МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1.КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі 5
1.2.Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар. 7
1.3 Негізігі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері 17
2.“СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ 21
2.1. “СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы.. 21
2.2 “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау. 24
3.КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ.. 29
3.1.Өндіріске жаңа негізгі құрал енгізу қажеттілігі 29
3.2.Өндіріс процесін автоматтандыру. 31
ҚОРЫТЫНДЫ.. 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37
2.“СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
2.2 “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау
... Негізгі қорлардың рентабельділігі-бұл негізгі қорларды пайдалану интенсивтілігінің қатысты көрсеткіші. Ол таза табыс сомасының негізгі өндірістік құралдардың орташа жылдық құнына қатынасымен есептеледі. Негізгі қорладың рентабельділігі көрсеткіші 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 10 тиынға немесе 33,3%-ға азайған. Мұның себебі таза табыстың азаюы. Ал таза табыстың азаю себебі кезең шығындарының көбеюі.
Жеке көрсеткіштер-әдетте, натуралды, негізгі өндірістік құралдарды экстенсивті және интенсивті пайдалану көрсеткіштеріне бөлінеді.
Негізгі құралдарды пайдалну экстенсивті көрсеткіштері негізгі құралдарды уақытта пайдалануды көрсетеді. Негізгі көрсеткіштеріне мынадар жатады: құралдың жұмысының ауысу коэффициенті, ауысымішілік тұрып қалулар көрсеткіші.
Құрал жұмысының ауысуы коэффициенті тәулік ішіндегі машина-ауысымдары санының машиналардың жалпы санына қатынасымен анықталады:
КҚЖА=МА/ЖМС
Яғни КҚЖА-құрал жұмысының ауысу саны;
МА-тәулік бойы нақты жұмыс істеген машина ауысымдар саны;
ЖМС-жалпы машиналар саны.
Станоктар паркінің анықталған құрамында ауысымдық коэффициентінің өсуі өнім өндірісі көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрал жұмысы ауысымының коэффициентін өсіру-бұл өнім өндірісі көлемін ұлғайтудың және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың маңызды көзі.
Құралдардың ауысымішілік тұрып қалу көрсеткіші құралдың ауысымдылығы көрсеткішін толықтырады. Ауысымішілік тұрып қалудың негізгі себептері-өндіріс ұйымдастырылуының төмен деңгейі, жұмыс орындарының құрал саймандармен, материалдармен, бөлшектермен қамтамасыз етілмеуі, құралдың ақаулығы және жоспардан тыс жөндеулер, жұмысшылардың жеткіліксіздігі. Ауысымішілік тұрып қалуларды азайту үшін құралдардың жұмыс істеуін бақылауды күшейту оны жөндеу қызметін жетілдіру, еңбек тәртібін жақсарту, тағы басқаларды жүзеге асыру қажет. ...
3.КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1.Өндіріске жаңа негізгі құрал енгізу қажеттілігі
... Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін жетілдіру өте маңызды мәселе. Ресейде басты проблемалардың бірі осы негізгі құралдардың тиімділігін арттыру жолдарын табу. Кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістегі орны , оның қаржылық жағдайы, бәсекеге қабілеттілігі негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуына тікелей байланысты болып келеді.
Негізгі құралдардың өндірістегі нақты рөлін анықтау арқылы, оны пайдалану тиімділігін арттыруды, шығындарды төмендетуді және өндірісті жоғарылату жолдарын іздестіруге болады.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты (IAS) негізгі құралдарды материалдық активтер ретінде анықтайды, олар:
- тауарларды сатуға немесе өндіруге, қызмет көрсетуге, жалға беруге және әкімшілік мақсаттарға кәсіпорын арқылы қолданылады;
- бірнеше кезең бойы қолдану болжанады;
- одан басқа IAS негізгі құралдарды анықтаудың екі критериін бөліп көрсетеді:
- осындай активтер кәсіпорынға болашақта экономикалық табыс әкеледі деген болжам бар;
- кәсіпорын үшін актив құны дұрыс анықталуы мүмкін.
Бірінші критерий, болашақта экономикалық пайда әкелу мүмкіншілігі, ол сол негізгі құралдарды пайдаланудың арқасында түскен пайда болуы мүмкін.
Екінші критерий, негізгі құралдардың құнын тиімді анықтауды, негізгі құралдардың бағасы жазылған құжаттарды алуды білдіреді. Егер де негізгі құралдар шаруашылық тұрғыдан жүзеге асырылса: құжаттар, материалдардың пайдаланылуы, жұмысшы күшін жалдау және басқа да шығындар арқылы оның бағасын нақты анықтауға болады.
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін өсіру резервтері. Кез-келген кәсіпорын өзінің өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін жоғарылатуға тырысуы қажет екендігі айқын. Бұл өнім өндіру көлемін өсірудің кепілі болып табылады. Ал өнім көлемін өсіру табыстың табыстың өсуіне алып келеді, бұл, өз кезегінде рентабельділік деңгейін өсіреді. Сондықтан негізгі құралдарды пайдалну тиімділігін максималдау кез-келген ұйым үшін ең негізгі мәселе болуы қажет. Сонымен қатар, негізгі құралдарды тиімді пайдалану оларға деген қажеттілікті азайтады, бұл үнемдеуге, яғни шығындар минилизациясына әкеледі, ал шығындардың аз болуы, өз кезегінде, өндіріс үрдісіндегі рентабельділік деңгейін жоғарылатады, қолданыстағы негізгі құралдар физикалық тозады және моральды ескіреді. ...