Курсовая работа: Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
43

Жоспар

 

Кіріспе. 2

1.      ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ.. 4

1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны.. 4

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және. 10

инвестициялық қызметі 10

1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі 13

1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар. 15

2.  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ   20

2.1Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі 20

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау. 28

3.      ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 37

Қорытынды.. 41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 43

 

 

 

2.  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

 

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау 

 

 

 

... 2. Мемлекеттің мақұлдауы. Берілген факторды мемлекеттің экономикалық масштабтарының маңызды міндеттерін шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар үшін қарастыру қажет. Бұл жерде мақұлдау үшін уақыт факторы неғұрлым маңызды. Кейде жоба техникалық, қаржылық және экономикалық жағынан мінсіз болса да, жобаға ақшаларын қазір салуға дайын инвесторлардың болғанымен, мемлекеттік шешім 1–2 жылға тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайы ең қауіпті болып көрінеді. Нәтижесінде инвестор ақшасын басқа жобаға салады.

 

Тәуекелді талдау. Тәуекелді талдаудың мәні мынада: жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы, керекті мәліметтердің көп бөлігі қаржылық талдау үшін (шығындар элементтері, бағалар, өнімнің сатылу көлемі және т.с.с.) белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жаққа да, жаман жаққа (пайданың төмендеуі) да өзгеруі мүмкін. Тәуекелді талдау барлық өзгерістерді, қай жағына болса да, есепке алуды қажет етеді.

 

 Жобаны іске асыру процесінде келесі элементтер өзгеріске ұшырауға бейім: шикізат пен қосалқы бөлшектердің құны, капиталдық шығындардың құны, бағаның құны және т.с.с. Нәтижесінде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдың таралу мен ықтималдықтар түсінігн қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапозоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелділігі соншалықты жоғары.

 

Кейде тәуекелді талдау процесінде төмендегі нұсқау бойынша жүргізілуі мүмкін сценарийді талдаумен шектеледі:

 

1. Инвестициялық жобаның неғұрлым белгісіз параметрлерін таңдайды.

 

2. Әр параметрдің шектік мәні үшін жоба тиімділігіне талдау жүргізеді.

 

     3. Инвестициялық жобада үш сценарий ұсынылады: ...

 

 

 

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

 

 

 

...   Шынтуайтына келгенде, Қазақстанның Инвестициялық қорының құрылуы арқылы елімізде қазір үлкен бір жаңаша іс қолға алынып отыр. Өйткені акционерлік капитал арқылы инвестиция тарту мәдениеті, сол арқылы ірі жобаларды жүзеге асыру саясаты Қазақстанда дами қоймаған. Әрине, бұл бизнес жүргізудің бұрыннан қалыптасып қалған қағидаларының салдары. Бүгінде қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі түрлі себептерге сәйкес транспарентті болып табылмайды. Бір қуанарлық жәйт, бүгіндері инвестициялық жобаларды құрылымдау мен жүзеге асыру тетіктерін бірлесе талқылау барысында байқайтынымыз -бизнесті жүргізудің осы формасының тиімді де тартымды екендігін жоба бастамашылары толығымен түсіне бастады. Бұдан былай акционерлік капитал арқылы инвестиция тартудың қалыптаса бастаған мәдениетін орнықтыруды одан әрі жеделтету Қазақстанның Инвестициялық қорының басты міндеттерінің бірі болмақ. Ал ең бастысы, қазір біз акционерлік капиталмен қоса несиелер, экспорттық кепілдемелер, түрлі жеңілдіктер, облигациялар сияқты басқа да қаржылық құралдарды тарту арқылы құны 30 миллионнан 150 миллион АҚШ долларына дейін тұратын Қазақстан үшін аса қажет, ел экономикасына елеулі әсер ететін ірі жобаларды құрылымдаудың алгоритмін таптық. Енді сондай жобаларды жүзеге асырудың жаңа тәсілдемелері жасалуда, ал бұл тәсілдемелерді одан әрі технология ретінде, әдістеме ретінде пайдалануға болады. Жобалар бірінен соң бірі кезегімен немесе 3-4 жоба бір мезгілде құрылымдала береді, осылайша қазір елімізге аса қажет болып отырған ірі өндіріс орындары мен жаңа салалар құрыла бермек. Қор құрылғаннын бергі екі жылдың ішінде инвестициялық жобалар бойынша бастамашылардан келіп түскен үш жүзден аса ұсыныс қаралды. Оларды іріктеп, талдау, сондай-ақ инвестицияны жүзеге асыру үшін еліміздегі неғұрлым болашағы бар бағыттарды зерттеген өз ізденістеріміз Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру үшін көзделген негізгі басымдықтарды анық сезінуімізге негіз болды. Аталмыш құжат қабылданған уақытта құрылуға және дамытылуға тиісті кәсіпорындардың тізімін нақты көрсету міндеті тұрмағанымен, бұл құжаттың айрықша маңыздылығы да сол - ол адамдарды ойлануға, өз идеяларын іс жүзіне асырудың жолдарын, мүмкіндіктерін іздеуге итермеледі. Жалпы, инвестициялық жобалардың жемісті жүзеге асуы тұрғысынан алғанда, Қазақстанның Инвестициялық қоры жарғылық капиталына инвестиция салатын кәсіпорынның үлкен үлесі кәсіпорын акциясының бақылаушы пакетін ұстайтын әрі жобаның техникалық-технологиялық жағын іске асыратын тиісті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар стратегиялық инвестордың (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) қолында болғаны тиімді деп есептеледі. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

 

1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбеков Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003

2. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Издательство LEM», 2007

3. Дүйсенов К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001 ...