Реферат: Инвестициялық климат


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
10

Жоспар

 

 

1 Инвестициялық климат ұғымы.. 3

2 Инвестициялық нарық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері 5

3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат. 6

Пайдаланылған материалдар. 10

 

 

1 Инвестициялық климат ұғымы

 

 

... Инвестициялық климатқа елдің немесе аймақтың объективті мүмкіндіктері (инвестициялық потенциал) мен инвестордың қызмет шарттары (инвестициялық тәуекел) кіреді.

 

Шешім қабылдау үшін тек потенциал немесе тек тәуекелдерді қарастыру не себепті жеткіліксіз екені түсінікті. Аймақ потенциал тұрғысынан жоғары дәрежелі болуы мүмкін – мысалы, онда шикізат ресурстары мен ауқатты халық бар, бірақ егер де саяси жағдай тұрақсыз немесе қоршаған орта соншалықты ластанған болса, онда инвестициялауға көбі бармайды. Және керісінше, аймақ өте тыныш, бірақ инвестор үшін ол жерде еш нәрсе болмауы мүмкін.

 

Инвестициялық потенциал (аймақтың инвестициялық сыйымдылығы) инвестициялау салалары мен объектілерінің болуы мен көптүрлілігіне, сондай-ақ олардың экономикалық “саулығына” тәуелді болатын инвестициялар үшін объективті алғышарттар жиынтығы ретінде қалыптасады. Елдің немесе аймақтың потенциалы өз негізінде - негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді, аймақтың өндіріс факторларына (табиғи ресурстар, еңбек күші, негізгі қорлар, инврақұрылым және т.б.) қанық болуын, халықтың тұтыну сұранысын және т.б. есепке алатын сандық сипаттама.

 

Инвестициялық тәуекел инвестициялар мен олардан табыстарды жоғалту ықтималдығын сипаттайды. Ол белгілі бір кәсіпорынға, сала, аймақ немесе мемлекетке не себепті инвестициялауға болмайтынын көрсетеді. Тәуекел инвестициялық нарықтағы ойын шарттарын жинақтайды. Инвестициялық потенциалдан айырмашылығы бұл шарттардың көбі кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. ...

 

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат

 

 

... Қазақстан әлемде цинктің, вольфрам мен борриттің барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын, уран мен хромит бойынша екінші, жез бен флюоритамнан үшінші, молибденнен төртінші және алтыннан алтыншы  орында.

 

Үшінші – бұл тиімді географиялық орналасуы. Қазақстан Еуразиялық континеттің жүрегінде орналасқан, республика территориясынан Азия-Тынық мұхиттық аймақтарды Таяу және Орта Шығыспен, Еуропамен қосатын негізгі трансконтинентальдық маршруттар өтеді. БРИК төрттігіне кіретін үш ел: Ресей, Қытай және Индия Қазақстанға жақын орналасқан. Тұтыну нарығының көлемі 170 млн. адам болатын Кеден одағын құру инвесторлар алдында республика территориясында инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.

 

Қазіргі күні Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыруға барлық қажетті құқықтық база жасалған. 2003 жылы инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін толық реттейтін “Инвестициялар туралы” Заң қабылданды.

 

Бұл заң халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша ауыспалы экономикалы елдер арасында инвестициялар саласындағы ең үздік заңдардың бірі болып табылады.

 

Маңызды айта кететін жағдай, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары отандық және шетел инвесторларына теңдей дәрежеде таратылады.

 

Республикада интеллектуалдық меншікті қорғау үшін барлық қажетті заңнамалық база қалыптастырылған. Заңды түрде интеллектуалдық меншік құқығын қорғау бойынша институт бекітілген. ...