Дипломная работа: Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту негіздері Казгермұнай БК мысалында


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Менеджмент
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
76

Мазмұны

 

КІРІСПЕ. 3

1  ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ҰЙЫМДА ПЕРСОНАЛДЫ ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ 6

1.1  Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыс түсінігі және оның пайда болу себептері 6

1.2 Персоналды дағдарысқа қарсы басқару жүйесі 21

1.3 Персоналды басқарудың жүйелі және диагностикалық тәсілдері 25

2  «КАЗГЕРМҰНАЙ» БК МЫСАЛЫНДА ПЕРСОНАЛДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 34

2.1. «Казгермунай» БК қызметіне жалпы сипаттама. 34

2.2 «Казгермұнай» БК персоналды басқару жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру. 55

2.3 «Казгермұнай» БК персоналды басқару жүйесінің тиімділгін бағалау және оны болашақта дамыту жолдары. 63

ҚОРЫТЫНДЫ.. 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 74

 

 

1  ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ҰЙЫМДА ПЕРСОНАЛДЫ ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ

 

1.3 Персоналды басқарудың жүйелі және диагностикалық тәсілдері 

 

 

 

... Ұйымдық қамтамасыз ету персоналды басқарудың жұмыс істеуінің ұйымдық аспектілерін анықтайтын талаптар мен шарттар жиынтығы (персоналды іріктеу критерийлері, нақты қызметке талаптардың қалыптасуы).

 

Қаржылық қамтамасыз ету басқару жүйесін тұтастай және нақты элементтерін дамыту, пайдалану, қалыптастыруға кеткен шығындар кешені (біліктілікті көтеру, персоналды аттестациялау,жұмыстарына кеткен шығындар және т.б.).

 

Сонымен персоналды басқару жүйесі дегеніміз – бұл қызметтің негізгі бағыттары мен міндеттері, мақсаттарының кешені, сонымен бірге, жұмыс сапасы мен еңбек өнімділігіне, өндірістің тұрақты түрде тиімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған басқару механизмімен сәйкес келетін әдістер,формалар мен түрлер жиынтығы.

 

Персоналмен жұмыс жүйелілігінің қағидасы ұйымда персоналды басқару жүйелі болу керек екендігін білдіреді:

 

-қызметкерлердің жеке талаптарын ғана емес,барлық персонал құрамын қамту керек;

 

-тек бір мезеттік міндеттерді ғана емес, қызметкерлер жұмысы барысында туындайтын барлық мәселелерді, кәсіпорынға кірген күнінен бастап жұмыстағы соңғы күніне дейінгі уақытта шешу керек;

 

-персоналмен жұмыс барысында кенеттен қабылданған шешімдерді ғана емес, әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану.

 

Персоналды басқару ұйым қызметіндегі кадрлық қызметтің тұтас жүйесі ретінде оперативті және ұйымға қажетті білікті кадрлармен толық қанағаттандыру сияқты стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет.

 

Персоналды басқару саласында ...туындайтын мәселелерді шешу үшін оның негізгі себептерін, неден туындағанын білу керек, яғни, басқа сөзбен айтқанда «диагноз қою керек».

 

Кез келген объектіні зерттеуге диагностикалық тәсіл диагностикалық моделді құру керек екендігін айтады. Модель – бұл мамандарға мәселені тұтастай және оның маңыздылығын көруге мүмкіндік беретін ерекше құрылымдық сызбанұсқа болып табылады. ...

 

 

 

2  «КАЗГЕРМҰНАЙ» БК МЫСАЛЫНДА ПЕРСОНАЛДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1. «Казгермунай» БК қызметіне жалпы сипаттама 

 

 

 

... Таза табыс өндіріс қызметінің нәтижесін сипаттаушы  көрсеткіш және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы әртүрлілік сияқты көрсетіледі. 2003 жылы кәсіпорын шығынға батты. Бұл ең алдымен мұнай өндірісінің аз мөлшерімен және сатылғн өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен түсіндірілдеді. Кәсіпорын енді ғана бой көтеріп өз күшін алуда. 2004 жылы кәсіпорын 2501660,4 мың теңге көлемінде таза табыс тапты. Бұл өндірілген мұнай мөлшерінің өсуімен байланысты. 2005жылы бұл көрсеткіш 2004 жылға қатысты 948725,7 мың теңгеге 62,1% түсті, алайда өндірілген мұнай көлемі, өнімнің сатылуынан түскен пайда және жалпы 2004 жылдан жоғары. Бұл 2005 жылы кезең шығындары көбейіп, 1тонна мұнайдың бағасы 1709,1 теңгеге төмендеп 17953 теңгені құрауымен түсіндіріледі.

 

Бағаның төмендеуі мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы төмендеп,әрдайым мұнай өнімдеріне деген сұраныс үнемі ауытқып тұруымен байланысты.

 

Таза түсім өнеркәсіп жұмысының маңызды экономикалық көрсеткіші болғанымен ол оның тиімділігін сипаттамайды. Жұмыс тиімділігін анықтау үшін нәтижелерді шығындармен немесе осы нәтижелерді қамтамасыз еткен ресурстармен салыстыру керек. Өнеркәсіп жұмыс тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі оның пайдалылығы. Ол өнімнің өтуінен өз меншікті құнының түсіміне қатынасы ретінде анықталады. 2004 жылы өнім пайдалылығының деңгейін 22,4% құрайды, ол 2005 жылғы берілген көрсеткіштен 11,7% жоғары болғаны.

 

Өнім бірлігінің меншікті құнының көрсеткіші (мұнайдың 1тоннасынан) жылдан жылға ұдайы төмендейді. Сонымен, 2003 жылдан 2004 жылға дейін бұл көрсеткіш 6608,5 теңгеге төмендейді, 2004 жылдан 2005 жылға дейін 708,1 теңгеге, проценттік ара салмақпен 46,2 және 90,8% құрайды. Берілген көрсеткіштің төмендеуі өнімді өткізуден түскен түсімнің көбеюі есебінен болады. Осыдан өнеркәсіптің өндірістік процесі тұрақтандырылады және өнеркәсіп қажетті түсімді алуғу шығады.

 

Нарықтық қатынастар кезеңінде маңызды орынды негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері алады. Өндірістік қорлардың орташа жылдық құнын талдай отырып көргенііздей, 2003 жылдан 2004 жылға дейін 919080 мың теңгеге, яғни 8,7%-ға өсті, ал 2004 жылдан 2005 жылға дейін 788509 мың теңгеге немесе 6,9% өскен. Ол негізгі қорлардың көбеюімен және жаңа ұңғымаларды жұмысқа енгізумен байланысты. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық әлеуметтік және жедел саяси жаңару жолында \\\\  Алматы-2005.

2. Назарбаев Н.Ә.  “Қазақстан-2030” Елбасының Қазақстан халқына жолдауы. 1 қазан,  1997ж.

3. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы”.- Алматы: Жеті жарғы, 2000. ...