Жоспар
1. Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі. 3
1.1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және маңызы. 3
1.2 Кәсіпкерлік түрлері мен формалары. 5
1.3. Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлары. 7
II.Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметін талдау. 9
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті талдау. 9
2.2.РФ кәсіпкерлік қызметінің дамуын талдау. 12
2.3. Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті талдау. 15
2.3.1 АҚШ еліндегі кәсіпкерлікті талдау. 15
2.3.2 Жапония еліндегі кісіпкерлікті талдау. 18
2.4.Европа елдеріндегі кәсіпкерлік. 21
2.4.1. Гермения еліндегі кәсіпкерлік. 21
2.4.2. Болгария еліндегі кәсіпкерлік. 24
III.Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметін жетілдіру жолдары. 28
1. Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі.
1.3. Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлары.
... Бұның бәрімен көптеген әртүрлі нарықтық инфроқұрылымды құрайтын ұйымдар айналысады, бұлардың көмегімен кәсіпкер өзінің іскерлік қарым-қатынастарын және коммерциялық операцияларын жүзеге асыра алады. Бұл ең алдымен банктер-қаржылық қызмет көрсету: жабдықтаушылар-шикізатпен, материалдармен, жартылай дайын өнімдермен, отынмен, энергиямен және т.б. қамтамасыз ету; бөлшек және көтерме саудагерлер – тұтынушыларға тауарды жеткізу бойынша қызмет көрсетулер; маманданған фирмалар мен мекемелер – бұхгалтерлік, делдалдық заңдық, профессионалдық қызмет көрсетулер; жұмысқа орналастыру агенттігі – жұмыс күшін таңдауда көмек көрсету керек, оқу орындары – жұмыскерлерді және қызметкерлерді оқыту; басқа да агенттер – жарнамалық, транспорттық, сақтандыру және т.б. қызметтерді іске асырады.
Кәсіпкерлік құрылуының әлеуметтік жағдайлары экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл ең алдымен сатып алушының белгілі бір талғамына сай келетін тауарларды иемденуге деген ынта. Бұл қажеттіліктер әртүрлі этапта өзгеріп отыруы мүмкін. Єлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді әдет-ғұрыптың және діни нормалар маңызды рөл атқарады. Бұл нормалар тұтынушының өмір сүру жағдайына және тауарға деген сұранысына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік қызметінен қанағат алуы керек. Ол өз қызметкерлерінің еңбегіндегі әлеуметтік сұрақтарды шешуге қатысады: олардың денсаулығын және жұмыс орнын сақтау т.б.
Кәсіпкерліктің қалыптасуында дайындық, қайта дайындау және кадрлардың квалификациясын көтеру маңызды рөл атқарады: кәсіпкерлік қызметті қазіргі уақыттағы әдіспен оқытуды ұйымдастыру, кадрларды оқыту және қайта оқыту, дамыған елдерден олардың сынақтан өтуі, кеңес беретін орталықтар құру, кәсіпкерлерді оқыту үшін оқытушылар кадрларын дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру және т.б.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес келетін құқықтық орта шегінде қызмет етеді. Сондықтан керекті құқықтық жағдайларды құру маңызды орын алады.бұл ең біріншіден, кәсіпкерлік қызметті реттеуші заңдардың бар болуы, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу, яғни кәсіпорынның ашылуын және тіркелу процедураларын жеңілдету, жеңілдету, мемлекеттік бюрократизмнен кәсіпкерлерді қорғау, өндірістік кәсіпкерлік қызметті мативациялау бағытында салықтық заң шығаруды жетілдіру, шет елдермен бірігіп, отандық кәсіпкерлікті дамыту. ...
II.Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметін талдау.
2.3.2 Жапония еліндегі кісіпкерлікті талдау.
... Сапалы жаңа өнімді өндіру мен дайындауға жақсы бейімделген, бірақ бар технологияның жаңаруының арқасында емес, жаңаларды құрудың арқасында. Жоғарғы инновациялық потенциал кезінде бірнеше нарықтық стратегия типтерін бөліп көрсетуге болады, бұл жағдайда олардың таңдауы кәсіпорынның қаржылық ресурстар көлеміне, ақпараттарды жинау мен өңдеу мүмкіншіліктеріне, маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыруға байланысты.
Қорытылай келсек, БҰҰ көрсеткіштері бойынша әлем халқының жартысы шағын бизнеспен айналысады. Єрине, олардың басым бөлігі дамыған мемлекеттерде. Біздің олардан үйренуіміз көп. Мұнда біршама рөлді шағын бизнесті нығайту мен қалытасу позициясы ісінде мемлекет атқарады. 2002 жылдың күзінде АҚШ пен Қазақстан арасында жасалған бизнестің даму облысындағы бірлестік туралы Хъюстондық келісімге сәйкес АҚШ үкіметі алғашқы 10 жылда біздің еліміздің әртүрлі экономикалық жобаларына 200 дол. дейін инвестициялауды жоспарлайды.
Олардың орындалуын шағын бизнес өз мойнына алады. Инвестициялаудың басты міндеті – біздің елімізді Азия, Европа елдерінде бәсекеге қабілетті қылу.
Әрбір дамыған және дамушы елдерде кәсіпкерліктің маңызы зор екенін көреміз. Нақты айтсақ АҚШ, Германия, Болгария, Жапония, Қытай т.б. елдердің тоқырау жылдарынан қиналмай шығып, дүниежүзілік нарықтағы жетекші елдердің қатарына қосылуына кәсіпкерлік өз үлесін тигізген. Соның ішінде орта және шағын кәсіпкерлік елдің алға басуында ерекше орын алды. ...
III.Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметін жетілдіру жолдары.
... Жоғарғы айтып кеткеннің бәрі батыс тәжірибесіне қатысты, яғни қазақстандық кәсіпкерлік бұл тәжірибелрден өз үлесін алуда. Сонымен қатар еліміздің кәсіпкерлігі Шығыс мемлекеттеріне, соның ішінде Ислам қаржылық үлгісіне сүйенеді. Ислам қаржысының батыс қаржылық жүйесінен айырмашылығы және ерекшелігі, ол – пайыздық сауданың жоқтығы. Ислам этикасының нормасына сәйкес, сол байлық дұрыс, егер меншік иесінің кәсіпкерлік қызметіндегі қайнар көзі, өзінің еңбегі болса. Қазіргі таңда тек қана үш мемлекет – Пакистан, Иран Суданның – банктік жүйесі шариаттың қағидалары бойынша қызмет жасайды. Халықаралық ислам банктер ассоциациясының көрсеткіші бойынша,қазір 35 мемлекетте осындай 200 несиелік ұйымдық қызмет істейді. Олардың шариат негізінде басқарылатын жалпы активтер сомасы 100-ден 160 млрд. доллар құрайды. Көптеген мамандардың ойынша ислам банкілерінің тәжірибесінен батыстық қаржы жүйесі өзі үшін маңызды тәжірибе алуы мүмкін. Бұл Қазақстан ішінде маңызды болуы мүмкін. Үлкен бизнестің әлеуметтік – экономикалық жауапкершіліктің жоғарлылығы, өз елінің болашағына қосқан үлесіне қанағаттану – нақты этикалық бизнес болып табылады. ...