Реферат: Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялардың формалары мен инвестициялық климат


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
17

ЖОСПАР

 

 

 

 

1. Мемлекет экономикасындағы шетел инвестициялардың ролі 3

2. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялардың формалары мен инвестициялық климат. 8

3.  Инвестициялаудың перспективалары.. 13

Қорытынды.. 16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17

 

 

2. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялардың формалары мен инвестициялық климат

 

 

... Инвесторлар үшін Қазақстанның қуатты минералды-шикізаттық базасы және ауыр өнеркәсіп саласы өте тартымды болып табылады. Өзінің астаналық статусын жоғалтуына қарамастан, Алматы инвестициялық потенциал бойынша лидер болып қала береді. Өйткені қала қуатты еңбек, тұтынушылық және инфраструктуралық мүмкіншілік иемдейді. Бірақ Алматының қаржылық көрсеткіштері - ірі компаниялардың орталық офистері Алматыда орналасқандықтан жоғары болып келеді. Нақты инвестициялар болса, өндіріс орналасқан аймақтарға салынады және мұндай «виртуалды» немесе «офистік» инвестициялар қазіргі кезде бірте-бірте Қазақстанның жаңа орталығы Астанаға бет бұрды. Астана маңызды инновациялық потенциал иемдеп, халқының табысы жоғары болғандықтан, тұтынушылық мүмкіншіліктері де өсе бастады.

 

Келесі топты ресурс жағынан қамтамасыз етілген және өндірістік дамуы жоғары Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстары құрайды. Өйткені Қарағанды облысы – еліміздің көмір және металлургиялық базасы, ал Шығыс қазақстан – түсті металлургия базасы болып табылады.

 

Көмір мен электр энергия өндіру, глинозем, ферросплав пен тракторлар шығару бойынша монополистік орынды иемдейтін Павлодар, еліміздің бокситтің 100%-ын, темір рудасының 83%-ын өндіретін Қостанай, мұнай өңдеу бойынша ең ірі қуаты бар Оңтүстік Қазақстан облыстары үшінші топты құрайды.

 

Келесі топқа тоқталатын болсақ, мұнда: жоғары инновациялық, инфраструктуралық және еңбек мүмкіншіліктерді иемдейтін Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары және шағын бизнестің интенсивті дамуымен ерекшеленетін Маңғыстау облысы, Қазақстанның бүкіл бариті өндірілетін Жамбыл облысы, барлы хромит рудасы өндірілетін Ақтөбе мен республикамыздың газдыцң жартысынан көбі өндірілетін Батыс Қазақстан облыстары кіреді. ...

 

 

 

3.  Инвестициялаудың перспективалары

 

 

... «Жалпы экономикалық жағдайға байланысты несиелік тәуекелдің халықаралық классификациясы» бойынша Қазақстан 38 балл жинады, бұл ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда жоғары болып табылады. Бірақ еліміздің жалпы экономикалық жағдайы орташадан төмен, ал несиелік тәуекел деңгейі жоғары болып саналады. Әлемнің көптеген елдерінде инновациялық және инвестициялық климат сияқты ұғымдар қалыптасып, ол өзінің күрделілігі мен кешенділігімен ерекшеленеді. Макроэкономикалық деңгейде бұл ұғым саяси, экономикалық және әлеуметтік факторларды құрайды.

 

Инновациялық қызметтер нәтижесінде Қазақстан әлемдік нарықта өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету, экономикалық өсім, құрылымдық қайта құрылу сияқты бірқатар өзекті мәселелерін шеше алады. Ал инновациялық қызмет инвестициялардың тартуын қажет етеді. Инвестициялар ағымы ғылыми-техникалық, өндірістік, басқару мен қаржы ұйымдарын біріктіретін мемлекеттік реттеу жүйесін құру қажеттігін анықтайды. Мұнда келесі мәслелер талқылану тиіс:

 

-  мемлекеттің реттеуші ролі тиімді болатын инвестициялар мен инновациялардың бағытын анықтау;

 

-  инновациялық қызметтің дамуы үшін институционалды-құқықтық және экономикалық ортаны құру;

 

-  ғылыми-техникалық инфраструктураның дамуы;

 

-  нарықтық экономиканың заңдарына сәйкес инновациялық қызметті қаржыландырудың механизмін жасау;

 

-  аудандық пен салалық деңгейлерде технологиялар трансфертасының халықаралық және мемлекет ішіндегі инфраструктураны құру;

 

-  Қазақстан жағдайларына жауап беретін инновациялық қызметтің формаларын ұйымдастыру;

 

-  Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің жанама әдістерін пайдалану.

 

Инновациялық және инвестициялық қызметті реттеу жүйесі бақылау объектісіне тікелей әсер ету мен негізін салықтық жеңілдіктер жасайтын жанама әдістер құрайды. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

1. Вестник КазГУ. Серия экономическая. Алматы, 1998, № 9.

2. Методическое пособие по разъяснению основных положений Стратегии развития Казахстана до 2030 года. Алматы:, 1991.

3. Назарбаев Н. А. Казахстан - 2030. Алматы: 1997.

4. Хасбулатов Р.И. Мировая экономика. М.: ИНСАН, 1994. ...