтың жабыны бойынша құлау бұрышы 1- Зд. Құрылымының батыс бөлігінде мұнай кеніштері бар күмбездер ерекшеленеді: Солтүстік - батыс және Парсымұрын.
Өлшемдері үлкен емес Парсымүрын күмбезі Өзен қүрылымының оңтүстік қанатын күрделіндіреді. XVIII горизонттың жабыны бойынша көтерілу амплитудасы 30 метрге жетеді, және соңғы 1300 м түйық изогипс бойынша құрылым өлшемдері 2.9-0.9 км. Солтүстік-батыс күмбез Өзен қүрылымының солтүстік қанатын күрделілендіреді. 1300 м изогипс бойынша көтерілу өлшемдері 3.5-2 км, амплитудасы 32 м.
Қатпар периклиналы де симметриялы емес. Солтүстік-батыс периклиналдің оңтүстік бөлігінен басқа жағы төмендеген, өте жайпақ, қатты созылған. Өзен қатпарының периклиналдық аяқталуы мұнда XIII горизонт жабынында 1700 м изогипспен ерелекшеленеді. Келесі изогипстер Өзен және Қарамандыбас қатпарларын 58 скважина ауданында кішкене ойпат арқылы тұтас көтерілімге біріктіріледі. Шығыс периклиналь ендік бағытта созылған. Мұнда XIII горизонттың жабыны бойынша құлау бұрышы 3-4°. ...
1.6.1 Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері
... ХІП-ХХІП өнімді юра горизонттарының қабат сулары құрамы бойынша біртекті хлоркальцийлік түрдегі, минералдылығы 130-170 г/л тұздықтар түрінде көрінеді. Сулар сульфатсыз, бромның өнеркәсіптік құрамы 500 мг/л, йод -20 мг/л және т.б. құнды компоненттер бар. Сулардың көлемдік газ факторы 0,5-0,9 м3/м3-тен аспайды және тек мұнай мен газ кеніштері нүсқалары маңында, сондай-ақ терең жатқан горизонттар суларында ол 1,0-1,2м3/м3-қа жетеді.
Суда еріген газ қүрамының 80-90%-г метаы, 4-8%-і ауыр көмірсутектер, 3,2-13%-і азот, 0,5-7,3%-і көмірқышқыл газ. Көмірсутек
газы жоқ.
Қабат суларының орташа тығыздығы 1081 (XIII горизонт) -1105 кг/м3 (XXIV горизонт), қалыпты жағдайларда барлық горизонттар үшін орташа 1098 кг/м3. ...