Курсовая работа: Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қаржы, Финансы, Қаржы
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
28

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ. 3

1. КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5

1.1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың. 5

қалыптасу көздері 5

1.2. Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі 8

Капитал түрлері 9

1.3. Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың. 10

нарықтық экономикадағы маңызы.. 10

2.    КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚҰНЫН БАҒАЛАУ   13

2.1. Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау. 13

2.2. Капитал көздерінің құнын бағалау. 15

2.3. Қапиталдың жалпы құнын бағалау. 18

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТЫСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ.. 22

3.1. Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың қалыптасу ерекшеліктері 22

3.2. Кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптастыруды жетілдіру жолдары   24

ҚОРЫТЫНДЫ.. 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

 

 

1. КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.3. Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың

 

нарықтық экономикадағы маңызы

 

... Капитал құнын анықтау қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі.

 

Біріншіден, бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді перспективасы тұрғысынан сипаттайды. Мәселен, меншікті капиталдың құны потенциалды инвесторлар үшін инвестициялар салудың тартымдылығын көрсетеді; қарыз қаражаттардың құны кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелер тартку мүмкіндіктерін анықтап береді.

 

Екіншіден, капиталдың жалпы (орташа салмақталған) құны капитал салымдарының бюджетін әзірлеу барысында шешуші көрсеткіштердің бірі болып табылады.

 

Үшіншіден, капитал құны қаржылық инвестициялардың тиімділін қалыптастыруда базалық көрсеткіш ретінде қарастырылады. Инвестициялардың тиімділік өлшемін кәсіпорын өзі белгілейтіндіктен, жекелеген қаржы құралдарының табыстылығын бағалау барысында салыстыру базасы ретінде капитал құнының көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш қаржылық инвестициялардың нақты табыстылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар осы инвестициялардың нақты бағыттары мен түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Төртіншіден, кәсіпорын капиталының құны қаржылық леверидж механизмін қолдану арқылы капитал құрылымын басқару барысында қолданылады. Қаржылық леверидждің деңгейі қарызға тартылған қаражаттардың көлемі мен олардың құнынан тәуелді. Қаржылық леверидж кәсіпорынның қаржылық тәуекелін арттырады, сәйкесінше акциялар бойынша табыстың артуына алып келеді. Сол себепті, акционерлердің игілік жағдайын барынша арттыруды мақсат ете отырып, осы мақсатқа қол жеткізетін капитал құрылымын қалыптастыру керек. Сәйкесінше, капитал құрылымын кәсіпорын құнына әсер етуі тұрғысынан қарастыру қажет. Оңтайлы капитал құрылымы оның құны барынша төмен болған жағдайда қалыптасады.

 

Кәсіпкерлік қызмет тұрақты болған сайын, өндіріс барысы кеңейген және контрагенттермен байланыс артқан сайын, нақты бір кәсіпорын және оның бизнесі үшін оңтайлы капитал құрылымы, яғни меншікті және қарыз қаражаттардың оңтайлы қатынасы қалыптасады. Осы оңтайлы құрылымды қолап тұруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасын сипаттайтын көрсеткіш кәсіпорын капиталының құнын көрсетеді және қаржы теориясы мен тәжірибесінде «капиталдың орташа салмақталған құны» деген атаумен белгілі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өз қызметіне салынған қаражаттардың қайтарымдылығын, олардың рентабельділігін анықтайды.

 

Тұрақты қызмет етіп тұрған және өзінің қызметін қаржыландырудың қалыптасқан жүйесі бар кәсіпорындарда капиталдың орташа салмақталған құны қосымша қаражаттар тарту нәтижесінде біршама уақыт бойында өзгеріссіз қалып отырады, алайда белгілі бір шегіне жеткенде оның мөлшері арта бастайды. ...

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТЫСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

 

 

 

3.1. Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың

 

қалыптасу ерекшеліктері

 

 

... Қарыз капиталдың келесі элементі – корпоративтік облигациялар. Корпоративтік облигациялардың басты артықшылығы – бұл қаржыландыру құралының икемділігі және алуан түрлілігі (мерзімдеріне, шарттарына қарай).

 

Қазіргі таңдағы корпоративтік облигациялар нарығының негізігі тенденциялары келесідей:

 

-         эмитенттер санының артуы (2000-2001 жылдары эмитенттердің саны болса 36 болса, 2002 жылы – 46, ал 2003 жылы – 68 жетіп жығылған);

 

-         облигациялар бойынша табыстылықтың төмендеуі (2000 жылы облигациялардың табыстылығы 10,45% құраған болса, 2001 жылы – 10,14% 2002 жылы – 9,68%, 2003 жылы – 8,98%);

 

-         облигациялардың айналым мерзімінің ұзаруы (2000 жылы облигациялардың мерзімі орташа шамамен  6 жыл болса, 2003 жылы олардың мерзімі 8 жылға жеткен);

 

-         қор нарығындағы акциялар айналымымен салыстырғанда облигациялар айналымының басымдылығы (акциялармен салыстырғанда облигациялар айналымының үлесі 2000 жылы – 41,9% болса, 2001 жылы – 67,4%, 2002 жылы – 64,9%, 2003 жылы – 69,0% құраған).

 

Кәсіпорындардық капиталын қалыптастыру құралы ретінде вексельдердің маңызы үлкен. Меншікті капитал кәсіпорынды қажетті деңгейде қаржыландыруға жеткіліксіз, ал ұйымдастырылған вексельдер нарығы кәсіпорындарға «нақты ақша қаражаттарын» тартудың маңызды механизмі болып табылады. Вексельдердің кәсіпорындар үшін артықшылығы – олар банктік несиелермен салыстырғанда арзан болып келеді, сонымен қатар олар есеп айырысудың әмбебап құралы және айналым активтерінің көлемі мен айналымдылығын арттыруға мүмкіндіктер береді.

 

Отандық кәсіпорындар вексельдерді 1997 жылдан, яғни Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексельдер айналымы туралы» Заң қабылданғаннан бастап қолдана бастады. Алайда, вексельдер нарығының даму тенденциялары бүгінде байқалмайды. Мәселен, 2002 жылы Қазақстан қор биржасында вексельдердің 8 эмитенті тіркелген болса, 2003 жылы олардың саны 7 дейін төмендеп кеткен, ал солардың ішінде вексельдер бойынша нақты есеп айырысатын тек «Алматы-Құс» АҚ ғана. 

 

1

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2001, №12

2. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»,      Алматы – 2001

3. Жуйриков К.К., «Роль и значение финансового капитала в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2004, №9 ...