Жоспар
Кіріспе. 2
1 Тарау. Кәсіпкерлік қызметтегі несиені ұйымдастырудың теориялық негіздері 4
1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мәні, мазмұны және түрлері 4
1.2 Кәсіпкелік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістері 8
2 Тарау. «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау. 13
2.1 «Алматы Құс» ААҚ-ның шаруашылық қызметін. 13
талдау. 13
2.2 «Алматы Құс» ААҚ-ғы несиелеуді ұйымдастыруды талдау. 18
3 Тарау. Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың жетілдіру жолдары 23
3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру. 23
3.2 Несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі 25
Қортынды.. 28
Пайдаланылған әдебиеттер. 30
1 Тарау. Кәсіпкерлік қызметтегі несиені ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.2 Кәсіпкелік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістері
... Айналым бойынша – несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымдағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңарып отыратын процесс болып табылады.
Қалдық бойынша ─ несиелеу базасында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтармен өзара байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің жартылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарды өтейді.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдық әдісі түзеледі. Мұндай бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
3 Тарау. Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру
... Бұл пайыздық мөлшерлеменің жоғары екенін жоғарыда келтірілген мәліметтерден көріп отырмыз. Қазақстан экономикасы шағын кәсіпкерліктен құралғандықтан олардың несие алудағы пайыздық мөлшерлеме нақтыдан төмен болса әлде қайда жақсы болар еді. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындарға несие беру әлде қайда қатаңдау болып келеді. Себебі, несие кепілмен қамтамасыз етілуі қажет. Банк жағынан несие берудегі тәуекел аса үлкен болып тұр. Сондықтан, банктер шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлерге беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болып отыр. Сондықтан, нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпорындар несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр. Бұндай кемшіліктерді жеңу үшін мемлекетіміздің қаржы институттары арнайы механизм құруы қажет. Несиелеудің мұндай механизмі екі жақтың да қызығушылығын қанағаттандыруы қажет. Банктердің қызығушылығы несиелік тәуекелді төменднту болса, кәсіпкердің қызығушылығы несие алудың жеңілдігі және пайыз мөлшерлемесінің төмен болуына бағытталған.
Несиелеуді жетілдіруде менің ұсынғым келген ұсынысым несиелеу мерзімін ұзарту. Себебі, кәсіпкер алған несиесін айналымға қосып үлгерместен оның пайызы бойынша есеп айырысу уақыты жақындап қалады.
Алдағы үш жылда Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру көлемі 95 млрд. теңгеге жетеді. Бұл туралы 28-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессінде құлағдар етті. Н.Назарбаев ортаға салған мәліметке сәйкес, тек биылғы жылдың 7 айында екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлік саласына 400 млрд. теңгенің несиелерін берді. Жалпы саны 350-ге жеткен шағын несиелік ұйымдар биыл 9,6 млрд. теңгенің несиелерін таратты. Бұл шағын кәсіпкерлікке жасалған ауқымды қолдау.
Сонымен қатар, қазіргі кезде ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Республикасында жақын уақытта несиелеу бюросы ашылады деген болжам бар. Бұл бюроны құру идеясын жеке банктер, қаржыгерлер Ассоциациясы да қолдап отыр. ...
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары Алматы: Маркет, 2004ж
2. Калиева Т.Т Кредитное дело Қаржы-қаражат, №3,1997ж.
3. Мақыш С.Б. Ақша, несие, банктер Алматы: Маркет,2004ж
4. Көшенова Б.А. Ақша, неисие, банктер, валюта қатынастары Алматы: Экономика,2000ж ...